Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

100.Казак акср-дын курылуы. Каз улттык-мемлекеттик курылыс.(1920-30-жылдар)

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақстандағы (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

101. Каз шетел согыс интергенциясы мен азамат согысы. "Согыс коммунизми" саясаты. Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.

102. Қаз (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

103.Казак жерлеринин Казак АКСР курамына бириктирилуи 1919 жылғы 19 қыркуйек – Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.1920 жылғы 7 шілде - Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 жж) болды. 1924-1929 жж. Астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана - Алматы.Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынов пен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Ci6ipгe еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиндердің тарихидеректемелерінен кейін ғана шешілді1921 жыл - Ақмола және Семей облыстары Ci6ip ревкомы қарамағынан КАКСР-не берілді.I ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Семей облысы Ақмола облысы Topғай облысы Орал облысы Маңғыстау уезі Закаспий облысы Астрахань губерниясының бip бөлігіБөкей Ордасы және Каспий Teңізi жағасындағы болыстар.Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеуді1 және Оңнтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді. Нәтижесінде:Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.Қазақ жерінің біртұтас Қазак республикасы болып қалыптасуы аяқталды.1924 жыл - Орта Азияны ұлттык-мемлекеттік жағынан межелеу.Сырдария мен Жетісу облыстары қазақ AKCP-i құрамына енгізілді.\II КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Сырдария облысы Самарқанд облысы - Жизак уезінің бірнеше бөлігі. Жетісу облысы ҚАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлінді.Республика аумағы - 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы - 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді) адам. Қазақтар - 61,3 % (1926 ж. санақ).1925 жылғы 15-19 cәyip - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық V съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді.

105. Киши казан тонкерисинин багыты Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;

106. Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. академик Н.С:Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп «ҚАКСР-і Кңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп , бұл кен орны – мұнайға аса бай обл-ң бірі деп қорытындылады.- Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жеқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.1927ж –Түркістан-Сібір темір-жол магистралінің құрылысы басталды.В.С.Шатов – құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рұсқылов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы Т. Рұсқыловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол маманы, инженер М.Тынышбаев енгізілді.1931жқаңтар- Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралі салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:1.Орта сібір аудандарымен жалғастырылды.2.Елдің шығыс аудандар-ң экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті:3.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

  1. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

  2. Тау-*кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

  3. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913ж деңгейінен 213 есе асып түсті.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

  • Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде игеріліп өңдейтін орталық Орскіде салынды.

  • Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.

  • Жергілікті мамандар жетіспеді.

  • Урбандалу процесі күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді

107. Казакстандагы ауыл шаруашылыгын ужымдастыру. 1931-1933жж. аштык. Ужымдастыру карсанында.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:!0Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

108. Ужымдастырудын сталиндик үлгисине карсы шаруалардын наразылыгы алуан түрлі болды:Қалалар мен құрылыстарға кету;Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;Қарулы отрядтар құру;Көтеріліске шығу;

1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды.Көтерілісшілер талаптары:

Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару;

Дін бостандығы;Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;Еріктілік ұстанымын сақтау;

Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. .

Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.

109. Малшаруашылыгы куйзелисти шыгынга ушырап, 1930-32жж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн. мал болса, 1933ж 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:

  • 1930ж -313мың адам;

  • 1931ж 755мың адам;

  • 1932ж 769 мың адам қайтыс болды.

  • 1930-32жж барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды.

1932ж шілде аштық апаттары туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды.

Онда көтерілген мәселелер:

  • Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлардың жағына шығуда.

  • Байлар малды қырып тастауға тырысуда.

  • «Жалған колхоздар»ұйымдастыру жалғасуда.

  • Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

1933ж наурыз РКФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рұсқыловтың сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер:»

-Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда

  • Қарақалпақ жерінде- 20 мың қазақтар бар.Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солт.өлкеБатыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы. Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады.аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:

Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.

  • 1930-33жж 2,1млн. адамқырылды(барлық халық саны-6,2млн.)

  • Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.

1930-32жж аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

110. 30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

  • Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді;

  • Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.

Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:

  • ату жазасы;

  • жер аудару;

  • еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;

  • КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.

Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.

1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;

Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:

  • Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;

  • Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,

111.Қазақстан 15 жыл ішінде КСРО құрамында автономиялы республикадан одақтас республикаға дейінгі жолдан өтті. 1936жылы 5желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. 11 одақтас республикалардың социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикасын одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы да енді.

112.1938-41 жылдарында БК(б)П Орталық Комитеті мен КСРО Халық Коммиссарлары Кеңесі Қарсақбай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту заводын салу, Алтайда түсті металлургиянық дамыту жөнінде Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету жөнінде шаралар қолданды.

1940 жылы республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді, олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1913 жылмен салыстырғанда бүкіл индустрияның жалпы өнімі 1940 жылмен 7,9 есе, оның ішінде ірі индустрияда 19,5 есе өсті.

113. Қаз Екинши дуниежузилик согыс жылдарында (1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы