Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

55. Кукыктык норма Адет (кепил,сауын,аманат,аменгерлик,айып)

Халықтық әдет-ғұрыпты айқындайтын ерекше дәстүр – үйлену тойы.Қызға құда түсудің жолдары: 1)қарын құда – бала анасының құрсағында жатқанда атастыру.2)бесік құда – бесікте жатқанда уәделесу.3)айттыру құдалығы – қыз бой жетекнде құда түсу.4)сүйек жаңғырту құдалығы – ескі жекжаттардың қыз алысуы. Қалыңдықтың туған-туыстарына көрсетілетін сый рәсімдері:1)қалың мал – 47 жылқы.2)сүт ақы – қалыңдықтың анасына 3)той малы – қалыңдықтың әкесіне.4)тарту – қалыңдықтың аға-інілеріне5)кәде – қалыңдықтың туыстарына беріледі Жас келін алғашқы баласын туғанға дейін немесе ұзатылғанға жыл толғанға дейін өзінің ата-анасына баруға тиым салынған.Төріндеу – ұзатылған қыздың жыл аралап төркініне келуі. Бәсіре (енші ) – төркіндеп келгенде баласына берілетін сый(қозы,бұзау,құлын,тай,бота) Ат тергеу – жас келіннің күйеуінің туыстарын аттарымене атамай, ереклетіп қосымша атпен атау дәстүрі. Әмеңгерлік(левират) – жерірдің марқұм күйеуінің туыстарына қосылу дәстүрі.Әменгерлік күйеу бала қайтыс болған жағдайда айттырылған қалыңдыққа да қолданылды.Балдыз алу (сорорат) – ер азаматтың марқұм әйелінің туған сіңілісіне үйлену құқығы.Қалың малы төленіп қойған қалыңдық әкесінің үйінде өлсе, сорорат міндетті деп саналған. Жамбы ату – нысанаға күміс қойып садақпен ататын ойын. Көкпар – жігіттердің күшін, ептілігін, шеберлігін көрсететін сайыс.

57)16-18 г. Казак-орыс карым-катынасы. XVIIIғ.-дың ортасына қазақ өлкесінің саяси-экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары және шет елдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы . XVIIIғ. 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.Өазақтардың жиі саудаласытын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңейтті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.1766ж.Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.Ресейден әкелінетін тауарлар – көшпенділірдің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.1767 ж. 15 қараша – екінші Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан териториясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

58.Казак халкынын тарихындагы Толе, Казыбек, Айтеке билердин роли. Айтеке би Байдибекулы (1644-1700) мемлекет және қоғам қайраткері.Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Атақты Жалаңтөс батыр Әйтеке бидің үлкен атасы болып келеді.Ұлықбек медресесінде оқып, білім алған Әйтеке әкесі Ақша ханның (Қоқан ханы) және Жалаңтөс батырдың тәрбиесінде болып, ел басқаруды үйренеді. Әбілхайырға дейін ол кіші жүдің барлық руларын басқарған. Тәукенің хан кеңесіне еніп, «Жеті жарғыны» жасауға,мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан. Төле би Әлібекұлы(1663-1756) – Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан қоғам қайраткері, ойшыл дана, шешен. Халық оны «Төле би» атаған. Қазіргі Жамбыл облысының Жайсан деген жерде туған. 20 жасында сот ісімен айналысып, әділдігімен ерекшелінген. Тәуке хан тұсында хан кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысады.Тәуке ханнан кейін Ұлы жүзді басқарды,Ташентті биледі. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін ұйымдастырушы. Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765) – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазіргі Қарағанды облысында туған. Жас Қазыбектің асқан қабілеттілігіне көз жеткізген Орта жүз ақсақалдары мен билері оны сот ісін қарауға тартады. Қазыбек би Тәуке, Болат,Сәмеке, Әбілмәмбет,Абылай хандардың кеңесшісі болған, мемлекет басқаруға араласқан. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Абылай тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған.XVIII ғ. 40 жыл Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан басты қайраткер.

59.Казак мемлекеттигинин басы. 15-16 г гасырлар тогысындагы Казак хандыгы. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.

59. Казак мемлекеттигинин басы. 15-16 г тогысындагы Казак хандыгы. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қазақ рулары Сібірден Сырдарияға, Ертістен Жайық жағасына дейінгі ұлан байтақ жерді иеленді. Қазақ халқы мемл-тігінің қалыптасу тарихы Алтын Ордалық мемл-те орныққан ұлыстық жүйінің тарихымен тікелей байланысты. Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. 15ғ-ң орт-нан бастап, 17ғ-ға дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Заид ад Дин «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қаз-н терминімен жетісудің оңт-бат-ғы Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қоластында болған қазақтар қоныстанған аймақтарды айтады. Әбілхайыр ханның сыртына кетуші рулар мен тайпалар Жәнібекпен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар 1-рет М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабынан көрінеді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты және өздерінің бас тартуларын Шыңғыс хан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрі мен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті-Қыпшақта билік дасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен дәлелдеді деп көрсетеді. Дулати қазақ хандығының құрылған уақытын Хижраның 870ж (1465-1466жж) жатқызады. Әбілхайыр дүние салысымен қазақ хандары бірден даладағы билікті өз қолдарына алу жолындағы күреске араласып кетті.

60) Казактардын жонгария жаулаушыларына карсы бирлескен куреси.1726ж. Ордабасы деген жерде(Қа-зіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүз-дері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Беле-уіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шай-қаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қа-зақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жоры-ғын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жер-іне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайта-дан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұл-тан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармай-ды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқта-лып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржо-лата қуылды.

60-62. 17-18 г биринши уш онжылдыгында казак халкынын жонгар баскыншылыгына карсы куреси. 1726 ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Торғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүстігінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес көлінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш – қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жерді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра берді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батысқа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бірге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқаннан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде достық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйекте 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына басып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды. Қаз-н 17-18ғғ. Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемл-к құрылымның егізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық жеті жарғы деп аталған нормалар жиынтығы жасалынды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы 1710-1711жж, 13 және 18жж етек алды. Ал 1723ж «Ақтабан Шұбырынды» олар қазақтардың бір бөлігін этникалық терр-нан тысқары шалғайға асырып тастады. Көптеген қазақтар орта азияға қашты, мұның өзі жергілікті халықпен арадағы қатынасты ұшықтырмай қалмады. Патриархалдық-феод. қатынастардың ерекшелігі қазақ мемлекеттігі дәрежесіне кері әсер етті. Солай болғанмен Тәуке айтарлықтай күшті хан болып саналды, қазақ жүздерінің бәріне билігін жүргізген хандардың ішінен соңғысы болғанын атап көрсеткен жөн. Ол өлгеннен кейін жүздерді өздерінің хандары биледі. Олардың шыққан тегі әр түрлі. Жүздер дербес хандықтарға айналды. Олардың белгілі атаулары болған жоқ.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы