Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

6.3 Антивирусты қорғау. Архиваторлар.

Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.

6 –тақырып бойынша тест сұрақтары

  1. Файл деген не?

А. программа;

B. дискідегі атауы бар орын;

C. мәліметтер жинағы;

D. шифрленген информация;

E. жарлық.

  1. Файл аты неден тұрады?

А. құжатттың алғашқы сөз тіркестерінен;

B. екі бөліктен: файл аты мен типі (кеңейтілуі);

C. 256 символдан аспайтын кез келген сөз тіркестерінен;

D. алфавиттегі бас әріптерден;

E. кез келген символдардан.

  1. Бума деген не?

А. бума – бұл файл;

B. бума – бұл программа;

C.бума – бұл дискідегі өзіндік аты бар орын, мұнда файлдар, бумалар, жарлықтар сақталады;

D. бума – бұл файла аты;

E. бума – бұл жарлық аты.

  1. Утилиттер – бұл…

A. редакторлар;

B. дұрыс жауабы жоқ;

C. компиляторлар; D. модульдер;

E. көмекші программалар.

  1. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға жіктеледі:

А. жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері;

B. басқарушы, ойын программалары;

C. қарапайым және көпдеңгейлі программалар;

D. операциялық жүйелер және BIOS программалары;

E. оқытуға арналған және интерактивті программалар.

  1. Жүйелік программалар…

А. орындалатын командаларды бір жүйеге келтіреді;

B. жиі кездесетін есептерді шығарады;

C. компьютердің барлық компоненттерінің жұмыстарын сәйкестендіреді;

D. тек ішкі құрылғылардың жұмысын басқарады;

E. жүйелік блокта орналасқан құрылғылардың жұмысын басқарады.