Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

1. Word программасы қай нұсқада іске қосылмайды...

A. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Mіcrosoft Word;

B. Жұмыс үстелінде Word программасы жарлығын екі шерту;

С. Бас меню арқылы Пуск-Документы жолдарын таңдап, файлдар тізімінен W белгісі бар қатарда тышқанды екі шерту;

D. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Стандартные-Mіcrosoft Word ;

Е. WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың белгішесіне тышқанды екі шерту.

2. WORD редакторымен жұмысты аяқтау қай нұсқада орындалмай қалады:

A. Файл Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;

B. редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышын­дағы Жабу батырмасын Х басу арқылы;

C. тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы;

D. Файл Жабу (Закрыть) меню командаларын таңдау арқылы;

E. Тапсырмалар тақтасындағы Word программасы белгісінің жанама менюінен Закрыть (Жабу)командасын орындау.

3. WORD редакторында қалып-күй немесе қалып қатары негізгі терезенің қай маңында орналасқан:

A. терезенің жоғарғы жағында;

B. терезенің төменгі жағында;

C. Файл командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде;

D. Вид (Окно) командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде;

E. тақырып қатарынан кейін;

4. Егер WORD редакторында мәтін бөлігі ерекшеленіп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса, қандай өзгеріс болады?

A. ерекшеленіп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады;

B. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды;

C. ерекшеленген аймақ солға қарай жылжиды;

D. ерекшеленген аймақ өшіріліп, оның орнына жаңа терілген мәтін жазылады;

E. ешқандай өзгеріс болмайды.

5. WORD редакторында мәтін ішінде Shіft пернесі басулы тұрғанда тышқан курсорын жылжыту кезінде қандай өзгеріс болады?

A. курсор жүріп өткен аймақ ерекшеленеді;

B. курсор жүріп өткен аймақ өшіріледі;

C. курсор жүріп өткен аймақ автоматты түрде форматталады;

D. аймақтың ерекшелеуі алынады;

E. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды.

6. WORD редакторында қаріпті (шрифті) форматтауға қай нұсқа жатпайды:

A. тіл регистрін ауыстыру;

B. қаріп түрін өзгерту;

C. қаріп көлемі мен сызылымын өзгерту;

D. қаріптің түсін өзгерту;

E. Вид (Түр) командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде.

7. WORD редакторында қаріп параметрлерін тағайындау қай нұсқада орындалмайды:

A. Формат – Қаріп (Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;

B. Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен, қаріптің түрін, көлемін, сызылымын жылдам өзгертуге болады;

C. Абзац – Автоформат командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;

D. CTRL+І және CTRL+B пернелерін басу арқылы қаріптің сызылымын өзгертуге болады;

E. Жанама менюдегі Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау.

8. Word редакторында көлденең сызғыштағы белгілер (маркерлер) көмегімен мынадай форматтау әрекеттері орындалмайды:

A. сол жақтағы жоғарғы белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзац басын (азат жол) көрсететін шегіністі өзгертуге болады;

B. сол жақтағы төменгі белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзац мәтінін толық жылжытатын шегіністі өзгертуге болады;

C. оң жақтағы белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзацтың оң жақ шекарасын өзгертуге болады;

D. белгілерді жылжыту арқылы, абзацтың жоғарысындағы жәнетөменіндегіаралық шаманы өзгертуге болады;

E. оң және сол жақтағы қарайтылған бөлікті жылжыту арқылы сәйкес алаңды өзгертуге болады..