Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

8.Көмектес септігінің жалғауын табыңыз.

А) -мен,-бен,-пен

Ә)-сың,-сің

Б)-ға,-ге,-қа,-ке

В)-нда,-нде

9.Көмектес септігінде тұрған сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Ол қай жерде дүниеге келген?

Ә) Оның әкесі қайда жұмыс істейді?

Б) Ол кіммен сөйлесіп отыр?

В) Сіз кім болып жұмыс істейсіз?

Аралық бақылау жұмысы

Төмендегі етістіктердің ретімен шағын мәтінді құрастырыңыз және өз ойыңызбен толықтырыңыз.

Сіз демалыс күні не істейсіз?

кПрямая со стрелкой 2еш өйткені жұмысқа ұйқымды

кейде ешқайда бірақ ... ... босқа

Прямая со стрелкой 19

тОвал 1үске дейін үй ішін

үй шаруасымен

Прямая со стрелкой 17еденді

жиһаздың шаңын кірімді

Прямая со стрелкой 9

тПрямая со стрелкой 10амақ дүкеннен азық-түлік,

жеміс-жидек, көкөніс

түстен кейін қонаққа

немесе қонақ қонақтармен

кейде театрға, киноға

спорт кешеніне уақыт болса, қала

сыртына шығып, .......

Осылай .....

асықпаймын

қандырамын

шықпаймын

өткізбеуге тырысамын

айналысамын

жинаймын

сыпырамын

жуамын

сүртемін

пісіремін (дайындаймын)

әкелемін

барамын

шақырамын (күтемін)

әңгімелесемін

барамын

қыдырамын (серуендеймін)

өтеді

Салауатты өмір салты

Денсаулық – баға жетпес байлық

Тыңдаймыз. Оқимыз

Сөздік қор Денсаулық, бағалы дүние, зор байлық, нығайту, салауатты өмір, ғалым, басты міндет, ағза, көңіл-күй, қоғам байлығы, қоршаған орта, ықпал ету, денсаулық сақтау, мәлімет, көмекке тәуелді, дұрыс тамақтану, уақытында демалу, дене қимылымен айналысу, жасы ұлғайған адамдар, майлы тамақтар, қажетті дәрумендер, шамадан тыс, ағызамызға зиян, таза ауада серуендеу, күнделікті жұмыста, дәрі-дәрмектер, жазылып кету, темекі шегу, қатерлі ісік, ең қорқыныштысы, төрт шарт, жаттығулар жасау, дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу, демала білу.

Ой түрткі

-Денсаулық сақтау үшін не істеу керек?

-Салауатты өмір сүру дегенді қалай ойлайсыз?

-Денсаулықтың жақсы болуы кімге байланысты?

-Сіз өз денсаулығыңызды қалай сақтайсыз?

Тыңдаймыз. Оқимыз

Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Денсаулық – баға жетпес байлық

Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын

Денсаулық – зор байлық!

Денсаулық табиғаттың ең қымбат сыйы.

алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер болады. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.

Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру!

Жазамыз. Оқимыз