Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).

60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.

Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.

70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.

Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.

Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді

127. Каз кайта куру. Елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы (1985-1991 жж).1985 ж. наурызда КОКП ОК Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Партияның Сәуір Пленумында (1985 ж.) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету концепциясы айтылды.Одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді.Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады

128. 1986 ж желтоксан окигасы. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді. 86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат — 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі.

129. 3 КСРО ның ыдырауы 1991ж тамыз төңкерісінене кейін КСРОның ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады . 1991ж 8желтоқсан Минскідегі Беловеж келісімі , (Беларусь, рксфср, Украина республика ның басшылары ) қаралған мәселе -1922 КСқұру туралы келісім шартты жою , -ТМД құру туралы келісімге келу, - 1 991 13желтоқсан Ашхабад келісімі. Қаралған мәселе: 1.Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау; 2.Алматы кездесуін жоспарлау. 1991ж 21желт Алматы келісімі. Қатысушы елдер: Қазакстан, Қырғы.Өзбекс.Тәжікс.,Түркменс.,РКФСР, Украина, Белорусь,Молдава, Әзірбайжан, Армения-барлығы 11республика. Грузия бақылаушы есебінде қатысты.КСРО президенті Горбачев шақырылмады. Қаралған мәселелер: 1КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты;2.ТМД құрылды.3.Ядролық қаруы бар мемлекеттер ТМДға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. Осы оқиғалардан кейіегі іс-шаралар:1.1991 21желт Горбачев КСРО президенті қызметінен кетті.2.1991 26желт КСРО өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Деклорация жарияланды. Республика егемендігі орнығуымен бірге Республика президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөнініндегі заң» қабылданып, президенттік қызметке Назарбаевтың кондидатурасы ұсынылды.

130. егемендік туралы диклорациясы 1990 ж25 қазан Қаз-ың Егемендігі туралы Диклорайия қабылданды. 1991 ж. Қазак КСР Қауыпсыздық кеңесі кұрылды.1991 ж. 16 желтоқсанда Қаз-ан республиканың тәуелсіздігі жарияланды. 1 желтоқсанда Қаз-ан Респуьлика президенті Н.Ә. назарбаев сайланды. 17 желтоқсанда Демократиялық жаңару күні болып жарияланды. 21 желтоксанда ТМД кұрылды.1992 ж 2 наурызда Б¥¥ мүшесіне кірді. Қ.Р. барлық мемлекеттермен өзара қатынас халықаралық хұқ принциптері бойынша құрады. ҚР. териториясы казіргі шекараларында біртұгас,бөлінбейтін ж/е кол суғуға болмайтын територия болып табылады.Қ.Р. мемлекеттік тэуелсіздігінін негізін кұрай отырып, тек кана соның меншігінде болады

131. 1991ж 16 желтоксан республикасынын Жоғарғы Кеңесі 7-ші сессиясында “ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң”қабылданды. Бұл құжаттың 1- бабында ҚР-тәуелсіз демократиялықжәне құқықты мемлекет деп сипатталды.ҚР: 1.Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді;2.Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатнас орнықтырады;3.Террит шекарасы бртұтас,бөлінбейді,қол тигізуге жатпайды. Құжаттың 2-таруында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі-республика азаматтары.Басқа мемлекетте тұратын азаматтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді.Республикалардан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды. Мемлекеттің маңызды міндеттері: 1.ұлттық мәдениетті,дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып дамыту;2.ҚР ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нағайту. Құжаттың 3-тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР және оның атқарушы өкімет басшысы-Пезидент. Құжаттың 4-тарауында мемлекеттің негіздеріне анықтама берілді:1.Меншіктің барлық түрлерінің көптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйе құрылады;2.Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі,экон. және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып жарияланады.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы