Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

16. Операциялық жүйе – ...

A.мәліметтерді өңдеуге арналған ЭЕМ құрылғысы;

B.операцияларды орындауға арналған процессор регистрлары;

C.автоматандырылған жұмыс орны;

D.тұтынушы мен ЭЕМ-ді байланыстыратын арнайы программалар тобы;

E.түрлі желілер арасында информация алмасу үшін қолданылатын арнайы жүйе.

17. CTRL+ALT+DEL пернелерін қатар басу ...

A.басқа программаға ауысу әрекетін орындайды;

B.бірнеше программа жүктеу ісін атқарады;

C.Windows-тан MS-DOS-қа шығуды орындайды;

D.Windows диспетчерін шақыратын сұхбат терезесін шығарады;

E.программма диспечері терезесі мен ойындар терезесі.

18. Сұхбат терезесіндегі батырмасын шерткенде, мынадай әрекет атқарылады:

A. орнатылған параметрлер іске қосылып, терезе жабылады;

B. орнатылған параметрлер өзгертілгенімен, терезе жабылмайды;

C. параметрлер өзгертілмей, терезе жабылады;

D. тек терезе жабылады;

E. келесі терезе ашылады.

19. Сұхбат терезесіндегі батырмасын шерткенде, мынадай әрекет атқарылады:

A.орнатылған параметрлер іске қосылып, терезе жабылады;

B.орнатылған параметрлер өзгертіледі де, терезе жабылмайды;

C.орнатылған параметрлер өзгертілмей, терезе жабылады;

D.тек терезе жабылады;

E.орындалған параметрлер ерекшелінеді.

20. Егер файл атының типі (кеңейтілуі) .Bmp болса, онда бұл файлда мынадай мәлімет түрі сақталады:

A. мәтін;

B. музыка;

C. бейне (сурет);

D. программа ;

E. мультимедиялық программа.

21. Егер файл атының типі (кеңейтілуі) .Ехе болса, онда бұл файлда мынадай мәлімет түрі сақталады:

A. мәтін;

B. музыка;

C. бейне (сурет);

D. атқарылатын программа;

E. архив.

22. Windows жұмыс столы дегеніміз не?

A. компьютер орналасқан стол;

B. Windows негізгі терезесі;

C. екпінді (активті) терезе;

D. біз жұмыс істеп отырған компьютер орналасқан стол;

E. экрандағы барлық белгілер мен бумалар жиыны.

23. Windows операциялық жүйесі іске қосылғаннан соң, экранға не шығады:

A. Жүйелік меню;

B. Басты меню;

C. Активті терезе;

D. Жұмыс аймағы;

E. Жұмыс столы.

24. Экранның жоғарғы оң бұрышында орналасқан батырмасының қызметі:

A. терезені жиыру (свернуть);

B. терезе көлемін кішірейту/ұлғайту;

C. терезені жабу;

D. терезе дизайнын жақсарту;

E. есептеулерді орындау.

25. Экранның жоғарғы оң бұрышында орналасқан батырмасының қызметі:

A. терезені жиыру;

B. терезе көлемін қалпына келтіру;

C. терезені жабу;

D. терезені ұлғайту/кішірейту;

E. есептеулерді орындау.

7-ТАҚЫРЫП. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру.

7.1-тақырып. MS Office пакеті.

7.2-тақырып. Мәтіндік редакторларға шолу. MS Word бағдарламасында мәтінді форматтау.

Текстік процессорлар (мысалы, MS Word программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.

Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.

Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..

Текстік құжаттарды форматтауды Word программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Формат опциясының командалары арқылы жүзеге асырады.

Текстік құжатты форматтау тәсілдері:

  • Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту

  • Шрифт өлшемін өзгерту

  • Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту

  • Тексті бетке қатысты туралау

  • Маркерленген және номерленген тізімдер жасау

  • Абзацтың параметрлерін орнату.

Құжатты сақтау. Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис -> Параметры командасының терезесіндегі , Сохране­ние жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.

Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу, бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады. Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады , мұның басқа да тәсілдері бар.

Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстыру келесі әрекеттерді қамтиды:

  1. Правка ->Найти (немесе Ctrl+f пернелері) командасы орындалады;

  2. Найти тұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;

  3. Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменить жапсырмасының элементтері қолданылады;

  4. Заменить на нұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.

Word программасы терезесі саймандар панелінде орналасқан негізгі командаларға сәйкес батырмаларды алып тастауға нмесе керісінше қосуға болады. Ол үшін Сервис →Настройка командасынан кейін пайда болатын Настройка терезесінен Команды жапсырмасы іске қосылады. Әрі қарай Категориялар тізімінен қажет батырма жататын топтың аты таңдалады., сол мезетте сол терезедегі Команды тізімінде таңдалынған топқа жататын батырмалардың белгілері шығады.

Құжаттың колонтитулдары деп құжат орналасқан беттің жоғарғы және төменгі жиектеріне сәйкес обылысты айтады. Құжаттың немесе құжат бетінің колонтиулын Вид→Колонтитулы командасы арқылы орнатады. Колонтитул ретінде тексттер, суреттер (беттің номері, мекеме эмблемасы, құжаттың аты, авторы және т. б.) алынады да олар міндетті түрде, құжат беттерінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде басылады.

Гиперссылка– бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе сурет .

Текст фрагментін гиперссылка ретінде пайдалану үшін :

  • Гиперссылка ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып, Стандартная панеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;

  • Пайда болған терезедегі Связать жапсырмасының Новый документ белгісі шертіледі;

  • Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса) жазылады;

  • ОК батырмасына шертіледі.

Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.

Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.

Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

  1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

  2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;

  3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

  1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз.Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.

  2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:

  • Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;

  • Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.

OLE технологиясының терминдері:

  • Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;

  • Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.

Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.

OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:

  1. Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка -> Специальная_вставка командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.

  2. Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.