Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
41
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
579.58 Кб
Скачать

32.Улы Жибек жолынын бойымен халыкаралык керуен саудасынын калыптасуы мен дамуынын тарихи жагдайлары.

Ұлы Жібек жолы жолы туралы алғ мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қол жазбаларынан білеміз (629-630ж). БЗД 3-2 ғас Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ҰЖЖ шығыс пен батысты байланыстырып, Жерорта теңзенен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып өтетін керуен жтлынң жүйесі. Ұзындығы 7000 шақырымнан астам. Бұл жол Орта Азиямен Қазақсатн Терерториялары арөылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды: Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Мисопотамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит: Жаркентдария Шығ Түркістан Қытай. Дала: Қара теңіз жағалауы Дон Оңт Орал Ертіс Алтай Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі ҰЖЖ негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт Қазақстан Арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді. Батыстан шығысқа бағытталған, Іле бағ, Еуропа бағ, Орта және Шығ бағыты. ҰЖЖ 6-7ғғ ең гүлденген бағыты Қытайдан жетісу оңт Қаз арөылы батысқа баратын жол. Тауар тасымалы: Саудадағы баты тауар Жібек. ОЛ алтынмен теңелетін и халқаралық валютаға айналған. Батыс елдеріне жеткізіліп, кейіннен Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. ҰЖЖ арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғаға, пілдер, арыстандар, арғымақ, тотықұс. Ортағасырлық Азияда әлемнің тқрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы не Үндістан, Бағалы тастар патшалығы не Иран мен Византия, Сәйгүліктер паш не Түрік п, адамдар пат не мемлекетті басқару және өнеркәсіп пат Қытай. ҰЖЖ арөылы Қытайда көп таралған Шығ Түркістан мен қазақстанның әуендері болды. Сырдариядағы Кедер қаласынан 9-10ғғ жататын Саздан жасалған маска табылды. Осы ғғ жерлеу дәстүріне өзгеріс еңгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болд. Орта ғасырлық ЖЖ маңызы: Отыырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты. Қалалар көбейді, сыртқы байланыс дамыды, сауда өркендеді. ҰЖЖ 2000ж бойы жұмыс істеді. 15ғ су жолы пайда болған соң кеуен жол тоқтатылды.

33-34. 1 Орта гг калалар . Құрылымы: Қалалар ірі су алқаптарының бойында, сауда керуен бойында, феодалдардың ордалары мен бекіністер бойында пайда б. 10-12ғ орта қ қ қала мәдениетінің гүлденген кезі. 9-12ғ халық көп қоныстан қала ИСПИДЖАБ. 10-12 Қазақстанынң ірі қаласы ИСпиджаб. Әр қала тәуелсәз өмәр сүрген және өз билеушісі болған: КЕрменкент билеушісі күлтегін табан, Барысхан билеушісі барысхан тебіні, Науакент билеушісі Ялан шах, Семекна билеушісі инал тегін, олардың өз әскері қз билеушілірі болған. Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер саудамен айналысыьт. Тараз саудагерлер қаласы, Суяб әр елдіңі аудагерлері кездесетін ел халқының жартысы саудамен айналысатын қала атанды, Испиджаб әлем саудагерлердің қазба байлығының қайнар көзі атанды. Қала ауданлдары: цитадель қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан, шахристан бай шонжарлар, дін қызметкерлері әскери басшылар тұратын аудан, рабад қол өнершілдер , саугерлер, егіншілер тұратын аудан. Қамал орталық орын. Қазхақстанның оңт 25қала тьабылыд, Жетісу оңт бпатысында 27 қала болған. Отырар әкімшілк , сауда, қолөнер, мәдениет орт. 20ғ 70-80 ж Отырардың орны қазалып, аспан астындағы мұражай атанды. Оның моншасы еден астмен жүргізілген су құбырларымен жфылытады. Әл Фараби туған қала. Баласағұн Шу өзен бойындағы мәдениетпен өнердің жамыған жері, өсу кезеңдерін 5-7,8-9,10-12ғғ бастан кешкен көп қабатты қала. Қала құрылысындағы өзгерістер: 10-12 ғғ қалаларда ислам дінінінң енуіне байл мешіттер пайда б, жаңа құрылыс түрінің бірі шығ моншасы. 10-12 ,ғғ тұрғын үйлер бір бірімен байланысты қатар салынған үш бөлимеден тұрды. Олар қоржын үйлер д.а

35 .Ислам дининин Казакстан территориясында таралуы.10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды. Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады. 7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды. 10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды.

Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға , от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады.

Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады.

36-37. Монгол мем курылуы мен Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық саясаты.) Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

39.Алтын Орда Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жаттыМемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты. 1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады. Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады. ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Хандары: Бату хан (1242-1256)Берке хан (1256-1266)Мөңке хан (1266-1280)Темір Туда-Мөңке (1280-1287)Төле-Бұқа (1287-1291)Тоқты хан (1291-1312)Өзбек хан (1312-1342)Жәнібек хан (1342-1357)Ұлы Дүрбелең (1357-1380)Тоқтамыс хан (1380-1395)Едіге хан (1396-1411)Ұлы Мұхаммед (1419-1423)Барақ хан (1423-1428)Ұлы Мұхаммед (1428-1446)Ахмет хан (1447-1480)

40. Ак Орда Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды

Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан

Ноғай Ордасы Солт.-шығ.-ғы өріс қоныстары Сібірге дейін, оңт.-шығ.-та кейде Сырдария бойында, Арал теңізінің жағасында көшіп-қонып жүрген. Негізгі көп қоныстанған жері Жайық, Еділ және Қара теңіздің шығ. жағалауы. Билік басында хан болды. Халық құрамы түрлі болды: түрік және түркіленген моңғол тайпалары мен тайпалық бірлестіктері болған. Ноғай Ордасына қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, найман, алшын, тамалар енетін. Ол этникалық-саяси бірлестік ретінде п.б. Бар байлықтары – мыңдаған мал – үйір-үйір жылқы, түйе, қой, ірі қара мал далалық ноғай ақсүйектерінің қолында болды. Сонда да формальды түрде жер-су рулық қауымдастықтың ортақ меншігі болып саналды. ХVІғ-да Ноғай Ордасы орыс мемл.-мен сауда-экон. және саяси байланыс орнатады. Ноғай Ордасының тарихы Еділ мен Қазақстандағы көрші мемл.-тер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар әсіресе көшпелі өзбектермен қазақтар тарихына айрықша жақын. Едіге ханның ұлы Нұраддин (1426-1440)жж

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы