Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

С кибернетика;

D. телекоммуникациялық технология;

Е. жаңа ақпараттық технологиялар.

  1. Информатикадағы ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі:

A. 1 бит;

B. 1 байт;

С. 1 бод;

D. 1 бар;

Е. 1 пункт.

  1. Байт дегеніміз -

A. 1 немесе 0 арқылы өрнектелетін ақпарат бірліктерінің саны;

B. жедел жадындағы әріптің кодын өзгерту тәсілі;

C. сегіз биттен тұратын тізбек;

D. төрт он алтылық цифрдың комбинациясы;

Е. сегіз он алтылық цифрдың комбинациясы.

  1. Информация мөлшерін өлшеуге қолданылмайтын бірлікті көрсетіңіз...

A. мегагерц;

B. килобайт;

C. мегабайт;

D. байт;

Е. бит.

  1. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз:

A. ЭЕМ-ді қолдана отырып, санау, мәлімет теру, сурет сала білу;

B. ЭЕМ-ді қолданып ақпараттар іздеу;

C. ЭЕМ-ді қолданып, оқу, жазу, санау және сурет салу, сондай-ақ ақпарат­тарды іздеу әрекеттерін орындай білу;

D. ғылыми жұмыстарда ЭЕМ-ді қолдана білу;

E. ЭЕМ-ді қолданып есептеу жұмыстарын жүргізе білу.

  1. Мәліметтер (данные) дегеніміз:

A. объектілерді, құбылыстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер, олар әлі өңделмеген, тек жинақталған белгілер немесе жазып алынып сақталатын, жиналған сипаттамалар;

B. белгілі бір пәндік салада анықталған заңдылықтар;

C. мекеменің шаруашылық қызметін ұйымдастыруға керекті мәліметтер жиыны.

D. ауқымды және жергілікті жүйелердегі ақпараттар ағыны;

E. информацияның өзгеріссіз қалуға тиісті архивке жіберілген бөлігі.

7. Ақпарат шығу көзіне байланысты келесі топтарға жіктеледі:

A. кірістік, шығыстық, ішкі, сыртқы;

B. мәтіндік (текстік), графикалық;

C. есепке алынатын және статистикалық;

D. қарапйым және күрделі;

E. алгоритмдік және программалық.

8. Информатика мынадай ғылым саласына жатады:

A. гуманитарлық ғылым саласы;

B. қолданбалы ғылым саласы;

C. қоғамдық ғылым саласы;

D. ақпараттық ғылым саласы;

E. анықтамалық ғылым саласы.

  1. "Информация" термині…

    1. латынның  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    2. гректің  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    3. француздың  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    4. ағылшынның  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

    5. италияндықтардың  "informatio" сөзінен шыққан,  мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

  1. Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін коды қолданылады

  1. ASCII

  2. ISO 8859-5

  3. СР866

  4. #32

  5. КОИ 65

  1. -Тақырып. Сан жүйелері

2.1-тақырып. Сандарды аудару әдістері.

Кез келген типті және кластағы ЭЕМ-де ақпаратты бейнелеу

сұрақтарының екі негізгі аспектісі бар: қолданылатын базалық санау жүйесі

және сандық және алфавитті-цифрлық ақпаратты бейнелеу. Санау жүйесі деп қандайда бір цифр деп аталатын символдар алфавитінің көмегімен кез келген санды бейнелеу тәсілін айтады.

Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.

Позициялық санау жүйесінде қолданылдатын әртүрлі цифрлар саныР

санау жүйесінің атын анықтайды және «Р» санау жүйесінің негізі деп аталады. Негізі Р болатын позициялық санау жүйесінде кез-келген N санын Р негізінде

полином түрінде жазуға болады.

N=anpn+ an-1pn-1+…+ a1p1+ a0+ a-1p-1+ a-2p-2+…,

Мұндағы N берілген сан, аj коэффициенттер (санның цифры), Р санау

жүйесінің негізі (Р>1).

Санды цифрлардың тізбегі түрінде жазу келісілген:

N=an an-1… a1a0.a-1a-2…, Тізбектегі нүкте санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігіненбөліп тұрады. Егер санның бөлшек бөлігі жоқ болса, онда нүкте түсіп қалады.

ЭЕМ-де негізіондық емес позициялық санау жүйесі қолданылады: екілік, сегіздік,он алтылық. ЭЕМ-нің аппараттық негізін тек екі күйде бола алатын екі позициялық элемент құрайды; біреуі 0 арқылы ал екіншісі 1 арқылы белгіленеді. Сондықтан ЭЕМ-де негізінен қолданылатын санау жүйесі – екілік

санау жүйесі болады.

Екілік санау жүйесі.

Екілік жүйеде кез-келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады. Екілік жүйеде кез-келген санды N=bn bn-1…b1b0.b-1b-2…, деп жазуға болады, мұндағы bj не 0 не1-ді қабылдайды.

