Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

5.2 Алгоритмдік структуралар.

Кез-келген алгоритмді мынадай үш базалық алгоритмдік структуралар

арқылы құруға болады: сызықты, тармақталушы және қайталану (циклдік).

1. Сызықтық алгоритмдердеп – бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдерді атайды. Сонымен, сызықты құрылым – бірінен соң бірі орындалатын жай командалар тізбегі. Оны графиктік түрде тек әрекеттер блогын пайдаланып көрсетуге болады және оның түрі төменде (2-сурет) көрсетілген.

a b f

2-сурет. Алгоритмнің сызықты құрылымы

Құрама командаға тармақталушы және қайталану командалары жатады. Олардың жай командадан айырмашылығы құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.

2. Тармақталушы алгоритмдерде алдымен қандайда бір шарт тексеріледі

және шарттың орындалуына немесе орындалмауына сәйкес есептеу процесінің бірі орындалады.Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

 

 Арифметикалық цикл Итерациялық цикл

5.3-тақырып. Жалпы мақсаттағы программалау тілдері.

Программалау тілі алгоритмдерді жазуға арналған формальді тіл. Ол алфавитінің берілуімен (бастапқы символдар сөздігі), оның синтаксисі (грамматикасы) мен семантикасының дұрыс сипатталуымен анықталады.

Информацияларды түрлендіру ережесі әр түрлі алгоритмдерде әр түрлі

болуы мүмкін. Бірақ та барлық алгоритмдер өте көп емес элементарлы командалардан құрылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген программалау тілдері машинаның типіне және шығарылатын есептердің түріне байланысты бөлінеді.

Бірінші белгі бойынша олар екі үлкен топқа бөлінеді: машинаға-тәуелді

және машинаға-тәуелді емес тілдер. Машинаға-тәуелді тілдер машиналық және машинаға бағытталған болып екіге бөлінеді (1-сурет). Машинаға-бағытталған

тілдер екіге бөлінеді: символдық кодтау (ассемблерлер) және макротілдер

(макроассемблерлер).

Мнемокодта амалдардың цифрлық коды әріптермен, ал цифрлық адрестер - әріптік атаулармен алмастырылған.

Макротілдерде мнемотілдің кодтарынан басқа машиналық тілде ешқандай аналогы жоқ макрокомандалар қолданылады. Макротілдер бастапқы программаның ұзындығын қысқарта отырып, программисттің жұмысын жақсартады.

Машинаға-тәуелді тілмен жұмыс жасайтын программист программа

құратын ЭЕМ-нің конструктивті ерекшелігін жақсы білуі қажет. Бұл талап машинаға-тәуелсіз тілді қолданған кезде біршама азаяды. Машинаға-тәуелсіз тілде жазылған программа ЭЕМ-нің типіне мүлдем байланысты болмайды. Бұл

тілдердің құрылымы табиғи тілдер құрылымына жақын, мысалы машинаға- бағытталған тілдер құрылымына қарағанда ағылшын тілдер құрылымына жақын. Сондықтан да бұл тілдерді мамандандырылмаған программистер қолдана алады.

Машинаға-тәуелсіз тілдер екі топқа бөлінеді: процедуралық-бағытталған және проблемалық бағытталған.

Процедуралық-бағытталған тілдер есептердің шешімінде дайын

алгоритмдерді (процедураларды) сипаттау үшін қолданылады. Оларды өз есебінің тұжырымын және олардың шешілу әдісін жақсы білетін мамандар қолданады.

Проблемалық-бағытталған тілдер өз есебінің шығарылу әдісімен таныс емес қолданушыларға арналған. Бұл жағдайда қолданушы есебін тұжырымдап, бастапқы мәндерін беруі және нәтижені шығарудың талап етілген формасын

көрсетуі керек. Енгізілген информациялардың негізінде программа генераторы есепті шығарудың жұмысшы программасын құруы керек.