Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

9. Көп нүктенің орнына жіктеу есімдіктерін қойыңыз.

... ағасы аулада отыр. ... әкең дәрігер ме? ... немересі оқушы. ... балаңыз неше жаста? ... апаң қайда жұмыс істейді? ... анасы – зейнеткер. ... балалары ауылда. ... досы университетте студент. ... жасың нешеде? ... балалары қайда? ... қарындасыныз нешеу? ... автобусымыз мынау. ... теледидарыңды қосайық. ... туысқаны ауылда ма? ... қызымыз оқушы.

10. Кестедегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

аға үйі мекткпте оқиды.

Сіздің іні жұмысы үйден алыс.

Сенің отбасы Т.ж С.ж жолдасы қаланың шетінде.

Менің қарындас үлкені студент.

балдыз кенжесі экономист.

Грамматика

Менің аға-м-ның үй-і

Оның аға-сы-ның үй-і

Жас отбасы және дәстүр

Қазақстанда некеге тұру жүйесіндегі

ұлттық салт-дәстүрлер

Тыңдаймыз. Оқимыз

Сөздік қор неке, ежелден келе жатқан, отау көтеру, үйлену, жұпты болу, тұрмысқа шығу, отау дайындау, ойластырып жүрген, болашақкелін,атастыру рәсімі, құрметті, текті жерден, құдатүсу, келін түсіру, қыз ұзату, беташар, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі, жеті атаға толмаған, неке қию, қатаң тыйым салынатын, іс-шаралар, құйрық-бауыр, құдалық рәсімі, ұзатылатын қыз,үйленутойы кезінде,қоржын алмасу, кит кигізу, қымбат бағалы киімдер, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, қыздың жасауы, кілем,текемет,сырмақ,заң жүзіндегі негізі, жас жұбайлар сарайы, неке сақинасы, мәңгілік жұптар, үйлену ниеттерін айтады.

Ой түрткі

-Неке қию дегеніміз не?

- Қазақ халқының некеге байланысты қандай салт-дәстүрлерін білесіз?

-Қазіргі кезде үйлену рәсімі қалай өтеді?

-Сіз қазақ халқының үйленуге байланысты салт-дәстүрі рәсіміне қатысып көрдіңіз бе?

- Жалпы, қазақ халқының қандай ұлттық салт-дәстүрлерін білесіз?

Тыңдаймыз. Оқимыз

Мәтінді таспадан тыңдап, әңгімелеңіз.

Қазақстанда некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер.

Қазақ халқында отбасы мен некегеқатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары менсалт-дәстүрлеріқалыптасқан.Ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің», «жұпты болдың» деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтерілуі тиіс. Әдетте, ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындаған.

Ата-бабабымыздың дәстүрі бойынша қазақи отбасында ата-ана өз ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүрген. Болашақкелінді бала кезінен іздестіре бастаған. Тіпті балалардүниегекелмей жатыпатастыру рәсімі болған. Құдаларды құрметті, текті жерден іздестірген. Құдатүсу салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілген. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Үйлену әдет-ғұрыптарында келесі іс-шаралар өткізіледі: құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату, беташар, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыржегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Үйленутойы кезінде құдаларжағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара бір-

Той құтты болсын!

Екі жас бақытты болсын!

біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын. Ол түрлі қымбат бағалы киімдер, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардан, қымбат маталардан, мал басынан тұратын.

Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем,текемет,сырмақсияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері меныдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.

Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің, АХАЖ) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді. Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана танылады.

Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып, көп уақыт бір-бірін жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан соң, ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің  туған- туыстары қыздың үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен тойын жасайды.

Төрлетіңіз!

Төрге шығыңыз!

Жазамыз. Оқимыз