Сегіздік санау жүйесі.

Санды жазу үшін сегіз цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7. ЭЕМ-де ақпаратты қысқаша түрде жазу үшін осы сегіздік санау жүйесі көмекші құрал ретінде қолданылады. Сегіздік санау жүйесінде бір цифрды жазу үшін үш екілік разряд (триадо) қолданылады. (Кесте 1).

Оналтылықсанау жүйесі.

Санды бейнелеу үшін он алты цифр қолданылады. Бұл жүйенің алғашқы он цифры о-ден бастап 9-ға дейінгі цифрлармен, ал одан жоғарғы алты цифры

латынның әріптері арқылы жазылады. 10-A, 11-B, 12-C, 13-D, 14-E, 15-F. Он алтылық санау жүйесі ақпаратты қысқа түрде жазу үшін қолданылады. Бұл жүйеде бір цифрды бейнелеу үшін 4 екілік разряд (тетрада) қолданылады.

Екілік

(Негізі 2)

Сегіздік

(Негізі 8)

Ондық

(Негізі 10)

Он алтылық

(Негізі 16)

триады

тетрады

0

1

0

1

2

3

4

000

001

010

011

100

0

1

2

3

4

0

1

2

3

4

0000

0001

0010

0011

0100

5

6

7

101

110

111

5

6

7

8

9

5

6

7

8

9

A B

C D E F

0101

0110

0111

1000

1001

1010

1011

1100

1101

1110

1111

Кесте 1. Негізгі санау жүйелері.

Санды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне ауыстыру

Сандарды ондық жүйеге ауыстыру ауыстырылатын жүйе негізінің дәрежелік қатарын құру арқылы жүзеге асырылады. Сосын қосынды мәні есептеледі.

Мысал. 10101101.1012 «10» с.ж. ауыстыру.

10101101.1012 = 1*27+0*26+1*25+0*24+1*23+1*22+0*21+1*20+1*2-1+0*2-

2+1*2-3= 173.62510

Бүтін ондық сандарды ондық емес санау жүйелеріне ауыстыру берілген

ондық санды біртіндеп ауыстырылатын жүйе негізіне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қалдық ауыстырылатын жүйе негізінен кіші болғанда тоқтайды. Жаңа жүйеде сан бөлінді қалдықтарының соңынан бастап жазылады.

Мысал.

18110 «8» с.ж. ауыстыру.

Нәтиже: 18110=2658

Дұрыс ондық бөлшекті басқа жүйеге ауыстыру үшін бұл бөлшекті

ауыстырылатын жүйе негізіне біртіндеп көбейту қажат. Бұл жағдайда тек бөлшек бөліктері ғана көбейтіледі. Жаңа жүйеде бөлшек көбейтінділердің бірінші бүтін бөліктерінен бастап жазылады.

Мысал. 0.312510 «8» с.ж. ауыстыру.

Нәтиже: 0.312510 = 0.248

Мысал. 0.6510 "2" с.ж ауыстыру. Дәлдігі 6 орынға дейін.

Нәтиже: 0.6510 0.10(1001)2

Дұрыс емес ондық бөлшекті негізгі ондық емес жүйеге ауыстыру үшін

бүтін және бөлшек бөліктерін жеке ауыстырып алу қажет.

Мысал. 23.12510 «2» с.ж. ауыстыру.

1) бүтін бөлігін 2) Бөлшек бөлігін

ауыстырамыз: ауыстырамыз:

Сонымен: 2310 =101112; 0.12510=0.0012

Нәтиже: 23.12510 =10111.0012

Сегіздік және оналтылық санды екілік формаға ауыстыру үшін осы

санның әрбір цифрын сәйкес үш разрядты екілік санмен (триадамен) немесе төрт разрядты екілік санмен (тетрадамен) (1-кесте) ауыстыру жеткілікті, мұнда

жоғары және төменгі разрядтағы қажет емес нольдері алынып тасталады.

Мысал.

а) 305.48 «2» с.ж. ауыстыру.

б) 7B2.E16 "2" с.с.

Екіліктен сегіздік (оналтылық) жүйеге ауысу былай жүзеге асырылады: нүктеден солға және оңға қарай жылжи отырып екілік санды үштен (төрттен) топтарға бөледі, қажет болғанда сол жақ және оң жақ топтарды нольдермен толтырады. Сосын триаданың (тетраданы) сәйкес сегіздік (оналтылық) цифрмен алмастырады.

Мысал.

а) 1101111001.11012 "8" с.ж ауыстыру

б) 11111111011.1001112 "16" сж. аустыру

Сегіздік жүйеден оналтылыққа және керісінше көшу триада мен тетрадалар көмегімен екілік жүйеарқылы жүзеге асырылады.

Мысал. 175.248 "16" с.ж. ауыстыру

Нәтиже: 175.248 =7D.516

2.2-тақырып. Екілік арифметика.

Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану екілік қосынды, айырма

және көбейтінді кестелері арқылы беріледі.

Екілік қосынды

кестесі

Екілік айырма

кестесі

Екілік

көбейтінді кестесі

0+0=0

0+1=1

1+0=1

1+1=10

0-0=0

1-0=1

1-1=0

10-1=1

0*0=0

0*1=0

1*0=0

1*1=1

Кесте 2. Екілік арифметика кестесі

Екілік сандарды қосу кезінде әрбір разрядта қосылғыштардың цифрлары қосылады және бар болса, көрші төменгі разрядтан көшіру жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: 1+1 берілген разрядта0-ге тең және бірлігі

келесі разрядқа көшіріледі.

Мысал. Төмендегі екілік сандарды қосыңыз:

а) Х =1101, Y=101;

Х+ Y=10010

Нәтиже: 1101+101=10010.

б) Х =1101, Y=101, Z=111;

Нәтиже: 1101+101+111=11001.

Екілік сандардың айырмасын тапқанда берілген разрядта қажетболғанда жоғарғы разрядтан 1 қарызға алынады (занимается)

Бұл қарызға алынатын 1қарастырылып отырған разрядтың екі1-не тең.

Мысал. Х=10010 және Y=101 екілік сандарды берілген Х- Y

айырымын есептеңіз.

Нәтиже: 10010-101=1101.

Екілік сандарды көбейту ондық сандар үшін қолданылатын ережелер бойынша, екілік көбейтінді және қосынды кестелерінің көмегімен жүзеге

асырылады.

Мысал. 1001+101=?

Нәтиже: 1001*101=101101.

Екілік сандарды бөлу ондық сандар үшін қолданылатын ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бұл кезде екілік көбейтіндіжәне айырма кестелері

қолданылады.

Мысал. 1100.011:10.01=?

Нәтиже: 1100.011:10.01=101.1.

2.3-тақырып. Дискретизация ұғымы, белгіленген және жылжымалы үтірлі сандармен арифметикалық амалдарды орындау.

Бекітілген нүктелі форматта берілген сандарға амалдар қолдану кезінде олар әрбір сан(-1, +1) интервалында жататындай масштабталады. Бұл жағдайда ЭЕМ модулі бойынша бірден аспайтын сандармен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, амал нәтижесінде нәтиже 2^k-1, мұндаk-машинаға беруге алынып қойылған разрядтар саны, асып кетпейтіндей болғанын қадағалаған жөн. Мұндай қауіп қосу және бөлу амалдарын орындаған кезде туады. Сонымен қатар, азайту және көбейту амалдарын орындағанда да қауіп төнуі мүмкін. Мысалға, азайту кезінде айырма машинада берілгеннен аз болып шығуы мүмкін, сонда нәтиже жоғалып кетеді. Бірнеше рет көбейту кезінде де сондай жағдай болуы мүмкін. Нәтиженің берілген интервал шегінен асып кетуі мүмкіндігін әрқашан тексеріп отыру, сонымен қатар, мұндай жағдайларда әрқашан болып тұратын қайта масштабатаудан шығатын жуықтаулардың болуы әмбебап ЭЕМ-дерде бекітілген нүктелі сандарды беру қолданыс таппай қалды.

Жылжымалы нүктелі форматта ұсынылған сандарға арифметикалық амалдарды орындау кезінде оларды реттер мен мантиссаларға жеке-жеке орындау қажет. Сандарды алгебралық қосу кезінде алдымен қосындылар ретін теңестіріп алу қажет. Көбейту кезінде реттер қосылады, ал мантиссалар қайтадан көбейтіледі. Бөлу кезінде бөлінгіш ретінен бөлгіш ретінде алып тастайды, ал мантиссаларға қарапайым бөлу амалын орындайды. Амалдарды орындап болған соң нәтижені бірыңғайлауды жүргізу қажет, егер ол қажет болса, ал ол реттердің өзгеруіне алып келеді, себебі әрбір бір разрядқа солға жылжу реттің бір бірлікке азаюына сәйкес келеді, ал оңға қарай жылжу – оның бір бірлікке артуына сәйкес келеді. «Жылжымалы нүкте (үтір)» терминінің енуі санның кескінделуіндегі үтірдің орналасуын нақты анықтайтын екілікрет әрбір арифметикалық амал орындалғаннан кейін түзетіліп отырады, яғни сан кескініндегі нүкте (үтір) берілген шаманың өзгеруіне байланысты жылжып отырады. Ал бекітілген нүктелі сандар кескініндегі нүкте (үтір) қандай да бір орнында бекітіліпқойылған.

Жылжымалы нүкте түріндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану осы амалдарды бекітілген нүктелі сандарға қолданғаннан біраз күрделі. Бірақ жылжымалы нүкте масштабтау амалын автоматты түрде машинаның өзінде жүргізуге мүмкіндік береді және есептеу кезінде жуықтаулардың болуын болдырмайды.