Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

51-52. Казак когамынын саяси-акимшилик курылысы жане алеуметтик курылымы 16-18 г.

XV ғ.Хандар сайланып қойылатын болған.Хан-азаматтық,әкімшілік,соттық және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы.Ханның тұрақты әскері болмады.Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасақты жинап отырды.Хан көшіп-қону орындарын белгіледі, соғыс жағдайында ғана ханның жарлығынсыз көшу мүмкін болды.Бейбітшілік заманда ханның рұқсатынсыз көшіп-қонуға жол берілмеді.Ханның жасағы-төлеңгіттер Ұлыстары басқарушылар-сұлтандар. Хан кенесінің құрамы: сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері.Жылына бір рет шақырылатын үш жүздің өкілдерінен құралған Құрылтайда әскери,елшілік,жер дауы шешілді. Мемлекетті басқаруда әдет-ғұрып ережелері және мұсылмандық шарттар негізге алынды.Билер әкімшілік билік пен сот билігін қолдарына алды. Әлеуметтік құрылымы. Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежірег е енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі

53)Казактардын шаруашылыгы 15-17г : көшудің бағыттары, жайлымы, отырықшылық, қолөнер, сауда.XV-XVII ғ.қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:1)көшпелі 2)жартылай көшпелі 3)отырықшы Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы,түйе.Ірі-қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:– қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Алғашқы қар жауысымен ерлер аң аулауға шығады. Сыралғы – аңшылардың ұстаған аң- құстарын жолда кездескен сыилы адамдарға, достарына байлап кету дәстүрі. Сауда. Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғылды.

54 Касым ханнын каска жолы.

лтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолын» шығарды.Заң 5 бөлімнен тұрады:Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар.-Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар.-Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар. - Елшілік қатынастарды реттеу. - Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі Қасым билігінің соңғы кезеңдері (XVI ғ) тыныштық заман болды.Ол халыққа хан билігін мойындата отырып,ел бірлігін сақтай білдді. Сауда дамып, Сауран қаласы сауда орталығына айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болады. Есім ханның ескі жолы.Есім хан( Шығайдың баласы, 1598-1628 ж. )Саясатың ерекшелігі:1)барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.2)осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды.3)Оңт. Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.4) «Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды.Заңда :әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті. әскер тәртібін бұзушылырға берілетін жазаны ауырлатты .Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.Тәке ханның жеті жарғысы.

XVIIғ. Аяғы - XVIII ғ. Басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті жарғы»заңдар жинағы шығарылды:1)ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді. 2)құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді. - әкімшілік-құқық номалары мен қылмысты іс құқығы

- сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал; соққыға жығушы 27 мал айып төлейді. - сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу

- әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу- әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлейді.- жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді. - ұрлық үшін үш тоғыз (27) төлейді, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқы немесе 1000 қойға тең) аталады.- өлтірілген тазы немесе бүркіт үшін иесі құл немесе күн талап етеді - хан, сұлтандар,ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет

- жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кіші орын бермейді. - әрбір тармақтың , ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы