Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)

Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді.

-бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

-көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

-Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.

Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді:

Көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.

Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды:Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Орал,Семей.

Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942ж Одақта өндірілген:

-қорғасынның 85%-ын,

-көмірдің 1/8 бөлігін,

-молибденнің 60%-ын,

Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді.

Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағыл темір жолы,Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т.б

115. Улы Отан согысы жылдарындагы кенестик адамдардын енбек кахармандары. Каз – майдан арсеналы.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылыды.27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды.220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды.

116. Улы Отан согысынын майданындагы казакстандыктар. (1941-1945жж.)

. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. . 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.

117.Ұлт аралық қатынастар.Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейілінше күшейе түсті. Халық жаппай көшіп, шығысқа тұтас өнеркәсіп державасы орналастырылды. Республика 532 мыңнан астам адам көшірілді. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Қазақстанға Еділ бойынан 360 мыңнан астам немістер әкімшілік жолымен көшірілді.Соғыс жылдарында қалмақ, қаратай, ингуш, шешен, балкарлар, қырым татар, месхетиндік түріктер де дәл сондай жағдайға ұшырады. Күштеп жер аударылғандар саны 2 463 940.

118. Каз согыстан кейнги жылдарда. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.

119. Тын жане тынайган жерлерди игеру: себептері, барысы, салдары1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.Тыңның арқасында Қазақсан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды.Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді. 1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.

120.XX ғ.соңғы 50ж қоғамды демократияландыру.

КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.

1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;

2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.

3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.

4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.

121.60ж ортасындағы шаруашылық ркформалар,оның аяқсыз қалуы. Ғылыми-техникалық прогресс - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары бұл прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, кәсіпорындарды механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеп механикаландырылды.Іздеу-барлау жұмыстарының, мұнай өндірудің, мұнай өңдеудің технологиясы мен техникасы өзгерді. 1965 ж. 308 мұнай скуажинасында мұнай шығару процестері комплекстіавтоматтандырылдыжәне телемеханикаландырылды.Жалпы, кәсіпорындарды қайта құру, техникамен жарақтандыру, озық технологияны енгізуде бірқатар табыстарға қол жеткізілді.Бірақ ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шарушылық механизмінің арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар мен тұтас салалар өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем, жалпы өнім болды.60-жылдары-ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі сезілді. Сол кездегі ел басшылығы экономиканы терең құруға әрекет жасауға тырысты.КП ОК 1965 ж. Наурыз, Қыркүйек, Қазан Пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. 1960 ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорны өтті. Шаруашылық реформасы экономикалық дамуға қозғау салды. Бірақ нәтижесінде, реформаны тереңдетуге жасалған талғыныстар экономикалық экспериментке айналды.

122. Каз 70-80 ж басында алеуметтик экономикалык дамудын урдистери.70-ші жылдар ерекшеліктері: жанашыл үрдістер әлсіреді, қоғамдық кұрылыс ұстанымдары мен түрлері токырауга ушырады.Саяси өмір ұстанымдарыны түзетулер енгізген бетбұрыстар кезені басталды.1968-жылгы тамыз Чехословакияда жанару, сталиндік үлгіден бас тарту окиғасы «Прага коктемі» аталган бул ұмтылыс 5 ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізілуіне байланысты токтатылды.Идеологиялык наукан басталып, ЧКП дамуындагы дагдарысты жоюга, оппортунистік куштерге теориялык соккы беруге, партияның жетекшілік ролі туралы «маркстік лениндік» тұжырымдаманы кайта калпына келтіруге әрекет жасалды.Социолизм жүйесі елдерәнде социолизмдә бірте бірте жетілдіру идеясы туындады.Дамыган капиталистік елдерден халыктын материалдык тұрмыс денгейінің елеулі турде артта калушылыгы кушейді.Турмыс денгейінің кұлдырау себептері:әлеуметтік саланы дамытудагы калдыкты ұстанымнің сакталуы.Тауарлар сапасының нашарлауы.Акы төлеудегі тенгермешілік.Когамдык меншіктін өктемдігі.Турмыс денгейінің төмендеуінің зардаптары:Казақстан халыктын турмыс дәрежесі бойынша одактык корсеткіштерден арта калды.Енбекке немкурайлы карау туындады.Ұрлық, енбек тәртібінің кулдырауы, маскунемдік жаппай кубылыска айналды.Тауар зәрулігі кушейді.

123 билет 20 г 70 жылдарында токырау кубылыстарынын коринистери“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы йыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. Сом немесе халық шаруашылығына ьөлінген барлық қаржының барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 ішінде өнеркәссіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындарындағы дерлік бір орталықтан энергиямен дерлік энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғ ызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсцдің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. Ауылшаруашылық саласында 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылық жұмыстары жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту аркылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді.

124. Халыктың омір суру дарежеси: тенденциялары мен карама-кайшылыктары (70-80 жж.). 60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.

125.ҚонаевД.А –мемлекеттік және қоғамдық саяси қайраткер.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттің бірінші хатшысы. Жетістігі.Қазақстанның кеңес Одағының ролін нығайтты.Павлодар қаласын Хрущевград деп өзгертуден,Маңғыстау облысын Түркіместанға беруден сақтап қалды.Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің қомақты бөлігін қайтарып алуға қол жеткізді.Ақын О.Сүлейменовтен «диссидент» жасауға тырысқан М.Сусловтыңәрекетіне тосқауыл қоя білді.Қазақстан картасындағы Торғай,Жезқазған,Маңғыстау,Талдықорған сияқты жаңа облыстардың ашылуы осы кісінің еңбегімен тікелей байланысты.Оның тұсында қазақтың екі сериялы фильмі,12 томдық энциклопедиясы жарыққа шығып,Алматыда ғажайып архитектуралық ансамбльдер бой көтерді.Күрделі қиын уақытта басшы болған бұл адамның қай істе де Қазақ елінің алдында сіңірген еңбегі талассыз.

Кемшілігі.ҚКпок 1987 жылғы пленумінде Д.А.Қ. қателіктерін әшкерлеу науқанын жүргізуге «талпыныс» болды.Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды. «Бастама» халықтан қолдау таппады.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы