Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

Тілдік даярлау орталығы оқу бағдарламасы

(Syllabus)

Пән Қазақ тілі

барлық мамандықтарға

барлық кредит 3 (І деңгей)

Қостанай, 2015

Оқу бағдарламасын аға оқытушы Б. Абильбекова, аға оқытушы А.Нұрсеитова ҚР БжҒМ 2011 жылдың 14 ақпанында № 14 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы «Тілдердің үш тұғырлығы» 06.08.085.-2010 ҚР МЖМБС-на сәйкес әзірленген, 2010 жылдың 14 қазанында № 2 хаттамамен Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде қарастырылып және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген негізінде құрастырған.

Тілдік даярлау орталығы отырысында қаралған және ұсынылған

___________2015ж. № ___ хаттама

Тілдік даярлау орталығы

директоры ______________ Г.К.Жүрсіналина

1 Пәннің сипаттамасы

Қазақ тілі пәні жалпы білім беру циклінің міндетті компоненті болып саналады.

Ұсынылып отырған курс ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында, студенттердің бойында мемлееттік сана мен отансүйгіштік сезімін нығайтуға, қазақ елінің рухани-мәдени жетістіктерін насихаттауға бағытталған.

Қазақ тілі курсы тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына ( тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілді қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен байланыстылығы тіл бірліктерінің қолдангыстағы қызметіне сай анықталады. Қазіргі таңда тілдік құзіреттіліті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысынан қарастырылуда.Тіл бірліктенінің қолданыстағы қызметі, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалдық грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

Қазақстан Республикасының қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе, беруі туралы заңына сәйкес барлық факультетте (күндізгі бөлімдерде) қазақ тілі жалпы білім беру пәні ретінде оқытылады.

В1 – негізгі жеткілікті деңгей, күнделікті қарым-қатынаста өзі туралы, отбасы, университеті туралы айтады, сұрақтар қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді. Өз елі, тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады.

В1-- негізгі жеткілікті деңгей

Сөз-синтагмалардың ерекшелігі, көпмағыналылықтың сөйлеу тілінде қолданылу ерекшелігі, фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы, фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасы, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің сөйлеу тіліне жұмсалу ерекшелігі. Лебізде синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау, семантикалық ерекшеліктерін айыру. Сөз тіркестерінің валенттілігі, сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы. Жай сөйлем мен олардың түрлері, негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері. Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері. Сөздердің семантикалық тіркесімділігі. Диалог жүргізе алу құзыреті, яғни әңгімені бастау, қолдау мен аяқтауға арналған тілдік құрылымдарды меңгеру.

Күрделі сөйлемдер жүйесі. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі. Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты. Сөйлемді дұрыс құраудағы сөздердің орын тәртібі мен сөйлем мүшелерінің орналасу реттілігі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі), олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктері. Күрделі сөйлем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Сөйлемнің функционалдық-семантикалық ерекшеліктері. Күрделі сөйлем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Сөйлемнің функционалдық-семантикалық ерекшеліктері. Тідегі объектік, субъектік, предикативтік қатынастар мен олардың берілу жолдарындағы функционалдық ерекшеліктер мен мағыналық реңктер. Сөйлемдегі интонация бірлігі. Интонацияның сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай алу қызметі; сөйлемнің актуальды мүшеленуі, сөйлемдерді, синтагмаларды мітінде бір-бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі; пауза және синтагма

Пререквизиттері

Берілген пәнді игеру үшін мектеп бағдарламасына (11 жылдық) сәйкес келетін теориялық және практикалық білім қажет.

Постреквизиттері

Осы пәнді оқуда мемлекеттік тілді жете меңгеруге;

Қоғамдық орындарда ауызекі тілде сауатты сөйлесе білуге;

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын сауатты толтыра білуге қажет.

Пәнді оқытудағы мақсат-міндеттер

Курсттың мақсатықазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.

Деңгейлік дескрипторлар:

  1. тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени танымдық-қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

  2. дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

  • өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақылдау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу;

  • белгігі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

  • күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау ( нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

3) ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

  • мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге

жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайдылығын білдіру.

Курсты оқыту барысында білім алушы

білуі керек:

- әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салада жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

- дайын түрдегі мәтіннің мазмұнын түсініп баяндау;

- күнделікті өмірде қарапайым тілде қарым-қатынас жасай білу;

- берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау;

- кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

үйренуі керек:

- күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасауды;

- өмірден алынған қарапайым хабарламаларды еркін жеткізуді;

- өтілген тақырыптағы әңгімені ашық айыра білуді;

- әңгімелесушінің сөзін түсіне білуді;

- дыбысталуы нақты жүйеленген радио-және телебағдарламалардағы мәліметтерді баяндауды; - мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табуды;

меңгеруі керек:

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді түсіне білуді;

- күнделікті материалдардан ( хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсінуді;

- буклет, каталог, даңғыл, ас мәзіріндегі, кестедегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алуды;

- қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсінуді;

- қазақ тіліндегі қосымшаларды дұрыс қолдана білуді және таза сөйлеуді.

құзыретті болу керек:

-қарапайым тілде жазылған қазақ тіліндегі ғылыми және публицтистикалық мәтін мазмұнындағы ақпараттарды түсіну;

- өз ойын қысқаша қарапайым тілде жеткізе білу, түрлі мәселелерді шешуде қарапайым тіл орамдарын қолдана білу;

- ауызекі тілде еркін сөйлеу;

Курстың құрылымы

Мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі» пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытуға 6 кредит бөлінген. Қазақ тілін оқыту осы көлем аясында қарастырылып, тілді тереңірек үйрену СОБЖ, СӨЖ сағаттарында меңгертіледі. Семинар сабақтары мен СОБЖ, СӨЖ материалдары бір-бірімен сабақтастырылып қарастырылады.

Оқу жылы барысында әр факультет бойынша 1-курс студенттерінің тілді білу деңгейі тест тапсырмалары арқылы анықталып, топтарға бөлінеді.

Әрбір деңгейдің пән мазмұны жаңа когнитивтік-лингвомәдени кешендер арқылы ұйымдастырылады.

Оның компоненттеріне жататындар:

  • оқытудың деңгейлік мазмұнын көрсететін коммуникативтік сала ( қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби саласы);

  • қатысымның әрбір саласын жүзеге асыратын сөйлеу тақырыптары мен тақырыпшалар жиынтығы;

  • қатысымның қарапайым жағдаяттары.