Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

21. Кимак каганаты (9-11гг басы).

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

22. Огыз мем. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.

23-24.Карахан мем жане ерекшелиги

Қарахан әулетінің мемл-ті. Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан(915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 1942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді. 10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемл-к дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемл-ті, Бат.Түрік, Түргеш, қарлұқ мемл-ң терең ықпалы болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады.

25. Каракытай мем. Қарақытайдың құрылуы Орт.Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар б.з. 4ғ-ғы жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солт.жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің терр-сын мекендеген. 924ж Алтайдан бастап, тынық мұхитқа дейінгі аса кең жер қидан мемл-ң(Ляо имп) қоластына өтеді.

1125ж Сунь Қытайы мен Чжурчжень мемл-ң біріккен күші Ляо имп-сын құлатады. 1128ж қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы аттануға шақырады. Қарақытай көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға өз мемл-н орнатады. Қарақытай мемл-ң басшысы горхан д.а. Баласағұн оның иеліктерінің орталығы болып қала береді. әскерде тәртіп өте қатал болады, ел ішінде аула басынан салық жинау жүйесі енгізіледі - әр үйден 1 динардан салық алып отырды. 1143ж 1-горхан қайтыс болды. 1208ж қарақытайларға Моңғолиядан Шыңғыс хан тықсырып қуып шыққан күшлік бастаған наймандар қашып келеді.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы