Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Лабораториялық жұмыс 8. Антивирустар және архиваторлар

1-жаттығу

  1. Мәлімет жинақтауыштарыңызды вирусқа тексеріңіздер.

  2. Жұмыс үстелінде … бума құрыңыз /көп нүкте орнына сәйкес бума атын кестедан аласыз, 1-тапсырма/.

  3. Құрылған бумаға архивтелетін ... кеңеймелі файлдарды орналастырыңыз /2-тапсырма/.

  4. … ZIP архивін құрыңыз./3- тапсырма/

  5. Архивтік буманы дискетаңызға көшіріңіз.

  6. Семинарлық жұмыс тақырыбын, дискілермен , бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз.

2-кесте

Нұсқа№

1 -тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

1

Текст

*.txt

Архив1

2

Документы

*.doc

Архив2

3

Рисунки

*.bmp

Архив3

4

Таблицы

*.xls

Архив4

5

Сайт

*.html

Архив5

9.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютерлік желілер

1-жаттығу

1. Интернет желісі «Хабар» телеарнасының мәліметтерімен танысу.

- Компьютерді желіге қосу;

- Internet Explorer программасын іске қосу;

- Программаның Адрес өрісіне телеарнаның Интернет желісіндегі адресін http://www.khabar.kz енгізу;

- Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтармен, ауа райы мәліметтерімен танысу;

- Теледидар бағдарламасының фильмдер анонсын қарап шығу және оны өз компьютеріне көшіру.

2. Рамблер ақпараттарды іздестіру жүйесімен жұмыс.

- Рамблер жүйесін (http://www.rambler.ru) іске қосу. Нәтижеде экранда жарнамалық мәліметтер мен түрлі салалардың тізімі пайда болады.

- Салалар тізімінен Компьютерлер (Компьютеры) бөлімін таңдау;

- Программалық қамтамасыздандыру (Программное обеспечение) және Программалау (Программирование) бөлімдерін қарап шығу,

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Кері қайту (Назад) батырмасы арқылы Рамблер жүйесінің бастапқы бетіне өту;

- Ғылым (Наука) бөлімін таңдау және сәйкес web-беттерді экранда парақтап қарап шығу;

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Компьютерге және ғылымға қатысты мәліметтерді Іздеу (Поиск) өрісі бойынша іздестіру.

3. Электрондық почтамен жұмыс.

- www.ukgu.kz сайтын Internet Explorer қосылғаннан кейін шыққан адрес қатарына теріп, <Enter> пернесін басыңыз;

- Сайт мәзіріндегі почта қызметін таңдап, тышқанның сол жақ түймесін шертіңіз;

- Егер www.ukgu.kz сайтында сіздің (мысалы, name@ukgu.kz) электронды почтаңыз бар болса, онда оны e-mail адрес: қатарына теріп, Пароль: қатарына пароліңізді енгізіп «Войти» түймесін шертіңіз. Егер жоқ болса, онда «Создать учетную запись» түймесін шертіңіз;

- Ашылған бетке қажетті мәліметтерді енгізіп, «Закончить» түймесін шертіңіз;

- Сізге электронды почта ашылып, жұмыс істеуіңізге мүмкіндік беретін жұмыс үстелі пайда болады.

4. Электрондық хатты құру және жіберу.

- Кірістірілгендер шартбелгісінде екі рет шертіңіз;

- Жаңа хабар батырмасын шертіңіз;

- Кімге мәтіндік өрісіне қажетті адресіңізді енгізіңіз;

- Тақырып өрісіне «хат» деп енгізіңіз;

- Төмендегідей хабарлама мәтінін енгізіңіз: «электрондық почтаның жұмысын тексеру»;

- Жөнелту батырмасын шертіңіз – шығатын хабар Шығарылғандар бумасына орналасады.

5. Файлдарды электрондық почтамен жіберу.

- Кірістірілгендер шартбелгісін екі рет шертіңіз;

- Іске қосу-Программалар-Стандарттар-Word мәтіндік редакторы командаларын таңдаңыз;

- «Файлдың жіберілуін тексеру» мәтінін енгізіңіз;

- Сақтау батырмасын шерту арқылы файлды сақтаңыз;

- Мәзір қатарында Файл-Жөнелту қатарын таңдаңыз. Сонда Жаңа хабар терезесі ашылады;

- Кімге өрісінде қажетті электрондық почтаның адресін енгізіңіз;

- Тақырып өрісінде: «Файл» мәтінін енгізіңіз;

- Хабарды жөнелту үшін Жөнелту батырмасын шертіңіз.