Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

45. Соөж Қазақстанның: кешегісі, бүгіні, ертеңі

Ежелден еркін жүріп, еркін тұрып үйренген бұла халықтың басқа түскен бұғалықты серпіп тастап егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болуға бет бұрған шағында мемлекеттік рәміздер қабылданды. Жаншылып қалған ұлттық сана, жасып қалған ұлттық рух дүр сілкініп, қазақ елін дүйім дүние таныды. Дала сахнасын мекендеген көшпелі өркениеттің жұрнақтары мен жәдігерлерін сақтай отырып, 1992 жылдың 4 маусымында бекіген мемлекеттік рәміздер әлемдік өркениетте тиесілі орнын тапты. Әрбір азамат тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеп, елдік мәртебені тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Қазақ жұртының кешегісі мен бүгіні және ертеңі арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі мемлекеттік рәміздер. Отан - Елтаңба, Ту, Әнұраннан бастау алады. Осы үшеуін жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қастерлесе ғана тәуелсіз елдің еңселі азаматтары қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстанның қоғам­дық саяси өмірінде жүріп жатқан алуан оқиғалардың бірде-бірі мемлекеттік рәміздерден айналып өте алмайды. Елдік нышанға қарап өзге мемлекет бізді таниды. Отан­шылдық рух, патриоттық сезім намысты қайрап, жас ұрпаққа ұлағатты аманат етеді.

237-тапсырма.

1.Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

2.Жаңа сөздерді аударыңыз.

3.Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз.

4.Кейбір сөздерді түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

5.Қазақстанда қанша тілді білу керек деп ойлайсыз?

6.Сіз мемлекеттік тілді білу үшін не істер едіңіз?

7.Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

46 . Л/т. Ғылым мен техника

Г/т. Жай сөйлем.

Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи түсуде. Техникалық міндеттерді шешу ісіне тек электроншы-инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер де қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің көптеген салаларынан ауыл шаруашылығы, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина, білім беру ісін көрсету түрлерін қамтитындығы.

Ғылыми-техникалық революцияның басты ғылыми техникалық бағыттары өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру, энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.

Ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтерінің аясының табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың табиғатты түлетудің техникалық құралдарымен тәжірибелері кешенінің материалдық игіліктерді жасау үрдісінің және практикалық іс-қимылдармен, әр түрлі қызмет түрлерінің өзара байланысу тәсілдерінің бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.

238-тапсырма

  1. Мәтінді аударыңыз.

  2. Көршіңізбен сұхбаттаса отырып, пікірталас тудырыңыз.

  3. Ғылым туралы өз көзқарасыңызды білдіре отырыңыз.