Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

11. Топтық жұмыс.

Қазақстанның футболы дамымай жатыр.

Бірінші топ бұл оймен келіседі.

Екінші топ бұл оймен келіспейді.

Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

Оқимыз

12. Мәтінді оқыңыздар.

Еркін күрес

Күрес - ұлттық спорт түрі. Еуропада грек – рим күресі, ал Азия мен Шығыста еркін күрес жақсы дамыған.

Қазіргі кезде елімізде спортқа ерекше көңіл бөледі. Жасөспірімдер мен жастар еркін күреспен жиі айналысады.

XX ғасырдың аяғында елімізге гольф, теннис, велоспорт және бильярд ойындары келді. Бұл спорт түрлерін дамытуға мемлекет ерекше назар аударуда. Спорт кешендері, гольф және теннис алаңдары салынды.

Біздің еліміз теннис пен велоспорт бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Биыл Лондонда өткен велоспорт жарысында А.Винокуров “Алтын медальді” жеңіп алды. Ол Қызылжар қаласында дүниеге келді.

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Әңгіме не туралы?

2. Гольф ойыны туралы не білесіздер?

3. Еліңіздегі спорт жетістіктері туралы не білесіздер?

Жазамыз

13. Берілген суреттер бойынша спорт түрлерін жазыңыздар.

Суреттерді пайдаланып, спорт түрлеріне қатысты сөздерді жазыңыздар.

14. Өздеріңізге ұнаған суретті таңдап, диалог жазыңыз.

15. Өздеріңіз құрған диалог бойынша, сұрақтар құрастырыңыз.

Грамматика

1Скругленный прямоугольник 96. Сөйлем құрыңыздар.

Менің досым

Стрелка вправо 8 спортшы. Ол адам

17. Кестені толтырыңыздар.

Адамны қасиетіне байланысты өздеріңіз білетін сөздерді жазыңыздар

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсідіріңіздер

1

Боксшы

-денесі шыныққан, қиындықты жеңе білетін қайратты, еңбекқор

2

______________

-тәртіпті талап ететін, өзіне де, басқаға даталап қоятын адам

3

______________

-ең жақын, сенімді адам

4

______________

-туыстарын ойлап, оған көмек бергісі келеді

Оқимыз

18. Тілшінің Еркежан мен Алдиярдан алған интервьюін рөлдерге бөлініп оқыңыздар.

Тілші: - Сәлеметсіз бе, Еркежан? Байқау жеңімпазы болғаныңызбен құттықтаймын!

Еркежан:- Рақмет!

Тілші: - Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Еркежан:-“Бурабай” спорт кешеніне барып, теннис ойнаймын.

Тілші: -Солай ма? Болашақ жоспарыңыз қандай?

Еркежан:-Мәскеуде өтетін шахмат ойындарына қатысуды жоспарлап отырмын.

Тілші: -Алдияр, бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Алдияр: -Бос уақытымда спортпен айналысам, бассеинге жиі барамын.

Тілші: -Болашақта кім болғыңыз келеді?

Алдияр: -Болашақта ақпараттық технология саласының маманы болғым келеді.

Тілші: -Қандай жоғары оқу орнына түскіңіз келеді?

Алдияр: -Қазақ – Британ технологиялық университетінің студенті болсам деп армандаймын.

Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

19. Жұппен жұмыс.

Үлгі бойынша бір –біріңізден интервью алыңыздар.

Жазамыз

20. “Салауатты өмір салты” тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар.

Сөйлеу жағдаяттық тапсырма

Илья Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында оқиды. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы “Спорттағы жетістіктерге жетудің негізгі жолы – табиғи тамақтарды пайдалану”. Сіз оның диплом жұмысын қорғау сәтін көрсетіңіз.

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Тыңдаймыз. Оқимыз.

Сөздік қор. Ұлттық дастарқан, қонақжайлық қасиет, ұлттық ұстаным, ерекше ықылас, ас беру, қадірлі тағам, сүт тағамдары, сыйлы асы, дәм тату, қойдың мүшелері, ақ бата, қонақ келсе-құт, адамгершілік рух, салқын тағам, ыстық тағам, тәтті тағам, ет тағамдары, сүт тағамдары, көкөніс, ұн тағамдары, дәнді дақылдар, күріш, тары, құрт, ірімшік, сорпа, тұздық, қамыр, құмшекер, баға.

Ой түрткі

а) Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіздер?

ә) Ұлттық тағамның ерекшелігі қандай?

б)Қазақ халқын неге «қонақжай халық» деп атайды?

в)Тойдың ең қадірлі тағамы қалай аталады?

Тыңдаймыз. Оқимыз.

Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық дастарқаны болады. Әр ұлт өз асханасының өзіндік ерекшелігін сақтап қалады. Қазақ дастарқаны ежелден өзіндік болмысымен ерекшеленеді. Қазақ халқы асты, тағамды өте құрметтеген. Дастарқан жайып, дәмді тағам пісіріп, оны жақсы ыдыстарымен дастарқанға қою дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мәдиетімізде ас беру арқылы адамға құрмет көрсету қалыптасқан. Бұл қазақ халқының қонақжай ел екенін көрсетеді. Әжелеріміз бен аналарымыз ұлттық тағамдарымызды дайындау дәстүрін осы күнге дейін сақтап келеді. Олар қымыз-шұбат, құрт-ірімшік жасауды ұрпағына үйретіп отырады, Халқымыз ұлттық тағамдарды ерекше дәмді даярлауды өнер деп бағалаған.

Тойдың ең қадірлі тағамы – қазақша ет. Оны пісіру үшін жылқы, қой, сиыр етін пайдаланады. Су құйылған қазанға қойдың мүшелерін салып, тұз қосып, баяу қайнатады. Қамыр илеп, дөңгелек етіп, жұқалап жаяды. Сорпаға пиязды турап, бұрыш салып, тұздық жасайды. Той табағы ерекше болады. Қадірлі қонақтарға бас пен жамбас тартады. Дастарқанға, ең алдымен, бауырсақ пен нан қояды. Сүт тағамдары «ақ» деген ұғымды білдіреді. Тілімізде «ақ бата», «ақкөңіл», «ақжол» деген сөздер мен сөз тіркестері жиі қолданылады. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қазақ дастарқаны» деген ұғымда тек тамақ түрлерінің атауы ғана берілмейді. Мұнда тұтас ұлттық адамгершілік рухы танылады. «Қазақ дастарқаны» - ұлтымыздың «Қонақ келсе-құт» қағидасына негізделген. «Төрге шық, дастарқаннан дәм тат!» деген сөзді қазақ ерекше ықыласпен айтуға қалыптасқан. «Төрге шық!» - түптеп келгенде, ұлттық ұстаным.

Сөйлейміз