Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

8.Кім бос уақытын қалай өткізеді? Әңгімелеңіз.

Менің атым Олжас. Мен студентпін. Менің бос уақытым өте аз, себебі, мен әлі 1 курста оқимын. Бос уақытымды көбінесе спортқа жұмсаймын, себебі, спорт сексиясына жазылдым.

Мен атым Айгүл. Мен 4 курс стулентімін. Бос уақытым көп, себебі, сабақ аз, көбінесе тәжірибе жұмыстары мен дипломдық жұмыс. Мен бос уақытымды би үйірмесіне және уақытша жұмыс істеуге яғни ақша табуға жұмсаймын.

Менің атым Әділ. Мен 3 курста оқимын. Бос уақытым онша көп емес. Бос уақытымды шетелдік заманауи әдеби кітаптарын оқуға және спорттық би үйірмесіне жұмсаймын.

Жазамыз

9.Жаттығуды үлгі бойынша орындаңыз.

Олжас 3 курста оқиды.

Үлгі: -Сіз қателесі, Олжас 1 курста оқиды.

Олжас 1 курста оқиды.

-Иә, сіз дұрыс айтасыз,Олжас 1 курста оқиды.

Олжас 3курста оқиды. Әділ спорттық би үйірмесіне барады. Олжас бос уақытын спортқа жұмсайды. Айгүл жұмыс істемейді. Олжас әдеби кітаптар оқиды. Айгүл дипломдық жұмыс жазып жатыр. Әділ шетелде оқиды. Әділ шетелдің әдеби кітаптарын оқиды.

10.Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Арнайы курстарға баруға уақытыңыз болса, нені іске асыру керек? Дәстүр бойынша, артық уақыт көп болмайды, сондықтан, нені пайдалы етіп өткізген жөн? Заманауи студент бұл уақытты достарымен қалай өткізе алады? Студенттің құзырына берілген уақыт неше бөлікке бөлінеді? Бірінші бөлігіне нелер енеді? Ал, екінші бөлігіне нелерді жатқызуға болады? Ғылыми шығармалар оқуды неге айналдырыңыз? Қандай жоспармен бәріне уақыт табуға болады? Студенттің кім және жақсы маман болу үшін, не істеу керек?

ІV Аралық бақылау жұмысы

1- тапсырма.Сөздікті пайдаланып сұхбат құрастырыңыз.

1. Уақытты басқару – руководить временем.

2. Мезгілінде – своевременно

3. Еш нәрсеге – ничему

4. Үлгіре алмау – не успевать.

5. Біреу – одни (некто).

6. Кейбіреулер – некоторые.

7. Кешігіп жүру – опаздывать.

8. Әйтсе де – тем не менее

9. Кеңес одағы кезінде – во времена Советской власти.

10. Меңгеру – усвоить.

11. Қажеттілік – необходимость.

12. Барлығының – у всех людей (у каждого).

13. Қазір олай емес – сейчас не так.

14. Тәуліктің тең жартысын – половина суток (половина дня).

15. Үнемдеу – экономить.

16. Өзгелер – другие.

2-тапсырма. Екі мәтінді тыңдап салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

(А) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Мен әр күнімді жоспарлаймын. Әр күні әр түрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар.

Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен нөмірге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейін тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай өйтпесем жұмысым,демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап беремін. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді, уақытында орындай алмаймын. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді.Сондықтан да демалатын уақыт бола бермейді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар- келіп-кетушілер, телефон қоңыраулары, авторлармен сөйлесу. Негізінде көп уақытым нөмірге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысамын.

Бұдан ұғып алғаным:Тек жоспармен жүру ешқандай нәтиже бермейді;

(Р.Петров,«Простор»журналынан).

( Ә) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Күн тәртібі менде жоқ. Негізінен биологиялық ырғақ бойынша өмір сүремін. Таңертең тұрамын, таңғы асымды ішемін. Жұмыс күні, кешкі ас, теледидар көремін, ұйықтауға барамын. Жұмыстағы барлық шаруаны өз мезгілінде бітіремін. Кейінге, әсіресе демалатын уақытыма уақыт қалдырмаймын. Яғни, адамда жұмыс уақыты және демалатын уақыты болуы керек деп есптеймін. Бірақ әрқашан ойымдағы бола бермейді. Кейде жағдайлар бізге билік жүргізеді. Күнделікті жұмыс күнімді жоспарлаймын. Бұл проблемаларды шешуге көмектемеді. Жоспармен жүру нәтиже береді.

(А.Баянов, «Новое поколение» газетінен)

Жұмысты уақытында бітіре алмайды

Жұмысты уақытында бітіреді

Жоспар керек

Жоспар керек емес

жұмысы өте көп

жұмысы

өз арнасымен өтеді

Сіз қайсысын жоғары бағалайсыз?

А адам

Ә адам

3- грамматикалық тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Шығыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

А)-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен

Ә)-ның,-нің,-дың,-дің

Б)- ға,-ге,-қа,-ке

В) -мен,-бен,-пен

2.Шығыс септігінде тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Мен Астана қаласында болдым.

Ә) Мен Астана қаласынан келдім.

Б) Мен Астана қаласын көрдім.

В) Мен Астана қаласын көрдім.

3.Тәуелді септеуде тұрған шығыс септігіндегі табыңыз.

А) немеремді

Ә) немереңе

Б) немереңізден

В) немересімен

4. Дұрыс жазылған шығыс септігінде сөзді табыңыз.

А) білімдімгінен

Ә)білімділігітерінен

Б) білімділігіңіздерінен

В) білімділік

5. Сөйлемді аяқтаңыз. Ол әкесі... емес, атасы... және әжесі... сұрауға

тырысты.

А)-нен,-нан,-нен

Ә)-ден,-нан,-ден

Б)-тан,-тен,-нен

В)-тан,-нан,-нен

6. Көмектес септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) мектептен

Ә) балаларыма

Б) немерелерімен

В) немересінен

7. Дұрыс жазылған сөйлемді табыңыз.

А) Әкесімен баласы бірге келе жатыр.

Ә) Ол өзінің әкесімен ұзақ сөйлесті.

Б) Әкесімен атасы ертеңгі жұмысты жоспралады.

В)Ол әкесімен анасын ұзақ күтті.