Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

7. Жанама (контекстік) меню дегеніміз…

A. меню қатарындағы команданың кез келгенінде тышқанды шерту кезінде ашылатын меню;

B. кез келген объектіні немесе белгішені ерекшелеп, тышқанның оң батырмасын шерт­кен­де ашылатын меню;

C. Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде ашылатын меню;

D. кез келген белгішеде тышқан көрсеткішін 1-2 секунд ұстап тұрған кезде шығатын анықтамалық мәтін;

E. кез келген объектіде тышқанның сол жақ және оң жақ батырмасын бір мезгілде басқанда ашылатын меню.

8. Саймандар тақтасы қандай қызмет атқарады?

A. меню қатарындағы барлық командалардың тез орындалуын жүзеге асырады;

B. меню қатарындағы кейбір командаларды жылдам орындау үшін пайдаланылады;

C. менюде жоқ командалар әрекеттерін орындайды, яғни меню коман­даларын толықтырады;

D. жанама менюдегі командалардың атқаратын әрекетін қайталайды;

E. жанама меню командаларын толықтырады.

9. Терезенің көлемін өзгертуге бола ма?

A. болмайды;

B. болады, тек оңға не солға қарай;

C. болады, тек жоғары не төмен қарай;

D. барлық бағытта өзгертуге болады;

E. кейбір программалардың ғана терезесін өзгертуге болады.

10. Буферге алынған файлдар (бумалар) көшірмесі керекті орынға қай нұсқада қойылмайды

A. курсорды керекті орынға орналастырып, Правка-Вставить коман­дасын орындау;

B курсорды керекті орынға орналастырып, батырмасын шерту ;

C. курсорды керекті орынға орналастырып, Ctrl+Х пернелерін басу;

D. курсорды керекті орынға орналастырып, Ctrl+V пернелерін басу;

E. жанама менюден Вставить командасын орындау.

11. Терезені басқа орынға ауыстыру үшін...

A. терезе жақтауларына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;

B. Файл – Переместить (Жылжыту) командасын орындап, терезені тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;

C. терезе тақырыбы аумағына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;

D. Түзету – Жылжыту (Правка-Переместить) командасын орындап, терезені тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;

E. терезені басқа орынға ауыстыру мүмкін емес.

12. Терезенің көлемін өзгерту үшін...

A. терезе жақтауларына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті бағытта жылжыту керек;

B. Файл-Размер (Мөлшері) командасын орындап, терезе мөлшерін тышқан арқылы өзгерту керек;

C. терезе тақырыбы аумағына курсорды орналастырып, терезе мөлшерін тышқан арқылы өзгерту керек;

D.Түзету – Жылжыту (Правка- Переместить) командасын орындап, терезе көлемін тышқан арқылы өзгерту керек;

E. терезе көлемін өзгерту мүмкін емес.

13. Менің компьютерім терезесінің ашылмай қалатын жолын көрсетіңіз...

A . Менің компьютерім белгішесінде тышқанды екі рет шерту қажет;

B. Менің компьютерім белгішесінде тышқанды бір рет шерту қажет;

C. Менің компьютерім белгішесінің жанама менюінен, Ашу (Открыть) командасын орындау керек;

D. Менің компьютерім жарлығында тышқанды екі рет шерту қажет;

E. Сілтеуіш терезесінің сол жақ терезесінде Менің компьютерім белгі­шесінің жанама менюінен Ашу (Открыть) командасын орындау керек;

14. Қай нұсқа файл деген ұғымға сәйкес келмейді…

A. белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған программа немесе құжат;

B. дискіге жазылып сақталатын біртектес мәліметтер жиыны;

C. белгілі бір атау беріліп, мәліметтер жазылатын диск бетіндегі орын;

D. компьютер жедел жадында тізбектеле қатар орналасқан ұяшықтар тобы;

E. компьютердегі мәліметтерді көшіретін, өшіретін, орнын ауыстыра­тын, қағазға шығаратын және оларды жаңадан жасайтын программа.

15. Мына жол Бума (папка) деген ұғымды бермейді...

A. белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты жинақталған бумалар мен файлдарға қойылған ортақ атау;

B. дискіге хазылған бір топ файлдар сақталатын өзіндік аты бар қапшық;

C. ішінде тек мәтін түріндегі файлдары бар мәлімет жинақтауыш;

D. ұқсас қасиеттері бар файлдар сақталатын белгілі бір аты бар диск бетіндегі орын;

Е. операциялық жүйедегі каталог немесе директорий ұғымдары бала­масы.