Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

137.Кр-нын мем рамиздери.

Тәуелсіз мемлекет ретінде Казакстанның мемлекеттік рәміздерін кабылдау маңызды тарихи окига болды.1992-ж маусым айында КР Жогары Кенес сессиясында мемлекеттік елтанба нұскасы кабылданды.Елтанба авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. 1992-ж маусымда КР Жогары Кенес сессиясында мемлекеттік ттудың нұскасы кабылданды.Тудын авторы Шәкен Ниязбеков.Республика әнұраны 1992 жылы желтоксанда КР Жогары Кенес сессиясында кабылданды .Әнұранның сөзін Т.Молдагалиев,Қ.Мырзалиев,М.Әлімбаев,Ж.Дәрібаева,әнін М.Төлебаев,Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазган.

139. Н.Назарбаевтын «Ғасырлар тоғысында» атты енбегі.Әр ұрпак тарихты кайта жазып шыгады деген сөз бар.Бәлкім, ло акикаттан онша алыс кете қоймайтын тұжырым шыгар.Бірак салай екен деп, күні кеше өз басымыздан өнкендердің көрер көзге өңін айналдырып жіберушілікпен келісе коюга болмас.Оны айтып отырган себебіміз:казір саяси мемуар жазу кайтадан үрдіске айналды.Ол бір жагынан түсінікті де.Зымыран уакыт бурын бірнеше онжылдыктарда камтитындай орасан окигалар бугін бір жылдын ішіне сыйгызып жіберіп жатканы рас.Соны пайдаланып кейбір мемуар жазгыштар тарыхты кайтадан кесіп пішуге тырысып бағуда.Сондагы көздейтіндері:болып өткен саяси окигалардын как төріне бастарынан шұғыла шашыратып,жүздеріне күлкі үйіріп, шалжитын өздерін отыргызып қою.Басын ашып алайык;бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді,өз басымыздан кешкенімізді, жүздес сұхбаттас болган тұлгалардың мінездемелерін камтыганымен, мемуар жанрына жатпайды.Егер бізге салса, бұл шыгарманын жанрын «болашак жайлы естелік» деп санаган орынды сиякты.

140..Ә.Назарбаев. «Казакстан 2030». Ел Президентинин Казакстан халкына жолдауы. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықар. ин-ттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi. Мұның өзi халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан азаматтарының өз елiне деген сүйiспеншiлiк сезiмiн арттырады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсiз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршiлерiмен және дүние жүзiнiң жетекшi елдерiмен өзара тиiмдi қатынастар қалыптастыруға саяды. Iшкi саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бiрлiк — қоғам мен мемлекеттiң одан әрi дамуының кепiлi. Бұл салада барша азаматтар үшiн тең мүмкiндiктiң және барлық этн. топтар үшiн тең құқықтың болуына кепiлдiк беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелердi шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзiмге қамтамасыз ететiн дәулеттi Қазақстан мемлекетiн орнату мiндетi қойылды. Шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақ қаражаттың деңгейi жоғары болатын ашық нарықтық экономика негiзiнде экон. өрлеу. Негiзгi қағидалары: мемлекеттiң белсендi рөлiн сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеудi қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күштi әлеум. саясат жүргiзу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркiн сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндiрудi одан әрi жалғастыру, шетелдiк инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейiн көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерiн сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесiне қарсы күресу, маскүнемдiк пен темекi шегудi қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерiн қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшiн мұнай мен газ өндiрудiң және оларды шетке шығарудың көлемiн жедел ұлғайту жолымен энергет. қорды тиiмдi пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшiн басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi серiктестiк орнату, мұнай мен газ экспорты үшiн құбырлар желiсiнiң жүйесiн жасау, отын қорын пайдалану қызметiнде дүниежүз. қоғамдастықтағы iрi елдердiң Қазақстанға және оның әлемдiк отын берушiлiк рөлiне ынтасын ояту бағытын ұстау, iшкi энергет. инфрақұрылымды жасау, өзiн-өзi қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсiз болу мәселелерiн шешу мәселелерiн қамтиды. Инфрақұрылым (көлiк және байланыс): ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеудi күшейту. Отандық көлiк-коммуникац. кешеннiң әлемдiк рыноктағы бесекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетiн сауда ағынын ұлғайту мiндетi қойылған. Кәсiпқой мемлекет: iске шын берiлген және елдiң негiзгi мақсаттарына қол жеткiзуде халық өкiлдерi болуға лайық мемл. қызметкерлердiң осы заманғы қабiлеттi құрамын жасақтау. Бұл саладағы мiндет осы заманға сай тиiмдi мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi Үкiметтi жасақтау, ұлттық мүдделердiң сақшысы болатын мемлекет орнату. Президенттiң жолдауында бүкiл күш-жiгердi осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкiндiктердi шоғырландырудың және үйлестiрудiң келелi идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесiндегi реформаларды жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн түбiрiмен қайта қарау қажеттiлiгi атап көрсетiлген. Бұл қысқа және ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттарды iске асыру барысында, ең алдымен, елiмiздiң барлық азаматтарының бостандығына кепiлдiк беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгi күнге деген сенiмiн нығайтуға бағытталған бiрден-бiр бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратег. мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған жиырма елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол, түптеп келгенде, сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2006 ж. 1 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсанында.». ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз.Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Екінші міндет – өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету. Үшінші міндет – өндіруші сектордың тиімділігін арттыру. Төртінші міндет – өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды.Бесінші міндет – өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы міндет – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші міндет – атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту.Сегізінші міндет – дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйемізді жаңғырта жаңарту. Тоғызыншы міндет – халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ

