Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

91.Улттык интеллигенциянын калыптасуы жане тагдыры.

Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған.Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды.20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті.Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды.60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті.Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.

92. . Казак улттык интеллигенция жане онын 20 г басындагы олкенин когамдык-саяси омириндеги роли. Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған. Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды. 20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды. 60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті. Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.

93.20г басында казак басапа сози мадениеттін жанаша сипатпен

кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. XX ғасырдың басып шығару ісі. Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды.Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Казан, Ташкент қалаларында да колға алынды. кітап шығару ісінде орыс географиялық коғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А.Байтұрсынов М.Дулатов, С.Торайғыров, С. Дөнентаев,Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың, С. Дөнентаевтың шығармаларыда басылып шықты. С. Торайғыровтың "Шәкірт ойы ",Адасқан өмір,*Бір адамға*, "Камар сұлу*, "Алты аяқ*, Спандияр Көбеевтің Қалың мал т.б. шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып

саналады. А. Байтұрсынов - қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А. Байтұрсынов "Қазақ газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінің үнқағазы болған "Қазақ" газетінің: редакторы кызметін 1917 жылға дейін атқарған. А. Байтұрсыновтың "Маса" (1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген. Ш. Кұдайбердиев - Абайдың шәкірті, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларыньң бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін мең-герген. Ш. Кұдайбердиевтің "Түрік, кырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі (1911} атты тарихи енбегі, "Қазақ айнасы" (1912) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Поэмалары: "Калкаман-Мамыр", "Еңілік-Кебек'' 1906 жылы патша үкметі оку-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің " жұмыс істеуіне шек коя бастады. Ағарту ісін дамытуға каржы өте аз бөлінді. "Айкап" журналы, "Казақ", "Степной край", *Сибирская жизнь Газеттері казак халкының негізгі басылымдары жақсы дамыд

94. 1916ж Казакстандагы улт-азаттык котерилис. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікғей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А.Иманов, Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ө.Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Боқин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, "Қазақ" газеті төңірегіндегі зиялылар (Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А.Иманов, Ә.Жангелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А.Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов бас сардарбасы болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

95. 1917 ж Ресейдеги Акпан буржуазия-демократиялык революция жане онын Казакстан ушин мани. 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық т

өңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.

96.1917 ж Казан тонкериси жане Казакстандагы саяси оқигалар. 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.

еңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды.

97.Алашорда укимети. Қазақ зиялыларының құрған қозғалыстарының бiрi 1905 жылы "Aлаш" қозғалысы. 1917 жылы "Алаш" партиясы әлеуметтiк негiзi - капиталистiк даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты:Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. Автономиялық ұлттык мемлекет құру.Бағыты: реформистік капитализм жолы.Жетекшiсi Әлихан Бөкейханов (1869—1937). Шынғыс хан ұрпағыРесей либералдык-демократиялык қозғалысының қайраткерi бұрынғы кадет партиясынын мүшесi Мүшелерi: А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ш. Кудайбердиев, М. Тынышпаев, Г. Қарашев, С. Торайгыров, Х. Габбасов, А. Ермеков ағайынды Досмухамедовтар. "Алаш" партиясы жетекшiлер Қазан төңкерiсiн және Қазақ мемлекетiн кеңестiк негiзде құру идеясын қабылдамады. СебептеріҚазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттадыФедеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді Алаш партиясы ақиқат жағында болды Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады

98.«Үш жүз» партиясы1917 жылғы күз – «Үш жүз» партиясы («Қырғыз социалистік партиясы») құрылды. Жетекшісі – Көлбай Тоғысов.Мақсаты: большевиктік бағыт ұстап, «Алаш» партиясына қарсы күресу. Бұл партияның іс-әрекеті 1917жылғы күз – 1918 жылдың басы аралығында елеулі түрде өзгерді: Алғашқыда социал-революцияшылар партиясымен одақтасты.1918 жылдың қаңтарынан Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.1918 жыл басынан большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.1917 жыл – Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды. Мақсаты:- Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру.- Қоныстандыру саясатын қолдау.Кадет партиясына мүше болған Ә. Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарына шықты. Семейде кадет ұйымы «Свободная речь» газетін шығарып тұрды.1917 жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. Мақсаты: - «Жерді шаруаларға беру керек, жер-бүкіл халықтың меншігің ұранын көтеру.» - Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарламаларын ұсынды.

99. Азамат согысы кезениндеги Казакстан. (1918-1920жж.)Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтығ жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілдіАқтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырыған, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы