Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

7.Сұхбатты рөлге қойып оқыңыз

Әлішер: Сәлеметсіз бе

Сағат шебері: Сәлеметсіз бе

Әлішер: Менің сағатым сынып қалды. Жөндеп берінізші.

Сағат шебері: Сағатыңыз артта қала ма, озып кете ме?

Әлішер: Сағатым тоқтап қалды. Кеше жерге түсіріп алдым.

Сағат шебері: Әкеліңіз көрейін… Әйнегі де сыныпты.

Әлішер: Онда жаңа әйнек салып берсеңіз.

Сағат шебері: Сағатыңызды тазалайын ба?

Әлішер: Иә. Қашан дайын болады?

Сағат шебері: Ертең келіңіз.

Әлішер: Ертерек болмай ма?

Сағат шебері: Ертерек болмас. Жұмысымыз көп.

Әлішер: Онда мен ертең келемін. Сау болыңыз!

Сағат шебері: Сау болыңыз!

Жазамыз

8.Сөздердің орыс тіліндегі адармасын көрсетіңіз, сөздікті пайдаланыңыз.

а) кісі

1. человечность,благородство

а)

ә) кісілік

2. воспитанный

ә)

б) даналық

3. болезнь

б)

в) ақсүйектік

4. следить, наблюдать

в)

г) мойындамау

5.уважаемый

г)

ғ) текті

6. не признавать

ғ)

д) қадағалау

7.великосветский

д)

е) дерт

8.мудрость

е)

ж) мәртебелі

9.человек

ж)

Оқимыз. Тыңдаймыз

9.Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.Уақыт-ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, басқаға да берілітін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

10.Мәтіндегі асты сызылған сөздердің синонимін табыңыз.

Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

Жазылым.

11.Сұраққа жауап беріңіз. Жауабыңызды цифрдың астына сөзбен жазыңыз

Үлгі: Уақытыңыз қанша?-Екі жарым.

02:30___________ 15:20___________ 21:34___________

17:50___________ 12:45__________ 18:08___________

10:05___________ 19:39___________ 08:30___________

12.Үлгі бойынша сөзбен берілген уақытты цифрмен жазыңыз.

Үлгі: Екі жарым – 02:30

Төрттен он бес минут кетті – 16:15; 04:15.

Екі жарым, төрттен он бес минут кетті; беске алты минут қалды; тоғыздан он минут кетті; бірден жиырма минут кетті; алты жарым; сағат он; үштен үш минут кетті; тоғызға он бес минут қалды; екіден он минут кетті; алтыға бес минут қалды; бестен отыз минут кетті; төртке үш минут қалды;онға он минут қалды; жетіге он үш минут қалды; он екіден он үш минут кетті; екіден отыз минут кетті; сегізге жиырма бес минут қалды.

13.Төмендегі сөз тіркестерін үлгі бойынша өзгертіңіз.

Үлгі: Жиырма екі сағат қырық бес минут- Он бірге он бес минут қалды.

Жиырма екі сағат қырық бес минут; бес сағат жиырма минут; екі сағат елу минут; тоғыз сағат жиырма бес минут; жеті сағат елу бес минут; төрт сағат бес минут; бір сағат он сегіз минут; үш сағат отыз үш минут; алты сағат отыз бес минут; бес сағат отыз минут; он бір сағат жиырма екі минут; сегіз сағат қырық төрт минут; төрт сағат елу үш минут; үш сағат отыз бес минут; жеті сағат он төрт минут; он екі сағат он екі минут; он жеті сағат отыз минут; жиырма бір сағат отыз төрт минут; жиырма үш сағат жиырма үш минут; он бір сағат елу жеті минут; тоғыз сағат жиырма екі минут.