141 1995 жылғы 1наурыз –Мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық –кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту.1995 жылғы 24наурыз-Қазақстан халықтары Ассамблеясы I сессиясы ашылды.Қаралған мәселелер:-Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу.(Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді).1995 жылғы 29 сәуір – президент Н.Ә. Назарбаевтын өкілеттігін 2007 жылдын 1 желтоксанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді.Сайлаушылардын 95,4 % - ы Н.Ә.Назарбаевтын өкілеттігін ұзартуды қолдады.

142. 1995 ж 30 тамызда жана конституция кабылданды , Бұл негізгі Заңымызда респ ның экон қ күш қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері 1. демократиялық Презденттік басқаруға жол ашылды. 2, парламент екі палаталы болды: сенат, мәжіліс. Депутаттар саны 177ден 114 ке қысқартылды. 3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол соғуға болмайды, судьялар нақты істері б-ша есеп бермейді, тек Конституция мен заңға бағынады. Билік тармақтарына , мемлекеттәк лауазым иелеріне конституцялық құқықтарды бұзуға жол берлмейді. ҚР ұлтына қарамастан барлық азаматтардың үддесін қорғайды, қос азаматтыққа жол берілмейді. 1995 ж Конституцияның тарихи маңызы : Егеменді Қ ның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы , өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері , әлемдік демократиялық көріінс тапқан. Респ ның одан ары даму кезеңіне арналған тарихи құжат.

143.Қ.Р тил туралы заны. Ең бір күрделі проблемаға душар болған мәселе – қазақ және басқа да ұлт тілдерін дамыту қажеттігі.Қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтің жағдайға ұшырады:

- қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық функцияны атқарса,қазақ тілі бар болғаны 10 түолі функцияда пайдаланылды.

- қазақ тілі іс қағаздарын жүргізуден шеттетілді.

-қала жастары ана тілінде сөйлей алмайтын деңгейге дейін жетті.

- ата-аналар мен балалары әр түрлі тілде сөйлейтін жағдайға жетті.

Тіл мәдениетіне деген мұндай теріс көз-қарас қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдебиетіне,тарихына және салт-дәстүріне салқын тигізді. «Тіл туралы Заңның» жобасы жарияланып, жұртшылық талқандауына ұсынылды. 1989ж 22 қыркүйекте «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы заң» қабылданды.Орыс тілі ұлт аралық қатынас тілі болып жарияланды.Республикада қазақ тілін қайта түзету және дамыту жөнінде жұмыстар атқарылды:

  • 1990ж маусымында 1991 ж маусымына дейін қазақ тілінде тәрбелейтін 482 балабақша салынып,барлығы1677 болды.

  • Іс қағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тілінде басатын мамандар даярлайтын кәсіптік-техникалық училище жұмыс істеді.

1947ж 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет итститутының дөрекі саяси қателіктері туралы» қаулысы күшін жойды.

Бұл шаралар тыйым салынып келген көптеген көркем шығармаларды терең зерттеуге мүмкіндік туғ,ызды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы