Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА.doc
Скачиваний:
352
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.42 Mб
Скачать

§ 35. Ғылымның дамуы

Кеңестік Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Қазақстанда Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын және оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 ж. желтоқсан айында Орынбордағы Кирревком қасынан Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Ресей ғылымдар академиясы жанынан Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды.

Кеңес өкіметі 1920 ж. ТӨКЗК қасынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспе­дициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климаты, аумағы, сондай-ақ, мәдениеті, тұрмысы, тілін кешенді ғылыми зерт­теуге тиіс болды. 1920 ж. алғашқы экспедиция Орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. 20-жылдардың басында Ресей географиялық қоғамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі және Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.

1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйым­дас­ты­рылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйым­дас­тырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақ­стандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдас­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.

30-жылдардың басында Қазақстандағы ғылым және ғылыми мекемелер 20-жылдың басына қарағанда қарыштап алға басқандығын көрсетті. Алайда 1932 ж. КСРО ҒА конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұранысы деңгейінен әлдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруға біріктіру үшін 1932 ж. наурыз айында КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.

КСРО ҒА Қазақстандық базасының төрағасы болып көрнекті шығыстанушы ғалым А.Н.Самойлович тағайындалды.

Алғашқыда база құрылымдық жағынан екі сектордан тұрды: зоологиялық және биологиялық. 1935 ж. геология және тарих секторлары қосылды. 1936 ж. база құрамына Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты кірді.

30-жылдары республикада бірқатар ғылыми мекемелер: Алматы (1932 ж.), Балқаш пен Лениногорск ботаника бағы (1935 ж.), Мал шаруашылығы институты (1933 ж.), Астық шаруашылығы институты (1934 ж.), Ана мен баланы қорғау ҒЗИ (1932 ж.), Көз аурулары ҒЗИ (1934 ж.) ашылды. Негізінен бұл аралықта Қазақстан ғылымы мен ғылыми мекемелері айтарлықтай дамыды, дегенмен, ғылыми-зерттеу ісін одан әрі кеңейту проблемалары сақталып қалды.

Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында ғалымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. Мысалы, 1934 ж. 10—15 қарашада КСРО ҒА Алматыда көшпелі сессиясын өткізді. Осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың шашырап жүрген аз санды ғалымдарының басын қосуға түрткі болды. Бұл әсіресе ғылыми дәстүрлері мен мектебі жоқ, мақсатты түрде терең зерттеу жүргізу базасы жоқ жерде ерекше маңызды.

Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймақтарын игеруді дамытуда ел ғалымдары мен практик мамандар бас қосқан мәжіліс өз әсерін тигізді. 1935 ж. қарашада және 1936 ж. наурызда Алматыда КСРО ҒА екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазғанды игеру проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, егіс және мал шаруашылығында ғылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. 1935 ж. Қазақстанда 4 ауылшаруашылық ҒЗИ Бүкілодақтық ғылыми институттардың 3 филиалы, 33 лаборатория, 73 тірек пункттері, 46 аймақтық және тәжірибе станциялары, 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұрды.

Қоғамдық ғылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет құжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге және насихаттауға баса мән берілді. 1931 ж. Қазақ маркстік-лениндік ҒЗИ құрылып, жоғарыда аталған еңбектерді қазақ тіліне аударып, насихаттады. Тұтастай алғанда бұл институт коммунистік партияның идеологиялық мәселелерімен айналысты.

1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих және археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық театр-хореографиялық секторлары болды. 1936 ж. осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базалары құрылды.

Ғылым академиясының Қазақ филиалы. 1938 ж. КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. Бір жылдан кейін ҒАҚФ құрамына тағы екі сектор: топырақтану және география қосылды, Қарағандыда төртінші ботаника бағы ашылды.

КСРО ҒА төралқасы КСРО ҒАҚФ төрағасы етіп белгілі геолог ғалым, академик А.Д.Архангельскийді тағайындады. Қысқа мерзімде КСРО ҒАҚФ және оның геологиялық секторы беделді ғылыми орталыққа айналды. Көптеген ғалым-геологтар мен инженер- практиктер зерттеулерінің басты нәтижесі — Қазақстанның ғылыми геологиялық картасын жасау болды. Оны жасау жұмысына Қ.И.Сәтбаев, А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, И.С.Яговкин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, В.П.Нехорошев, В.Н.Котульский, Н.Ф.Григорьев, А.Д.Архан­гельский, М.М.Пригоровский қатысты. 1941 ж. республика аумағының 77,4%-ы суретке түсірілді. Қазақстандағы геология ғылымы табыстарының өсуі, ғалымдар ұжымының қалып­тасуы ХХ ғ. 30-жылдарының соңына қарай геология ғылымының институтын ашу жөнінде мәселе қойды. 1941 ж. басында институт құрылды. 1941 ж. Ленин атындағы Бүкіл­одақ­тық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалы құрылды.

Ұлы Отан соғысының қарсаңында ҒАҚФ республикадағы ең ірі ғылыми мекеме саналды. Бұл кезде ҒАҚФ-тың 100-ге жуық ғылыми қызметкерлері болды. Олардың 14-і ғылым кандидаты болса, тек үшеуі ғана ғылым докторы ғылыми дәрежесін иеленді.

Филиалдың негізгі қызметі соғыс жылдарына тура келді. Соғыс уақыты жағдайы республикадағы ғылыми жұмыстарға айтарлықтай өзгертулер енгізуді талап етті.

ҒАҚФ минералдық ресурстарды зерттеу, металды балқыту технологиясын өңдеу, отқа төзімді құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібін дамыту проблемалары, суармалы жер шаруашылығы және сумен қамтамасыз ету, энергетика, т.б. проблемалармен айналысты.

1942 ж. филиал құрамында үш: Астрономия және физика, Тарих, тіл және әдебиет, Химия-металлургиялық институт ашылды. 1943 ж. топырақтану және ботаника институты қосылды. Бұлардан басқа 7 сектор жұмыс істеді.

Соғыс жылдары жоғары маман кадрлар, ең алдымен ғылым докторларын даярлау міндеті шешімін тапты. Олар болмаса, республикада өз Ғылым академиясын ашу мәселесі сөз болмас еді. Республикада Ғылым академиясын ашу үшін ғылымның маңызды салалары бойынша бірқатар жаңа институттар қажет болды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 1944 ж. 18 тамыз күні Компартияның ОК мен Қазақстан ХКК “Ғылым академиясын ұйымдастырудың дайындық шаралары туралы” қаулы қабылдады.

Қазақстанның ғылым академиясын ашуға арналған салтанат­ты жиналыс 1946 ж. 1 маусым күні Абай атындағы опера және балет театры ғимаратында болып өтті. “Қазақстанда ғылым дамуының жағдайы мен негізгі міндеттері” деген тақырыпқа баяндаманы ҚазКСР ҒА тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев жасады.

ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР

Қазақстанды зерттеу қоғамының жарғысынан

3 ақпан 1923 ж.

А. Қоғамның міндеттері: