Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

12.1. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы тапсырмаларды шешуде кестелік процессорды қолдану Сілтемелер. Функциялар құру.

1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

  1. Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .

  2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.

  3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

7-сурет

  1. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

  • С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

  • Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45% түрінде жазамыз. Шартқа сәйкес:

  • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

  • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

  • ОК басылады;

7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

  1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;

  2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

8- сурет

  1. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :

  • В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0 жазылады;

  • Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;

  • Формулалар жолының сол жағындағы

    белгісіне шертіледі;

    1. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;

    2. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;

    3. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;

    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

  • ОК басылады;

  • Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

    12.2. Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.

    1.1- жаттығу. Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.

    1. Жұмыс кітабын Фин. Функции деген атпен сақтаңыз;

    2. Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;

    17-сурет

    2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;

    3. Болашақ соманы есептеу үшін :

    1- әдіс: формуланы пайдалану , яғни В6 ұяшыққа =B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;

    2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БС финанстық функциясын қолдану:

    • Курсорды В7 ұяшыққа қойып Вставка->Функция командасы орындалады, Финансовые категориясынан БС функциясы таңдалынады;

    • БС функциясының терезесінде келесі мәліметтер енгізіледі: Ставка: B3/2; Кпер: B4*2;ПС: -B5

    1.2 – жаттығу. Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар: жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?

    1. Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз /Задача1.2, 17-сурет/;

    2. Курсорды қажет ұяшыққа (Е6) орналастырыңыз;

    3. Функциюны шақырыңыз;

    4. Қажет параметрлерді енгізіп , орындауға жіберіңіз.

    2.1.- жаттығу.

    Фирмаға 12 жылдан кейін 500 000 тенге көлемінде қаржы қажет болады. Фирманың қазіргі уақытта депозитке қаржы салуға мүмкіндігі бар. Егер депозиттің жылдық проценттік ставкасы 12% болса, онда фирма 12 жылдан кейін 500 000 теңге алу үшін депозитке бастапқыда қанша сома қаржы салуы керек ? /Задача2.1, 17-сурет/

    2.2-жаттығу. 7 жылға, 8% ставкамен берілген, төлемақысы 27 000 болатын болса, бастапқы соманы анықтаңыз.

    3.1 –жаттығу. Егер жобаның бастапқы құны (ПС) = 12 000 тенге, болашақ құны (БС) = 65 000 , жылдық ставкасы (СТАВКА) 12% болса , периодтардың жалпы санын есептеу керек.

    3.2 - жаттығу. Сіз 90 000 теңгені 15% жылдық ставкамен ай сайын 15 000 теңгеден қайтарып отырамын деп қарызға аласыз. Осы қарызыңызды қанша уақытта (периодтың жалпы санын) қайтара алатыныңызды есептеп көріңіз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

    4.1 – жаттығу. Бастапқы құн 32 000 теңге, 5 жылдан кейін 120 000 теңгені құрайды есептеп, жылдық проценттік ставканы табыңыз.

    4.2-жаттығу. Бес жылға берілген 800 000 теңге займ, ай сайын 20 000 теңгеден қайтарылып отырса, займның қандай жылдық проценттік ставкамен берілгенін табыңыз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

    2.1- 4.2 жаттығулардың орындалу тәртібі 17-суретте көрсетілген, қажет формулаларды өзіңіз жазасыз.