Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

63.64.Қаз Ресейге косылуы: тарихи жагдайлар мен негизги сатылары.

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).

65. Киши жуздин ресей курамына кируи.Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу;Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

66.Орта жуздин Ресей курамына кируи.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

67. Абылай хан мен онын бирынгай Казак мемлекетин курудагы кызмети. Абылай – көреген саяси қайраткер бола отырып қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін туған дипломат.1740 ж. тамызда ол орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынбоға келіп, орыс өкіметінің «қамқорлығына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қатырасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік аттандырды(1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген). 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40000 әскерін талқандайды. 1755,1765 ж. Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын Шу бойын тазартады. Күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Щымкент, Сайрам қалалары қайта қазақ иелігіне өтеді. Ташкент салым төлеп тұратын болды. Абылай ханның артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. Неплюевтің : «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.

69. 1822 ж Сибир казактары туралы жаргы. Орта жуздеги хандык биликти жою.Орта Жузде хандык биликтин жойылуы. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде

70. 1824 ж Орынбор казактары туралы жаргы. Киши жуздеги хандык биликти жою 1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- Дистанция (54),басқарушысы – ру шонжарлары--Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1)Орталық басқару нығайтылды. 2)Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3)1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылд 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды

71. Улы Жуздин Ресей кол астына отуi XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi

72.18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды.

73.1867-1868 ж реформалар Хандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:Батыс облысы, орталығы - Торғай.Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құруӘлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілдіӘкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргіздіБолыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иелендіРеформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.II. Сот iciн басқару рылымы: Әскери сот-сот комиссиялары – уездік соттар – билер мен қазылар сотыСот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі. Реформа нәтижесі :Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.1886-91 жылдардағы реформалар1886ж2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару және жер,салық өзгерістерін енгізу» :1. Ресей үлгілеріндегі жаңа соттар құрылды;2. Соттардың төтенше съезі әскери-губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілеттік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізіліді; 2.төменгі сот бөлігіі-халықтық сот(империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын); 3.соттардың төтенше съезі облыстық әскери-губернатордың рұқсатымен шақырылды; 4.төтенше съезд өкілідк құқығы берілген чиновнигінің қатысуымен өткізілді. 1867-68жж әкімшілік сот істері

74 19 г 60-90ж Казакстандагы акимшилик жане сот реформасы.Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен,әскери-уездік соттардың рөлі басым болды.Әскери –губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты-отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны.Сот ісіндегі басты өзгеріс –ескі шариғаттық салттардың шектелуі.Реформа нәтижесіӨлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалық-патриалхалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады(кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппайм қоныстандыру басталды.1867-68 жылдардағы реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ‘‘тәжірибе’’20 жылға созылды. 1886-91жылғы 17 баптан тұратын жаңа заң: 1.Ресейдің үстем тап өкілдерінің мүдделерін; 2.отарлаушы әкішілік пен жергілікті ақсүйектердің мүдделерін қорғау1891ж 25наурыз “Ақмола, Семей, Жетісу Торғай облыстарын басқару туралы ереже”бекітілді:1.Түркістан өлкесінде 3 облыс:Сырдария. Ферғана, Самарқанд құрылып, орталығы-Ташкент. 2.Дала өлкесінде 3 облыс:Ақмола, Семей, Жетісу, орт-Омбы.Отаршылдық басқарманың күштеу аппарты:Ірі облыстық орталықтарды қалалық полийия басқармасы уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылыр мен ауыл старшындарын бекіту облыс әскери-губернатордың құзырында болды. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.

75 Ишки Бокей Ордасынын курылуы. Жәңгір хан мен оның қызметі.1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, Едiл мен Жайық өзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiн Кiшi Жүз қазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi. Е.Пугачев көтерiлiсi мен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сай Бөкей Ордасы деген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандар тарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.

76. Сырым Датулы бастаган котерилис (1783-1797). Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізп,Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды.1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады.1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылды. Сырым он екі ата бай ұлының аға старшыны болды.Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды.1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұтта халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді.1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалау сәтсіз аяқталды.Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор ген-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

77. Исатай Тайманулы мен Махамбет Отемисулы бастаган шаруалар котерилиси (1836-1838). Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. сқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады.Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.\

78. Кенесары Касымулы бастаган козгалыс (1837-1847). 1938 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты

.79. Жанкожа Нурмухамедулы баскарган сырдария жане Есет Котибарулы баскарган киши жүз казактарынын котерилиси (1853-1857). 19-ғ. 2-ж. Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей рулары Отырықшы қазақтар егіншілікпен айналысты.хиуа, Қоқан феодалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алды. Онда әскери бекіністер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр алды.хиуа, Қоқан езгісіне қарсы Сыр қазақтары көтерілді. Оны әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860) басқарды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 ж. Кенесары әскерімен бірге Созақ қамалын қамауға қатысты. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. 1847 ж. Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды жақсы жерден айыру үшін, Қуандария өзенін бөгеп тастады.Бұл кезде Сыр қазақтары солтүстік-батыс жақтан қауіп туғыза бастапан орыстарға қарсы шыға бастады. Өйткені 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 жанұясы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскері Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскерижелісі пайда болды. Оған Райым бекініснен Ақмешітке дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде орыстар қатаң тәртіп орнатты. 1857 жылға дейін үш мың қазақ отбасы жерінен айрылды.Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1857 ж. қаңтарында 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады.Көтерлісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михаиловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскер, бір зеңбірек болды. Көтерілісшілер жеңіліп қалды.1856 ж. 19-23 желтоқсанда көтерілісшілер тобы майор Булатов бастапан тағы бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің таралуы үкіметті қорқытты. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастапан әскери топ келді.. Көтеріліс жеңілді.Көтерілістен кейін Жанқожа халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды. Есет Көтібарұлы бастапан Кіші жүз көтерілісі 1853-1858 жж. болды. Көтерілістің шығу себебі- Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендерінің бойын мекендеген шекті руына түтін салығының салынуы, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан жер талылуы себеп болды.1855 ж. көтерілісті басу үшін Орынбор әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Тәукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерімен аттанды. Екі жақ арасында қырғын соғыс болды. Сол жылдың 8 шілдесінде Есет жасақтары Жантөриннің лагеріне шабуыл жасайды. Оны өлтіреді. Бірақ қару жоқтығынан көтерілісшілер шегінеді. Қолға түскен Есеттің 18 адамын патша үкіметі Сібірге айдап, 3 адамын атады. 1858 ж. қыркүйекте Бородин басқарған патша әскері Есет бастапан көтерілісшілерді Сам құмында талқандады. Есет көтерілістен бас тартып, үкіметке адал қызмет етуге уәде берді.

80.Столыпиннін аграрлык реформасы.ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

82, . 19 г екинши жартысы – 20 г басындагы Патша үкиметинин коныс аудару саясаты.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Т8рк3стан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент

83. 1853ж – ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский тобы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды.1854жылғы көктем – Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды.1854 жылғы күзде Верныйға Іле тобының 470 әскері,1855ж Сібірден 400 отбасы қоныстанды.Бекіністің салынуы 1855ж қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындауын тездетті.1855жҰлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.Верный бекінісінің салынуы XIX ғ.50ж.қазақ елінің оңт.аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

85. 19 г 1 жартысындагы агарту иси жане гылым. ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:Шариғат, яғни ислам дінінің ережелері. Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі. Араб тілі, араб философиясы.Діни қағидалар т.б. Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара,Ташкент, Түркістан сияқты қалаларды алды.Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан ХІХ ғасырың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер әкелді. 1789 жыл Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша өкімнтіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор учиищесі ашылды. 1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды. 1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат училище ашылды. 1837 ж Сібір кадет курпусы ашылды.1841 ж Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша жіне татарша білім беретн мектеп ашылды.1844 ж Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет курпусы ашылды. 1850 ж Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы