Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

44. Казак этноними.

Тарихи әдебиетте қазақ этнонимінің шығуы жайында әр түрлі пікірлер кездеседі. Мәселен, әйгілі шығыстанушы ғалым Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Қазақ сөзі ежелгі замандағы Каспий және сақ деген екі тайпаның атының қосылуынан шыққан деп тұжырым жасайды. Белгілі Қаз-ндық тарихшы М.Ақынжанов «қазақ» сөзі «қас»(нағыз), сақ(тайпа) деген екі сөздің қосындысы дейді. Ал 982ж парсы тілінде жазылған «Худуд әл-Ғалам» атты кітапта «Алан мемл-де қасақ деген ұлыс бар»,- делінген. Біреулер оны түрік етістігі, «қаз»-ға «ғақ» жұрнағын жалғап, «қазғақ»(еркін адам) сөзін құраса, біреулер сол «қаз»-дан «үйрек» және «ақ» деген ойға қонымсыз этимологиясын жасайды. Қайткенде де «қазақ» түрік сөзі екені анық. Оның шығу түркіні қандай болғанымен әуелден еркін, ер жүрек адамдар деген мағынаны білдіреді.

45. Казак хандыгынын курылуы.

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты.

Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.

46.56 Казак жуздери-казак халкынын этногенездик курылымынын ерекше белгиси. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар 3 жүзге бөлінді. 1) Ұлы жүзМекендеген өңірлері: Оңт. Қазақстан, Жетісу (Іле,Шу,Талас өзендерінің бойы)

Тайпалар: Дулат, Албан,Үйсін, Қаңлы,Жалайыр, Суан,Шапырашты, Сіргелі, Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.2) Орта жүзМекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан. (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы ) Тайпалар: Арғын, Найман,Керей,Уақ, Қыпшақ, Қоңырат Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.3) Кіші жүзМекендеген өңірлері: Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы) Тайпалар: ТАБЫН, Адай, Шөмекей, Жағабайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш,Кіші жүзді Кейде Жанарыс деп те атайды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы