Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать
  1. Л/т. Адамдармен қарым-қатынас. Әдептілік - мәдениет шыңы.

Г/т. Диалект сөздер.

Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді, жаман мінез-құлық – бұл рухани дерт.

Жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты, адамның қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күш болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре тұра пайда болады. Әбунасыр Әл-Фараби

Ақылды ал, ұл-қызым, рақымшыл бол, білгеніңді ортақтас.

Қайырымдылық – адам көркі, ал білім – оның байлығы. Махмуд Қашғари

Байлық – қанағат пен еңбекте. Ыбырай Алтынсарин

1.Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды. (Вольтер)

2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін мойындаудан

бас тартады. (Цицерон)

3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде ұттым. (Мао Цзедун)

4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір-бірін сыйлауға тиіс. (М.Горький)

5. Ешкім саған дос емес, ешкім саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы.

Әр адамның мінезінен – халықтың мінезі құрылады. Халықтық мінез сол халықтың рухани жан дүниесін, көзқарасын, қарым-қатынасын айқындап тұрады. Халықтар да адамдар сияқты бір-бірінен ерекшеліп тұрады. Олардың дәстүр, тұрмыс, мінез айырмашылықтарын көру қиын емес. Қазақ халқының халықтық мінез қырларын айтып өтуге болады: ол - сабырлылық, еңбекқорлық, қарапайымдылық, қонақжайлылық т.б. Халқымыздың “жаман халық жоқ, жаман адамдар болады” деген даналық сөзі бар. Бұл - рас сөз.

199-тапсырма. Ұлы адамдардың айтқан адамдармен қарым-қатынас, әдептілік, мәдениет туралы айтқан сөздерін жаттап алыңыз. Мәтінді оқып баяндаңыз.

200-тапсырма. Мақалдардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.

1. Мінез - адамды өсіреді,

Мінез – адамды өшіреді.

2. Мінезге бай болсаң, бай боласың.

Ашулана берсең – абыройдан айрыласың

3. Айқайлай беру – абыройсыздыққа апарады.

4. Келісімге келу – кері кету емес.

Диалект сөздер - белгілі жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады. Мысалы: тәртіп – нұсқау, бұйрық (Орал облысы), шалбар – сым (Алматы, Шығыс Қазақстан), қабырға – жар (Атырау, Ақтөбе), жұмыртқа – тұқым (Оңтүстік Қазақстан), тыңда – тыңла, құдағай – құдағи, бережақ – берешек, келулі – келді.

154-жаттығу. Мына диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазыңыз. Сүгірет, ішқұста, бәдірен, кіл, сиықты, кеуірт, маңлай, секер, нән, таңла, көпшік, жар, торлама, пысу, зілдей, үгей, зайырлы, зембіл, ища-ай, кембағал, келемеш, кигіз, кәуіп, көкпенкөк, зады, залал.