Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

29 Билет 10-13 г Казакстан мадениети.

Орта гасырлардагы казак халкынын мадениети

Орта ғасырлардағы Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың материалдық және рухани мәдениетінен заттай және жазбаша деректер көп сақталған. Бұл деректер сол кездегі мәдениеттің қаншалықты дәрежеде дамығанын көрсетеді. Ең алдымен мұны біз жерлеу ескерткізтерінен білеміз. Мысалы: көптеген молаларда адамдар соғыс қаруларымен, аттарымен бірге жерленген. Орта ғасырларда әйел адамдарды тұрмыс заттарымен, ал ер адамдарды қару жарағымен бірге жерлеу кең тараған. Сәулет өнері.Сәулет өнері орта ғасырларда ғы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мазарлар, мешітттер көптеп салынған. Мұның барлығы археологиялық зерттеулерден белгілі болып отыр. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХII ғасырларда ислам дінінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Діни құрылыстар салынды.Бабаша хатун кесенесі.Бұл кесене- X-XI ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Кесененің маңдайшасында «Бұл мазар Бабаша хатун деп аталады» деген араб әрпімен жазылған жазу бар. Шатыр тәріздес 16 қырлы күмбезі бар кесене күйдірілген кірпіштен салынған.Айша Бибі кесенесі.XI-XII ғасырларда тұрғызылған. Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Төбесі күмбезделген, әсем ою-өрнектермен безендірілген бағаналары бар. Айша Бибі кесенесі – Қарахан мемле сәулет өнерінің туындысы.Қарахан кесенесі.Тараз қаласының маңында қарахандықтар сәулет өнерінің туындысы Қарахан кесенесі орналасхан. ХХ ғасырдың басында бұл кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде кесененің бұрынғы жобасы, ою-өрнектер өшіп кеткен.Сырлытам кесенесі.XI-XII ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ғимараттың күйдірілген кірпештен салынған күмбезі бар.Тараз, Отырар, Баласұғын қалаларындағы моншалар да ірі сәулет ескерткіштеріне жатады. Мысалы: Отырар моншасы – XI ғасырда салынған ірі ескерткіштер.

30. Шетелдик саяхатшылардын жазбаларындагы казак жери. Марко Поло,Коперний,Рубрук.\1245-1247 ж – Патша IV Иннокентийдің Күйік ханға жіберген елшісі Плано Карпини Оңт.,оңт-шығыс Қазақстандағы шапқыншылық зардаптары туралы жазды.1253-1255 ж –Француз королі IX Людовиктің Мөңке ханға жіберген елшісі Вильгельм Рубрук егіншілік мәдениеттің күйрегені және Іле алқабындағы қалалардың қирағаны туралы мәлімет қалдырды. Монғол шапқыншылығы жаулап алынған елдердң экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды.Зардаптары;

- халық шаппай қырылып,өндіргіш күштер әлсіреді.

- оңт.Қазақстан мен Жетісудің гулденген қалалары және қала мәдениәті жойылды.

- шаруашылық құлдырады.

- егіншілік мәдениеті жойылып,көшпелі мал шаруашылығы басым бола бастады.

- қазақ халқының қалыптасуы процесін тежеді.

31. 8-12 г гылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1 Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәге

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы