Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

14.Гундардын казак халкынын калыптасуындагы ролі

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монғолияға және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань имприясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулерімен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.Олар Тарбағатайға дейін келіп Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила (Әділ) Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н.А. Машкин «Ертедегі Римнің трихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империчсының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмыста қажетті бұйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, балшықтан джасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. Ғұндар 24 руға бөлінген. Ел басында ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы тұрған. Жылына үш рет олардың жиналыс-кеңесі өткізілген. Елді көсемдер басқарған

15 .Коне туик жазба ескерткиштери

Мәдениеті Батыс түрік қағандығының халқы аздаған диалектілік айырмашылығына қарамастан,бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Орхон жазуы кең таралып, мәдениеттің дамуына игі әсерін тигізді. Орхон жазуы бар тастар қазір көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон болды. VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тон-к Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы құрылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы