Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

1 – ТАҚЫРЫП. Информатика және ақпараттық технологиялар.

1.1 Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері.

Жұмыстың мақсаты: Информатика пәні және информация ұғымы туралы түсінік беру.

Информатика - ақпаратты жинау, өңдеу және тарату заңдарын, әдістері мен тәсілдерін компьютер және басқа техникалық құралдардың көмегімен іске асыратын ғылыми және қолданбалы білім саласы.

Информатика ақпараттық жүйелердің қасиеттерін, құрылымын және функциясын, сол сияқты оларда болып жатқан ақпараттық процестерді зерттейді. Ақпараттық жүйе деп ақпаратты ұйымдастыруға, сақтауға және өңдеуге арналған жүйені айтады.

Информатиканы ғылым, технология, индустрия ретінде қарауға болады.

Информатика ғылым ретінде ақпараттық процестердегі ақпараттың әртүрлі аспектілі қасиеттерін қарастыратын, сонымен қатар компьютердің көмегімен оны өңдеу үшін қолданылатын алгоритмдік, математикалық және программалық құралдарды зерттейтін пәндердің тобын біріктіреді.

Информатика технология ретінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тарату және пайдалану мақсатында ақпаратты компьютердің көмегімен түрлендіру процедуралар жүйесін қарастырады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі белгілері мыналар:

 «сыйластық» программалық және аппараттық интерфейс;

 тапсырманы орындауға интерактивтік (диалогтік) режим;

 мәліметтер қорының негізінде шешілетін тапсырмаларды орындау этаптарында тікелей ақпараттық көмек;

 ақпараттық желі және телекоммуникация жүйесі негізінде тапсырманы көпшілік (ұжым) болып орындау мүмкіншілігі;

 қағазсыз технология, яғни ақпаратты жеткізуші негізінен қағаз емес, электрондық құжат.

Информатика индустрия ретінде. Халық шаруашылығының салаларына қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін саласының бірі инфрақұрылымдық сала –информатика. Информатиканың индустриясы мыналарды: есептеуіш техниканы өндіруші мекемені және оның элементтерін; әртүрлі типтегі есептеу орталықтары және олардың атқаратын қызметтері (жеке, ұжымдық қолдану); ақпараттық жүйелерді проектілеу және программалық құралдырды өндіруші мекеме, алгоритмдер мен программалар фондын жинақтаушы, таратушы және қызмет көрсетуші ұжымдарды; есептеуіш техникаларды жөндеуде техникалық қызмет көрсетуші станцияларды қамтиды.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде информатика ғылымы қарқынды дамып келеді. Екі жыл сайын есептеуіш техникасының аппараттық және программалық жабдықтары ауысып отырады. Ғылымның және техниканың тарихында мұндай тез даму болмаған.

Компьютерлік информатика есептеуіш техника құралдарының көмегімен ақпаратты жинау, сақтау және бейнелеумен айналысатын жаратылыс-ғылыми пәні болып табылады.

Информатиканың үш негізгі тармағын көрсетуге болады:

1. теориялық, математикалық информатика (brainWare) формальді жүйелермен, модельдермен, алгоритмдермен және программалау, кодтау мен

жүйелерді ұйымдастыру теорияларямен байланысты информатиканың теориялық проблемаларын зерттейді;

2. практикалық, қолданбалы информатика (soft Ware) программалаумен және модельдерді, программалық және компьютерлік технологиялар мен жүйлерді қолданумен байланысты информатикалық және нақты проблемаларын зерттейді;

3. техникалық инженерлі-физикалық информатика (hаrd Ware) ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары, ЭЕМ және ЭЕМ жүйелері, желілерді құрастыру және зерттеумен байланысты информатиканың техникалық, инженерлі-физикалық проблемеларын зерттейді.

Информатиканың негізгі түсініктері:

 ақпарат және хабарлама;

 алгоритм және алгоритмдеу;

 жүйе және құрылым, қатынас және байланыс, тәртіп таңдау;

 модель және модельдеу;

 орындаушы және оның операциялық ортасы;

 тілдер және грамматика;

 жүйлерді проектілеу және технология;

Информатика ақпараттық процестер мен жүйелер; моделдермен оларды сипаттау тілдері; білім алуға бағытталған және оны қолдануға арналған технологиның негізінде ғылым салаларында дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік тудыруды қамтитын пән.

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.

Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.

Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі

құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы.

Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы.

Ақпараттық модель былай жіктеледі:

 Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).

 Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы).

Информатика басқа ғылым салаларының мәселерін зерттеуге арналған ғылым. Ол басқа ғылымдардың жалпы және жеке зерттеу әдістерін жасауға және жетілдіруге көмектесіп, пән аралық байланыстарды күшейтіп, басқа ғылым салаларында өз идеяларын, әдістерін, технологиялармен нәтижелерін қолдануға көмектеседі.