Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Бағдаламалаудың негізгі құрылымы

Бағдарламалау тілдерінің негізгі констукциялары:

Синтаксис. Кәдімгі тілдердегідей, бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі бар. Бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі - бұл тілдегі

қандай символдар тізбегі мүмкін өрнектер болып есептелетінін анықтайтын ережелер жиыны. Синтаксис формальды шартты белгілер көмегімен беріледі. Синтаксистің кең таралған формальды шартты белгісі - бұл Бекус Наураның кеңейтілген формасы (БНКФ). БНКФ-де біз ең жоғарғы деңгейдегі обьектіден (бағдарламалардан) бастауымыз керек және обьектілерді декомпозициялау ережелерін қолдана отырып, белгілі бір

символ деңгейіне жеткенге дейін. Мысалы:

Айнымалыны - жариялау::= тип-спецификаторы идентификатор

{идентификатор};

Бұл былай оқылады: Айнымалыны жариялау тип спецификаторын көрсетеді, одан соң идентификатор (айнымалының аты) ұсынылады және бір-бірінен үтірмен ажыратылған міндетті емес идентификаторлар тізбегі, соңында нүктелі үтір қойылады.

Семантика - бұл бағдарламалау тілдері сөйлемдерінің (бағдарламаның) мағынасы, бағдарламалау тілінің семантикасын құрастыру қосымша үстемділік - бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу мүмкіндігін береді.

Бағдарламаның орындалуын, қалай оператор кірістегі бекітілімдерді қанағаттандыратын күйді шығыстағы бекітілімдерді қанағаттандыратын күйге айналдыратынын сипаттайтын аксиомалар көмегімен қалыптастыруға

болады.

Деректер. Бағдарламалау тілдерімен алғашқы танысқанда көңіліңіз оператор мен командаларға бөлінеді. Операторларды үйреніп, оларды қолдана бастаған кезде, деректерге көңіл аударасыз. Қазіргі тілдерде операторлар белгілі бір обьект үшін қолданылатын деректерді манипуляциялау құралдары деп есептеледі. Бағдарламалаудың орталық концепциясы:

Тип - бұл шамалардың көпшесі және оларға жасалатын көптеген операциялар. Типті анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау үшін кейбір анықтамалар қажет.

Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік.

Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау».

Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде нақты биттер жолымен көрсетілген мән. Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз бит жолымен көрсетілуі мүмкін.

Айнымалы. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере алады.

Тұрақты. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе ұяшықтар аты.Программа орындалу барысында мәні өзгермейді.

Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.

Меншіктеу операторы. Әдеттегі бағдарламалау тілдерінде нақты жұмыс істейтін бір ғана оператор бар. Ол- меншіктеу операторы. Басқа операторлар (шарт операторы, процедураларды шақыру) тек меншіктеу операторының

орындалу тізбегін

басқару үшін

қолданылады. Меншіктеу операторы әр

түрлі үш есептерді

орындайды:

Оператордың оң жағындағы өрнек мәнін есептеу.

Оператордың сол жағындағы өрнекті есептеу; өрнек жад ұяшығының адресін анықтау керек. 1 қадамда есептелген мәнді 2 қадамда алынған адрестен бастап, жад ұяшықтарына көшіру.

Тип сәйкестіктерін бақылау. Тип сәйкестіктерін бақылау - бұл өрнек типі меншіктеу кезінде адрестелген айнымалы түрімен сәйкестігін тексеру. Бұған процедураны шақырғанда фактілік параметрді формальдыққа меншіктеу де кіреді. Тип сәйкестіктерін бақылауға келесі лайықты мүмкіндіктер бар: Ештеңе істемеу; меншіктеу мағыналы болуына тек бағдарламалаушы жауапты;

Сол жағы талап ететін типке өрнекмәнін айқындамайтүрлендіру.

Қатаң түрде тип сәйкестіктерін бақылау: егер тип айырмашылығы болса, меншіктеуден бастартамыз.

Басқару операторлары. Меншіктеу операторлары әдетте қандай тізбекте жазылды, сол тізбекпен орындалады. Басқару операторлары орындалу ретін өзгерту үшінқолданылады. Құрылымды бағдарламалау - бұл оқуға және түсінуге жеңіл, жақсы құрылымдағы бағдарламаларды қаматамасыздандыра-тын, басқару операторларын қолдануды мүмкіндейтін бағдарламалау стилі. Басқару операторларының екі класы бар:

 таңдау операторы, бір немесе бірнеше альтернативті тізбектердегі орындауларды таңдайды; шарт операторы (if) және ауыстырып қосқыштар (переключатели) (Case switch); цикл операторы, операторлар тізбегінің орындалуы қайталанады: for, repeat және while.

      1. Тақырып бойынша тест сұрақтары

  1. Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер деп нені айтады:

  1. Басқа алгоритмдер құрамында қолданылмайтын көмекші алгоритмдер;

  2. Тұрақты мәні бар константалар;

  3. Басқа алгоритмдер құрамында қолданылатын көмекші алгоритмдер;

  4. Ақпаратты кодтау жүйесіне енетін командаларды жазу үшін қолданылатын сөздер;

  5. Бір рет және мәңгіге белгіленген сөздер, мағыналар және қолдану тәсілдері;

  1. Орындаушы дегеніміз не:

  1. Берілген алгоритмді орындай алатын субъект немесе объект;

  2. Берілген алгоритмді орындай алатын объект;

  3. Нұсқауларды орындаушы;

  4. Машина;

  5. Берілген алгоритмді орындай алатын адам;

  1. Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:

  1. Алгоритмнің басы-соңы;

  2. Цикл;

  3. Деректерді енгізу/шығару;

  4. Көмекші алгоритмді шақыру;

  5. Амалды орындау;

  1. Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:

  1. Цикл;

  2. Көмекші алгоритмді шақыру;

  3. Алгоритмнің басы-соңы;

  4. Деректерді енгізу/шығару;

  5. Амалды орындау;

  1. Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:

  1. Амалды орындау;

  2. Алгоритмнің басы-соңы;

  3. Цикл;

  4. Деректерді енгізу/шығару;

  5. Көмекші алгоритмді шақыру;

  1. Алгоритмнің анықтылығына қойылатын талап:

  1. Алгоритм әрекеті бірмәнсіз орындалған;

  2. Алгоритм әрекеті нақты анықталған және бірмәнді болу керек;

  3. Нәтиже берілген сандар қадамынан алыну керек;

  4. Алгоритм әрқашан анықталған мәнмен қамтамасыз етеді;

  5. Алгоритм анықталған класқа жататын есептерді шешу үшін қолданылады;

  1. Алгоритмнің блок-схемасын құрғанда параллелограмм нені бейнелейді:

  1. Көмекші алгоритмді шақыру;

  2. Деректерді енгізу және шығару;

  3. Параметрлерді есептеу;

  4. Принтер;

  5. Шартты талдау;

  1. Сызықтық алгоритм сипаттамасы:

  1. Барлық жауабы дұрыс;

  2. Бір немесе бірнеше циклдан тұрады;

  3. Есептеуден тұрмайды;

  4. Бір немесе бірнеше логикалық шарттан тұрады;

  5. Логикалық шрттан тұрмайды және есептеудің бір тармағынан тұрады;

  1. Айнымалы – дегеніміз не:

  1. Әртурлі мәндер қабылдауға қабілетті объект;

  2. Динамикалық объект;

  3. Қандай да бір символ;

  4. Қосымша процедура

  5. Басқа программалармен өзара әрекеттесетін жеке программа;

  1. Берілген элемент блок-схемада қандай әрекетті білдіретінін көрсетіңіз:

  1. Алгоритмнің басы-соңы;

  2. Шарт- есепті шешу жүрісіне әсер ететін қандайда бір шартты тексеру;

  3. Ішкі бағдарламаны шақыру;

  4. Деректерді енгізу-шығару;

  5. Процесс- операцияны немесе операциялар тобын орындау;

1 – Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі

  1. Информатика ғылымы нені зерттейді?

  2. Ақпарат және оның түрлері

  3. Ақпарат қасиеттері

  4. Тек қана 0 мен 1 цифрларының бірімен тұратын информацияның өлшем бірлігі қалай аталады?

  5. Әр таңбаны, әріпті, цифрды кодтау үшін қанша екілік цифр керек?

  6. Дербес компьютер қандай негізгі құрылғылардан тұрады?

  7. Дербес компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?

  8. Пернелерді неше блокқа бөлуге болады?

  9. Функционалдық пернелер қызметі

  10. Қосымша пернетақта қызметі

  11. Санау жүйесі дегеніміз не?

  12. Санау жүйесінің түрлері

  13. Логикалық операциялар

  14. Бульдік алгебра негізлері

  15. Графтар мен ағаштар

  16. Есте сақтау құрылғылары

  17. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  18. Файл дегеніміз не?

  19. Файлға қандай атау беріледі?

  20. Бума дегеніміз не?

  21. Бумалардың бұтақ тәріздес құрылымына түсүнік

  22. Сілтеуші бағдарламасы не үшін қолданылады?

  23. Файл адресі деген не ?

  24. Cілтеуші және Менің компьютерім терезесінің айырмашылығы неде?

  25. Файлдың толық атауының құрылымы туралы түсінік.

  26. Сілтеуші терезесінде файл атауларын сұрыптау (реттеу) қалай жүзеге асырылады?

  27. Аралас файлдарды аралас емес файлдарды қалай ерекшелеуге болады?

  28. Файлдарды көшіру командасын сипаттау

  29. Файлды өшіру және қайта қалпына келтіру жолдары қандай?

  30. Файлдардың және бумалардың көлемін қалай анықтауға болады?

  31. Алгоритм ұғымы

  32. Алгоритмдерді жазудың қандай түрлері бар?

  33. Алгоритм қасиеттері

  34. Алгоритм құрылымына қарай қандай типтерге бөлінеді?

6 – ТАҚЫРЫП. Компьютердің программалық қамсыздандырылуы

6.1-тақырып. ПҚ-ның құрамы және жіктелуі. Утилиттер. Драйверлер.

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.

Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

• операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;

• бағдарламалау жүйелері;

• техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты — компьютер жұмысын басқару. ОЖ-нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өңдеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі — БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты - бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай-ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе интерпретаторлар) жатады.

Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші үғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

• жалпы мақсаттағы;

• әдістемелік-бағдарлау;

• проблемалық-бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған. ҚБД-нің тобына:

• мәтіндік процессорлар (мысалы, Microsoft (МS) Word);

• кестелік процессорлар (МS Ехсеl);

• деректер базаларын басқару жүйелері (МS Ассеss);

• серпінді тұсаукесерлер жүйелері (МS РоwеrРоіnt);

• графикалық процессорлар (Соrеl Draw);

• баспа жүйелері (РаgеМаkеt, Quark XPress);

• ықпалдасқан жүйелер (МS Works);

• жобалауды автоматтандыру жүйелері (СASЕ-технология);

• сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

ҚБД-нің әдістемелік-бағдарлау негізіне:

•математикалық бағдарламалаудың (линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да);

•желілік жоспарлау мен басқарудың;

•жаппай қызмет көрсету теориясының;

•математикалық статистика есептерін шешудің әр түрлі экономикалық-математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.

Проблемалық-бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған. Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы. Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.

Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметтің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, қосымша қызметтерді орындау үшін (мысалы, ақпараттық менеджерлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.

Пайдаланушының интерфейсі (User interface) аппараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің аппараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура) және тышқан (мышь - маус) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User interface - GUI) анықталады.

GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:

• пайдаланушының жалпы интерфейсінің болуы;

• бит картасының болуы, жоғары шешім қабілеті, түрлі түсті дисплей;

• What You See Is What You Get (Көріп отырғанымның бәрі де бар);

• тікелей жасалатын амал-айла (манипуляция).

Программалық қамтама сипаттамасы - программалық қамтама (ПҚ) кез – келген ЭЕМ-нің өте өажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай сәйкес программалардың көмегінсіз машинаға пайдалы қандай-да бір әрекет жасату мүмкін емес. Дербес компьютердің ПҚ-ның құрамына бөлек проблемалық аймақтарға бағытталған қолданбалы программалар мен қатар универсалды құрылғылар да кіреді.

Қазіргі уақытта ДЭЕМ-нің әр түрлеріне арнап оң мыңдаған программалар құрылған, олар келесі негізгі класстарға бөлінеді:

1. операциялық жүйелер;

2. программалау жүйелері;

3. қолданбалы программалар.

6.2-тақырып. Операциялық жүйелер және олардың тарихы.

Керектігі. Операциялық жүйелер (ОЖ) - бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамьамассыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

ОЖ құрамы, ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:

- базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;

- командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;

- сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.(әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді);

- қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.

ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.

ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ—Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.

ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.

ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.

Ескерту, командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.

ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), процессор типі (негізінде белгілі компьютерлер фирмасы), сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында (сыртқы және жедел жады көлемінің өсуіне, процессор ресурстарының өсуіне және сыртқы құрылғылардың типтерінің көптігіне байланысты және т.с.с.) пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:

  • каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;

  • компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плот­терлер, модемдер және т.б.);

  • пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.

ОЖ эволюциясы,

ІВМ РС типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:

1. MS DOS,

2. MS DOS – ортасындағы WINDOWS 3.1

  1. WINDOWS 95, WINDOWS 98/NT, UNIX, OS/2.

Осы аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығарылған WINDOWS 3.1 мен 1995 жылы шығарылған WINDOWS 95 өте таңдаулы және кеңінен қолданылады.

WINDOWS 3.1 операциялық қоршауы – Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе. WINDOWS-тың кеңінен қолданылуы IBM PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. WINDOWS файлдармен, дисклермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.

1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап WINDOWS-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол ІВМ тектес компьютердің стандарты болып табылады.

1995 жылы Microsoft фирмасы ОЖ-нің бөлінуі керек етпей жаңа WINDOWS 95 (графикалық интерфейсі) бар ОЖ ойлап тапты. Бұл ДК құрылығыларының модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды.

Көрнекті көлемді қасиеттері және жақсы графикалық интерфейсі бар WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы.

WINDOWS-тың сыртқы қарапайымдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.

WINDOWS 95 негізі болып – іске қосылған қосымшалар мен байланыс, жүйенің іске қосылуы мен оның графикалық интерфейсінің құрылуын қамтамассыз етіп программалық құрылғылардан тұратын ядросы жатады. WINDOWS 95-тің ядросы 3 деңгейден тұратын WINDOWS-тың алдыңғы версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды.

Кез-келген басқа программалық өнім сияқты WINDOWS 95-тің де өз плюстары мен минустары бар. Бұл оболочканың артықшылығы келесіде: файл концепциясының қалмауы, біріңғай программалық интерфейс, WINDOWS 95-тің көпесептілігі, әртүрлі басқа да құрылғыларды қолдауы, әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасу жеңілділігі, True Type шрифтерін қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.

Бірақта жақсы жағдайда әрқашанда төлеу керек қой, мұнда WINDOWS 95 компьютердің аппараттың бөлігіне көп ауыртпашылық түсуіне байланысты ұтылады; себебі WINDOWS 95 машинаның барлық бөліктерінің тез жұмыс істеуіне талап қояды.

WINDOWS-тің тағы бір кемшілігі көпесептіліктің толық болмауы; Сонымен қатар WINDOWS 95-тің енгізу шығару жүйелері анағұрлым жаңсарға.

WINDOWS-те дискмен жұмыс істеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар.

Енгізу шығару операцияларының жылдамдығын ақпараттарды тасу дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95 (жазы, санау, көшіру, файлды мен директорияларды жою) файлдың операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.

WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрай алды.

Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).

Жұмыс столы. WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:

Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;

Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;

Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;

Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;

Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;

The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;

The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) кнопкасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.

Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.

Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.

Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.

WINDOWS терезесі. WINDOWS-тың кез-келген терезесі экраның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Трезенің жоғарғы бөлігінде тақырыптың аты бар жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың аты бар жолдың ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар.

WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: - программа терезесі (терезе аталуы);

Программа терезесі екінші рет қайталап ашылатын терезелер мен сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар:

- программа терезесінің жоғарғы жолының ортасында программа аты шығады, ал екінші рет қайталап ашылатын терезелерде – шығарылатын ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде - сұраныс аты шығады;

- программа терезесінің аты бар жолының төменгі жағында меню жолы орналасады;

  • программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады;

  • программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе;

  • сұраныс терезесі (қосымша терезелер).

Бұлар әдетте аз мерзімге қандай да бір ақпаратты немесе сұранысты шығару үшін ғана шығады. Сұраныс терезесі әрқашан басқа программалар терезесінің үстіне шығады. Олардың өлшемі және жинақтау немесе ашу батырмалары болмайды.

Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.

WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.

Жұмысты аяқтау. WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым диалогті терезесін ашады:

ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shutdownthecomputer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restartthecomputer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MSDOS(RestartthecomputerinMS–DOSmode).

Егер қандайда бір қосымшалар жабылмаған болса, онда WINDOWSөзі жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.