Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

51. Л/т. Дизайн тарихы

Г/т. Жалаң және жайылма сөйлемдер

Дизайн (ағылшынша design – жоба, жобалау, сызу, жоспар, сурет) көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп ұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының бір атауы.

Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. «Дизайн» атауы 1928 жылы АҚШ-та пайда болды.

Дизайнның терминдік атауы жаңа болғанымен оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. (Қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар т.б.) Дизайн өнері заттар мен нысандардың эстетикалық және тұтынушылық сапасын, олардың тікелей қолданысына арналған тиімді құрылымымен, дайындалу технологиясымен байланыстыратын көптеген әдістерге жүгінеді.

Сөздік

Жоба – проект

Жобалау – проектирование

Сызу – черчение

Жоспар – план

Сурет – рисунок

Көркем сурет - изобразительное искусство

Сәулет өнері – архитектура

Бұйым – изделие

Сәндік - нарядность; украшение;

Әшекей – украшение

Торсық - бурдюк

Қару-жарақтар – оружие

255-тапсырма. Сөздікте берілген сөздермен сөйлемдер жазыңыз.

256-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Жалаң сөйлем (Нераспрастраненное предложение) – тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. Мысалы: Ол келді. Той-думан болып тұрады.

Жайылма сөйлем (Распрастраненное предложение) – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Мысалы: Жаңбыр қатты жауып тұр. Той-думанды қызықты өткізді.

215-жаттығу. Жалаң, жайылма сөйлемдерді табыңыз.

Жаңа дуан жаңа ұлықтың қолында. Олармен жүз көрісіп, сыр мінез болған Құнанбай да жоқ. Ертең сайлауы келеді. Сондай кездің қарсаңында өз еліңнің ішімен қағаздасып жату лайық емес. Ең болмаса сайлау өткенше қоя тұру қажет.

Міне, біз екі Шалқардың арасында тұрмыз. Қоңыр құйқалы, құнарлы шиыр. Адырсыз, жотасыз, жазық алқап. Керілген кең тақта. Қуаң тартқан қалың қау.

Құнанбайдың көптен бері Абайға сөз қатқаны осы. Абай ойланған кісі сияқтанып, аз үндемей отырып барып, ақырында тамағын қырынып алды да:

- Әке сенгеніңізге рақмет! Ендігі міндетті бізге артқаныңыз орынды. Арқа – басыңызды бұдан былайғы ауыртпалықтан босату керек. Тыныштық өмір тілейтін кезіңіз болды. Жалғыз – ақ жаңағы сөзіңіз маған айтылса, мен өзім болыстық, ұлықтықтан бас тартам, - деді.

- Әттең Абай – ай кеше әкең болыс бол дегенде болмаймын деп, бас тартқаныңды қайтейін?! Тым құрыса елге жаның ашыр еді. Мынандай сұмдық істетпес едің ғой. Не көріп, не болып отырмыз енді міне? Үйде отырып, ұялғаннан жерге кіресің. Қолдан келген жақсылығың сол ма? Айтпай қайтіп шыдайсың?- деді.

51. Соөж Бейнелеу және қолданбалы сән өнері

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдің ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.

Қазақтың бейнелеу өнері ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түрінде өз өрісін тапты.

Қазіргі кезде алып ауқымды қала құрылысы, халық әл-ауқатының артуы, өскелең рухани талаптар, жастарға идеялық және адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс ұлттық бейнелеу өнерін өрге бастыруға, оның осы тіршілік кезеңінің талаптарын қажетететін көркемдік түрлерінің туына пәрменді серпін берді.

Берік ИСМАИЛОВ - модельер әрі дизайнер.

Оның модельер мамандығын таңдағанына да жиырма жылдан асыпты. Осы уақыт iшiнде қазақ эстрадасында жүрген бiрқатар жұлдыздарға сахналық киiм үлгiсiн жасапты. Соңғы кезде қарапайым халықтың да көңілін тауып отыр. Қазақ менталитетiне тосындау, ер азамат көп араласа бермейтiн мамандықты қолөнер, ұсталық, ақын­дық әншілік немесе сазгерлік сияқты тігіншілік өнер ата жолымен ауысқан.

257-тапсырма. Мәтінді өз беттеріңізбен толықтырып, баяндаңыз.