Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

1. Excel іске қосылғаннан кейін экранда толтырылмаған ....

A. жұмыс кітабы шығады;

B. дәптер шығады;

C. кесте шығады;

D. парақ шығады;

E. сурет шығады.

2. Жұмыс кітабы дегеніміз – бұл:

A. кестелік құжат;

B. мәліметтерді өңдеу мен сақтауға арналған файл;

C. сурет салатын парақ;

D. негізгі терезе;

E. блокнот терезесі.

3. Әрбір жұмыс кітабы мыналардан тұрады:

A. бірнеше парақтан;

B. 256 бағанадан;

C. көптеген жолдардан (65536) ;

D. ұяшықтардан ;

E. формуладан.

4. Тіктөртбұрыш құрайтын ұяшықтар тобын былай деп атайды:

A. ұяшықтар төртбұрышы;

B. ұяшықтар диапазоны;

C. ұяшықтар интервалы;

D. жарлық;

E. кестелерден.

5. Бағаналар тақырыптары қалай белгіленеді?

A. араб цифрларымен;

B. латын әріптерімен ;

C. рим цифрларымен ;

D. 1 парақ (лист 1), 2 парақ (лист 2), т.с.с. ;

E. украин әріптерімен.

6. Парақтардың аттары мына маңайда орналасқан:

A. тақырып жолында;

B. қалып жолында;

C. терезенің төменгі жағында;

D. формулалар қатарында;

E. өріс бойында.

7. Жұмыс кітабындағы жолдар қалай белгіленеді?

A. рим цифрларымен ;

B. орыс әріптерімен;

C. латын әріптерімен ;

D. араб цифрларымен;

E. символдармен.

8. Курсорды бір ұяға оңға жылжыту үшін мына пернені басу керек:

A. Tab ;

B. ;

C. Esc;

D. Enter;

E. Home.

9. Курсорды бір ұяға төмен түсіру үшін мына пернені басу керек:

A. Tab ;

B. Enter;

C. ;

D. Esc ;

E. Пуск.

10. Курсорды парақтың соңына алып бару үшін бағыттауыш пернелерді қай пернемен бірге басу керек:

A. Alt ;

B. Ctrl ;

C. Home ;

D. Tab ;

E. Insert.

11-ТАҚЫРЫП. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру.

11.1 Деректер базасын басқару жүйелері. MS Access бағдарламасының интерфейсі.

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған

ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтерді ғанаемес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ,

реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.

МҚБЖ бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.

Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.

Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.

Реляционды мәліметтер қоры бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.

Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:

 Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;

 Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды

орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқабөлуге болады:

Реляционды алгебра тілдері;

Реляционды есептеулер тілдері.

Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.

Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай

құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.

Мәліметтер құрылымының үшіншітүрі желілік МҚБЖ.

Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына

әдiстерге сүйену арқылы жасалады:

1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;

2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;

3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау

(кесте, иерархиялық, желiлiк).

ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.

МҚБЖ мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты

МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір

компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушыМҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не

Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

Мәліметтерді анықтау (Data definition) сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар,

мәліметтерді тексеру форматы менкритерийін бере аласыз;

Мәліметтерді өңдеу мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;

Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз-жаңа мәліметтер базасын

құруға, оны мәліметтермен толтыруға, мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын түрініңөзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар

кешені қалыптасқан.

Қазіргі МҚБЖ-ін жобалау кезінде CASE-технологияның элементтері қолданылады:

Мәліметтер қорының көрінетін схемасы;

 әртүрлі өзгертулер кезінде мәліметтер қорының бүтіндігін автоматты түрде сақтау (мәліметтер қорындағы мәліметтерді қосу, жою және модификациялау);

 жобалау кезінде “шебер” қызметі қолданылады-кестелер шебері, форма шебері, есеп шебері және т.б.

 кең қолданылатын мәліметтер қорының, формалардың, есептердің және т.б құрылымының прототипі(шаблоны) құрылған.

Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер қоры болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген обьектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең

қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады, соған сәйкес мәліметтер қорының құрылымы өрістер менжазбалардан тұрады.

Өрістер мәліметтер қорының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін деанықтайды.

 Өріс атауы-кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады, мәліметтер қорына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды;

өріс типі-берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды,

 өріс өлшемі-берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды,

Енгізу қалқасы(маска ввода)-енгізудің түрін анықтайды;

 Қолтаңба(подпись)-берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды(егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);

Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән(значение по умолчанию)

ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән;

 Мәнге қойылатын шарт(условие на значение)- мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;

 Қате туралы хабар(сообщение об ошибке)-қате мәліметтерді енгізген кезде пайда болатын ескерту;

 Міндетті өріс(обьязательное поле)- мәліметтер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;

 Бос жолдар (пустые строки)-бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;

 Индекстелген өріс(индексированное поле)- егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылжамдатылады. Индекстелген өрістер үшін

жазбалардағы мәндердің қайталануынтексеруді ұйымдастыруға болады. Бұл өрістер қасиеті мәтіндік типті өріске қатысты.

Мәліметтер қорын жобалау

Мәліметтер қорымен жұмыс істеу режимі

Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі топқа бөлуге болады:

1. жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру.

2. қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорын толтырумен айналысады.

Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режимі бар: біріншісі мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, обьектілерін құру болса, екіншісі дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.

Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:

1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейкестілігі).

2. Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өз ара әсерінің мүмкіндігі;

кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.

3. Интерфейстің жақындығы.

4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.

5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

6. Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; мәліметтерді кездейсоқ және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда мәліметтерді тез және толыққалпына келтіру мүмкіндігі.

