Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

8.Сұхбатта қарамен жазылған сөз тіркестерін мәтіннен тауып, салыстырыңыз.

Жазамыз

9.Сөз тіркестерін шарты райға қойып, сөйлем құрыңыз.

Таңдау, түс қағаз жапсыру, таза ұстау, кең болу, жиһаз қою, тар болу, түстерді үйлестіру, ашық түсті түс қағаз болу,

грамматика

Мен таңдасам

Үлгі: Сен таңдасаң

Сіз таңдасаңыз

Ол таңдаса

10. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Бөлмеге қандай жиһазды қойған кезде қонақ бөлмесінің түрлі аймақтарға бөлінуі керек екені ескеріледі? Қандай жиһазды сатып алғанда алғанда қонақ бөлменің көлеміне қарай таңдау керек? Отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел қайда тұруы тиіс? Қандай бөлме барлық отбасы мүшелерінің бос уақытын өткізуге — жұмыс күнінен соң демалуға, ән-күйді тыңдауға, теледидар қарауға, қонақ қабылдауға арналған? Қай бөлменің қабырғасының түс қағазын қандай түстіге ауыстырғаныңыз дұрыс және жұмсақ жиһаздың, кілемнің, терезе пердесінің түстері қандай болу керек? Дизайн сөзі қандай мағынаны білдіреді? Келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үйдің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме қалай аталады? Корпустық жиһаздарға нелер жатады?

Тыңдаймыз. Оқимыз.Сөйлейміз

11.Қай бөлме туралы айтылған? Сәйкестендіріңіз. (сізге мәтін көмектеседі)

Жатын бөлме

Бөлмеде пайдаланатын ең ұтымды түстер: күлгін, ашық жасыл, көгілдір, сарғыш, сонымен бірге ақ және қара түс.

Төргі бөлме

отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.

Балалар бөлмесі

үйдің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме. Ең қажетті заттық бірі — айна

Ас бөлмесі

бөлме күн көбірек түсетін жақта болғаны абзал. Онда ұйықтайды, сабаққа дайындалады, ойнайды, сурет салады.

Жуынатын бөлме

Ол барлық отбасы мүшелерінің бос уақытын өткізуге — жұмыс күнінен соң демалуға, ән-күйді тыңдауға, теледидар қарауға, қонақ қабылдауға арналған.

Дәліз

бөлмеге де қоңырқай, сұр түсті таңдамағаныңыз дұрыс, себебі, ол түстер ауыр, сәттілік беретін түстер емес, жатын бөлмеге ашық түске жақын түстерді таңдағаныңыз дұрыс.

12. Сұхбатпен таныса отырып, жағдаяттық жағдайға сұхбат құрыңыз.

- Пәтеріңіз орталыққа жақын ба ?

- Иә, менің пәтерім орталықта орналасқан.

- Пәтеріңіз жайлы ма?

- Пәтерім өте жайлы. Бөлмелері оңаша, жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бір - бірінен бөлек, екі балконы бар. Дүкен де, емхана да, базар да үйге жақын.

- Пәтеріңіз нешінші қабатта?

- Пәтерім жетінші қабатта, лифтымен көтерілеміз, өте ыңғайлы, үнемі істеп тұрады.

- Бұл сіз үшін сәті түскен үй болған екен?

- Ой, айтары жоқ, мен сондай қуаныштымын.

грамматика

Менің сатып ал-ғ-ым келеді

Сенің сатып ал-ғ-ың келеді

Сіздің сатып ал-ғ-ыңыз келеді

Оның сатып ал-ғ-ысы келеді


үстел

Жазылмалы диван

кресло

Ас үй

Демалыс бөлмесінің

қонақ бөлмесінің

Жатын бөлмесінің жиһазы

Жұмыс бөлмесінің

Дәліздің

Оқимыз.Жазамыз