Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

8. Сәйкестендіріңіздер.

Мерекелік кеште ұлттық киім киеміз

Футбол ойнау үшін сәнді киім киеміз

Наурыз мирамында

спорт киімін киеміз

Сөйлейміз

9. «Маған ұнайтын киім үлгілері» тақырыбына әңгімелесіңіздер.

Оқимыз

10. Мәтінді оқыңыздар.

Адам көркі- әшекей

Әшекей- мойынға, кеудеге, қолға, белдіктерге тағатын бұйым. Кез келген әдемі әшекей адамға көрік береді. Қыздар мен арулар әшекейлерді жұмысқа, мерекелерге, тойларға тағады.

Сырға- құлаққа тағатын сәнді бұйым. Оны қыздар мен әйел адамдар құлақтарына тағады. Сырға жасалуына қарай алтын сырға, күміс сырға, гаухар тасты сырға, оюлы сырға, жапырақ тасты сырға, маржан тасты сырға деп бөлінеді.

Қыздар мен әйел адамдар білезікті білегіне, моншақ пен алқаны мойнына тағады. Ал жүзік пен сақинаны саусағына киеді.

Белдік- адамның беліне тағатын сәнді бұйым. Ер адамдар да, әйел адамдар да белдік тағады. Белдіктер жіңішке, жалпақ әрі сәнді болады. Белдіктерді былғарыдан, қатты маталардан жасайды.

Айна, тарақ, түйреуіштер де әшекейлерге жатады. Әшекейлер қымбат металл мен таза, асыл тастардан жасалады. Гаухар және маржан тасты әшекейлер мен алтыннан жасалған бұйымдардың бағасы өте қымбат. Сондай –ақ әшекей бұйымдар арзан металл мен шыныдан да жасалады.

*Мәтінді қайталап оқыңыздар.

*Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

Бағалы бұйым

Сәнді зат

Арзан нәрсе

Алтын сырға

Күміс алқа

Гаухар моншақ сақина

білезік

Жазамыз

11. Әсемге, Әдеміге және Көркемге әшекей тағыңыздар.

Бұл- Әсем. Бұл- Әдемі. Бұл- Көркем.

12. Қос сөздерді тақырып бойынша бөліп жазыңыздар.

Аяқ-киім, етек-жең, ата-ана, әке-шеше, костюм- шалбар, ыдыс- аяқ, ас- су, бала- шаға, аға- іні, дәм- тұз, киім- кешек, жауын- шашын, көрші- қолаң, той- думан, құрт- май, кемпір- шал, ауру- сау, бай- кедей, дәрі- дәрмек, жер- су, аға- бауыр.

Оқимыз

13. Монологті оқып, диалог құрыңыздар.

Менің әжем алпыс жаста. Оның аты- Мейіргүл. Бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Қазір ол –зейнеткер. Ол киім тіккенді ұнатады. Өзі ерекше талғаммен тігеді. Өзіне және немерелеріне жазғы киімдерден көйлек, жейде, костюм- шалбар тіксе, қысқы киімдерден өзіне шапан, тон, немерелеріне пальто тігеді. Әжем шапанның етек- жеңдеріне ою салады.

Менің әжем- аққұба келегн, отра бойлы, толықтау адам. Оның саусақтары ұзын. Қолы шебер. Ол түрлі әшекейлер таққанды ұнатады. Қолына әрқашан күміс білезік және сақина салады. Қонаққа барғанда жібек көйлегін киеді, сәнді сөмкесін ұстайды. Менің әжем –мейірімді адам. Біз оны жақсы көреміз.

Сөйлейміз