Мәліметтер схемасын даярлау.

Мәліметтер схемасын даярлау-оның негізгі обьектісі кестенің құрылымын дайындаудан басталады.

1. Өрістер тізімін құру.

2. Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің типтері анықталады.

3. Егер кестенің қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені екі бөлікке бөледі.

4. Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде мәліметтер қайталануы мүмкін емес өріс алынады.

5. Кестелер арасындағы байланысты көрсету.

Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері

МҚ жобалауда мәліметтерді ұйымдастыруды үш кезеңде: ақпаратты- логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық және физикалық модельдері сәйкес келеді.

Жобалаудың бүкіл процесін үш кезеңге бөлуге болады:

1-ші кезең

Мәліметтердің инфологиялық моделін жобалау

Пәндік саланы талдау: объектілер және олардың арасындағы

байланыстар

Пайдаланушының ақпараттық қажеттілігі (сұранысты талдау)

Қазіргі бар және болашақтағы қолданбалы программаларды

талдау

Ақпараттық құрылымды құру

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.

Мәліметтер базасының обьектілері

Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады және мәліметтер базасының құрылымын анықтайды. Ал басқа

обьектілер алдын-ала дайындалған кестелердің негізінде құрылады.

Кесте-мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған обьект болып табылады.

Сұраныс. Бұл обьекті мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныс бір немесе бірнеше дайын кестелердің негізінде құрылады. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың ерекшелігі-олар негізгі

кестелердегі мәліметтердің негізіндеуақытша қорытынды кесте құрады.

Қалыптар. Мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған.

 Беттер. Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTML кодында жазылатынөте айрықша обьект.

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы обьектілер осы МҚБЖ-

мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған.

Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын жеке компоненттерден тұрады. Бұл компоненттерге кестелер, пішімдер (формы), есеп беру (отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады. Microsoft Access-тің әрбір объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен: Конструктор көмегімен немесе Мастер көмегімен жасалады. Конструктор режімінде объект құрылымы жасалынады немесе өзгертіледі, ал Мастер режімінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып, қолданылады.

Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен бағандардың қиылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттан тұрады.

Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.

Мысалы, «Құны (Стоимость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон номері» өрісіндегі деректерді телефон номерлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.

Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.

1. Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі.

2. Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін. Соңғы жағдайда өрістің өлшемімен қатар санның ондық бөлігінің өлшемі беріледі.

3. Күн мен уақытты енгізу өрісі Күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе Жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады. Мұндай өрістің ұзындығы әрқашанда 1-ге тең.

4. Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай деректер сақталатыны атауынан-ақ белгілі. Ақшаның сомаларының көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге көрсетеді, рубль мен тиынды, фунт пен пенсты, доллар мен центті ажыратады.

5. Қазіргі кездегі деректер базаларында тек сандар мен әріптерді ғана емес, сонымен бірге суреттерді, сазды клиптер мен бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай объектілерге арналған өріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.

6. Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256 символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса, бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін сақтауға болады. MEMO өрісінің ерекшелігі – деректер өрісте емес басқа жерде сақталады, ал өрісте тек мәтіннің қайда орналасқанын көрсететін көрсеткіш (указатель) сақталады.

7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер деректер қорында мұндай өріс болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде, оған алдыңғы жазбадағы сол өрістің мәнінен бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі. Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.

Егер ақпарат қарапайым құрылымда сақталған болса, онда олармен арнайы деректер қорын басқару жүйесінің көмегінсіз жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Практика жүзінде бір-бірімен өзара байланысты көптеген кестелерден тұратын күрделі құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір-бірімен өзара байланысты кестелерден тұратын деректер қоры реляциялық деректер қоры деп те аталады.

Деректер қорын бір-бірімен өзара байланысты кестелерге бөлу ыңғайлы, кейде қажет. Мысалы, компакт-дисктер прокатымен айналысатын фирманың менеджері заказдардың санын көбейту мақсатында қолдағы бар дисктердің тізімін әрбір клиент көре алу үшін залға компьютер қоюды шешті. Егер деректер базасы бір ғана кестеден тұратын болса, онда кез келген келуші дисктер туралы ақпаратпен қатар фирманың басқа клиенттері жөніндегі ақпаратпен хабардар бола алады. Бұл тапсырыс берушілерге ұнамауы мүмкін. Мұндай менеджер жаңа клиенттерді жинай алмауымен қатар бұрынғы клиенттерін де жоғалтады.

Кестелер арасындағы байланыстар сенімді мықты болу үшін және бір кестедегі жазба арқылы басқа кестедегі жазбаны табу үшін кестеде қайталанбас дара (уникальные) өрісті қарастыру керек.

Кестелердің құрылымын жасауда бір өрісті (немесе өрістердің бір комбинациясын) кілттік өріс ретінде алуға болады. Кілттік өрістермен компьютер ерекше жұмыс жасайды. Компьютер олардың даралығын (уникальность) тексереді және мұндай өрістермен сұрыптауды (сорттауды) тез орындайды. Мұндай кілттік өрісті байланыстар жасау үшін қолдану тиімді. Кейде кілттік өрісті бастапқы кілт деп те атайды.

11.2-тақырып. MS Access бағдарламасында кесте құру.

11.3-тақырып. MS Access. Деректерді іздеу, фильтрлеу. Сұраныстар құру.

Есеп беру – бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструктор көмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

  1. Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.

  2. Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

  3. Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный)есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

  4. Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

  5. Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструкторсұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

  • Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама

(Выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту

(Обновление)

Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою

(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)

Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)

Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.