Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

86. 19 Г екинши жартысы мен 20 г басындагы казак халкынын мадениети

Құрмангазы Сагырбайулы(1818-1889)1818 жылы Бөкей ордасындагы Жиделі деген жерде туған күйші, сазгер. Музыка өнеріндегі алгашқы ұстазы Ханбазар болған. Курманғазы артына көп күйлер қалдырған (60).«Кішкентай» күйі Исатай Тайманұлына арналған.«Сарыарқа» күйі қазвқтын кең өлкесін, халык өмірін сипаттайды.•Кызылкайын», «Балбьрауын" куйлер! би күйлер! болып есептеледі. Курмангазыньң будан баска «Адай», «Көбік: шашкан», «Турмеден кашкан», «Ақсақ киік», «Акбай» т.б. күйлер! бізге жеткен. Курмангазы жаламен Иркутск, Орынбор, Орал түрмелерінде отырған. Өмірінің соңы Астрахань жерінде өткен. Оның Дина, Ерғали, Сүгірәлі, Шора, Көкбала, Меңдіғали сияқты белгілі шәкірттері болған.Дэулеткерей Шығайулы(1820-1887)1820 жылы дүниеге келген күйші, сазгер. Бөкей ордасының жерінде өмір сүрген. Исатай Тайманұлы баскарған шаруалар көтерілісі оның шығармашылығына әсер етеді. Дәулеткерей Мәскеу, Петербург, Орынбор калаларында болады.Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйі бізге,жеткен.Күйлері: «Желдірме», «Құдаша», «Жұмабике», «Ыскырма», «Косалқа», «Тартыс», «Акбала кыз».Орыс әскери маршы әсерінен туындаған күйлері:«Ващенко», «Топан», «Коңыр», «Косішек»Тәттімбет Қазанғапулы(1815-1862) 1815 жылы дуниеге келген күйші. Күйлерінің саны 40-тан астам. Тәттімбет «Бестөре» күйінде карапайым халыкты езген аксуйектерді сынайды.Күйлері: «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Былқылдақ», «Алшағыр» т.б.1855 жылы Петербург каласында ұйымдастырылған өнерлік сайыста Тәттімбет күміс медальға ие болады.Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)1843 жылы дүниеге келген күйші, қобызшы, сазгер. Кобызда ойнауды жаксы көрген.«Жарым патша» куйі - патша укіметі шенеуніктерін сынайтын туынды. Онын күйлері:«Қорқыт»,«Коңыркүй»,т.б. Біржан Сал Кожагулулы (1834-1897)1834 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген ақын, әнші, сазгер. Оның 40-қа жуық әні сакталған. 1865 жылы Біржанның. Абаймен кездесуі оның әншілік, сазгерлік өнерінің дамуына әсер етеді.Біржан әндері: «Жанбота», «Айтбай», «Ғашығым», «Біржан сал» т.б. Біржанның суырыпсалма акындық. өнерінің дәлелі - оның Сарамен айтысы. Біржан шәкірттері: Акан сері, Үкілі Ыбырай, т.б.Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913) 1843 жылы Көкшетау жерінде дүннеге келген әнші, сазгер» акын. Ол өзінің қасына әнші, өнерпаз адамдарды жинай білген. Сонысымен ол сері атанған. Әншілік өнері 16 жасынан басталды. Акан өмірінің соңы трагедияларға толы. Акын өзі заманының үстем тап өкілдеріне батыл қарсы шыға алатын тұлға болды.Аканның әндері»: «Манмаңгер*. «Кұлагер», «Балқадиша». «Сырымбет», «Сұрағанға», Көкшетау», «Шағырмаққа», «Смағұлға» т.б.Акан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ. Естай, Біржан сал сияқты әншілер-мен дос болған.

87. Ш.Уалиханов. Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды.

88. Абай Кунанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)

89. 2 Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз алдырған. (Абай) Ыбырай Алтынсарин 1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.

90. Столыпиннин аграрлык реформасы. ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы