Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

1.Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар.

Высокий человек, бородатый дедушка, девушка в очках, усатый сосед, длинные рыжые волосы, густые волнистые волосы, тонкие черные брови, толстые красные губы, широкий открытый лоб, круглолицая.

2.Берілген сөздерге сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрыңыз.

Басы, көзі, қасы, кірпігі, кабағы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, денесі, мұрты.

3. Қазақ тіліне аударыңыз

Белые ровные зубы. Высокий рост. Широкий лоб. Густые волосы. Прямой нос. Хороший характер. Тонкие брови. Кудрявые волосы. Крепкое телосложение. Усатый человек. Внешность человека. Длинные тонкие пальцы. Широкое лицо. Рост твоего брата высокий . Мой отец- человек среднего роста. Её муж низкий. Ноги, руки- части тела. Ваш друг- рослый человек. Его супруга полная. Ваша подруга светловолосая.

4.Қазақ. Тіліне аударыцыз

У вас красивые глаза. Волосы его были коротко острижены. У твоего отца длинная борода. Он был лет сорока, среднего роста, худощав и широкоплеч. Нас встретил молодой парень, лет двадцати, высокий, красивый. Куаныш был человек уже пожилой. Она была мала ростом. Пришел низкорослый мужчина. Она была совсем юной. Он был высок и строен. У моей сестры густые волосы.

Заманауи киім үлгілері

Тыңдаймыз. Оқимыз

Сөздік қор Сырт киім, тон, ішік, былғары, киім, бешпент, шапан, бас киім, тымақ, бөрік, аяқ киім, етік, сәнді киім, етек, жең, білезік, шашбар, моншақ, белдік, әшекей, зергерлік бұйымдар, сән, өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі, әлеуметтік құбылыс, талғам, классикалық, спорттық, ұлттық, заманауи, жұмысқа арналған, тік тар белдемше, тұрақты, жұмысқа ыңғайлы, көненің құндылықтары, күнделікті және әлеуметтік тіршілігіне, мақта, жүн, синтетика, жібек, барқыт маталары, етек-жеңі, бағалы тастар, ыңғайлы әдемі киім, ресми жиналыстар

Ой түрткі

-Сіз қандай киім үлгілерін ұнатасыз?

- Қазіргі заманның киім үлгілері қандай?

-Сіз соңғы сәнмен киінуге тырысасыз ба?

- Сіздің ойыңызша, студент жастар көбінесе қандай киімді таңдайды?

1.Сурет бойынша әңгімелесіңіздер.

Тыңдаймыз. Оқимыз.

Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Заманауи киім үлгілері

Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша басым болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімнің классикалық, спорттық, ұлттық, заманауи, жұмысқа арналған және тағы басқа түрлері көп. Киім адамның жас ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: бала киімі, жасөспірімдер киімі, ересектер киімі, ресми және ұлттық киімдер.

Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, шалбарлар және т.б. оған ғасырлар бойы ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Жапырақ ағашқа көрік берсе, киім адамға көрік береді

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады. Киім – адамның күнделікті және әлеуметтік тіршілігіне аса қажетті бұйым. Киім адамға эстетикалық сән береді. Жапырақ ағашқа көрік берсе, киім адамға көрік береді және оның ыстық, суықтан, жауыннан қорғайды. Киім мақта, жүн, синтетика, жібек, барқыт маталарынан тігіледі. Киім-белгілі бір ұлттың, мідениеттің бет- бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Қазақ халқының ұлттық киімдері- оның тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрінің белгісі. Ұлттық киімдердің етек-жеңіне ою-өрнек салынады. Киімге бағалы тастар тағылады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында мәдениет, өндіріс, экономика дамыды. Осыған байланысты саудагерлер шетелдің сәнді киімдерінің үлгілерін әкеле бастады. Қазіргі кезде адамдар жұмыс орындары мен мекемелерде костюм-шалбар, жағасы бар жейде, галстук, көйлектер сияқты киімдерді киеді. Бүгінде сәнгер- дизайнерлер жаңа заманға сай ыңғайлы әдемі киім үлгілерін ұсынуда. Қызметкерлер салтанатты кештерге, ресми жиналыстар мен кездесулерге сәнді әрі талғаммен киінеді.

Жазамыз