Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

132-Билет . Каз Егемен,Тауелсиз мем ретиндеги калыптасуы мен дамуы.

1991ж 16 желтоқсан –республиканың тәуелсіздік алған күні.Қазіргі ҚР шет елдерде 30-дан астам дипломатикалық және консулдық өкілдіктер ашты.

1992ж 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1992 ж 4маусым – Қ.Р мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

1992ж қаңтар Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі Істер әскері құрылды.

1993ж 28 қаңтар Қ.Р тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995ж 30 тамызда еліміздің жаңа конституциясы қабылданды.

1991ж 2 қазан алғашқы қазақстандық ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

133-Билет.Республикадағы экономикалық реформалар:нарыққа көшудің қиыншылықтары.

Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алыпсатарлық,делдарлық,пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды.Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:

  • Экономиканы мемлекет иелігіне алу,

  • Жекешелендіру,

  • Кәсіпкерлікті дамыту,

  • Монополияны жою,

  • Бағаны босату,

  • Қатал ақша-несие және қаржы саясатын жүзеге асыру,

  • Құнсыздану қарқынын реттеу,

1990ж ортасында нарықтық қатынастардың дамуындағы негізгі экономикалық тенденциялар:

1.Жекещелендіру

2.Монополиялық басқару құрлымын тарату.

3.Еркін баға

4.Қарыз ақша және қаржы саясатын қауырт жүзеге асыру.

1990ж нарықтық құрлымның қалыптасу саясатында негізгі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.

134. Каз коппартиялы жуйе Казакстаннын егемендик алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.1993 жылдың соңы – 4 саяси партия тіркелді: Қазақстанның социалистік партиясы (ҚСП); Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП); Қазақстанның халық конгресі партиясы (ҚХК); Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП).1991 жылғы 7қыркүйек - «Қазақстанның социалистік партиясы» құрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік партиясы). Құрамында 47мың мүшесі болды.Төрағасы – А. Әлімжанов, кейін П. Своик. Мақсаты: еңбекшілердің әлеуметтік жағынан қорғау; әлеуметтік ұстанымдардын орнату; меншік түрлерінің теңдігін қорғау; ҚСП еліміздің бұқаралық партия болып есептелді. 1991жылғы қыркүйек – Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде Қазақстанның Республикалық партиясы» құрылды. Төрағасы: С. Ақатаев. Мақсаты: қазақ ұлтын өркендету.1991жылғы 5 қазан – «Қазақстанның Халық конгресі партиясы» құрылды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты: ұлттық саяси күштер құру.1991жылдың күзі – «Қазақстанның коммунистік партиясы» құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақсаты: ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату.

135. Н.Назарбаев 10 жылдыгымыз 100 жылға тән.Қазақстан республикасынын 10-жылдыгына арналган салтанатты жыналысындагы Елбасының сөйлеген сөзі? Кеңес Одағы ыдырап, коммунизм кулаған соң, Қазақстан небәрі он бес жылда тәуелсіз мемлекет болып құрылды. Буган дейін казыргі заман тарихында ол ешкашан тәелсіз болып көрмеген еді.демократияны саяси саналылык еркін нарыктык экономиканы куруды нолден бастауга тура келді.Осыны еске ала келген Қазақстанға бул салаларда өсуге кол жеткізуі, аса уздік және он табыс болды.

136,138. Каз халык аралык байланыстары Қазақстан сыркы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: ТМД, Азия, Еуропа елдері, АКШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. Мәдени экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды колданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.Қазақстан –Ресей байланыстары 1992 жылғы 25 мамыр – Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды.1995 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жарияланды.

1996 жылғы 27 сәуір – Алматыда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен Декларациясына қол қойылды. Маңызы: екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу; аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.1998 жылғы 6 шілде – Мәскеуде ХХІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты; қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті; Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы