Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Сөз тіркесі

Сөз тіркесі

Күрделі сөздер

Тұрақты тіркес

Күрең ат

Әдемі қыз

Кішкентай бауыры

Күрең кер

Ала жаздай

Жүз жиырма бес

Қырғи қабақ

Күрең күз

Таяқ тастам жер

Мысалы: Қызыл ала көйлек киген көршінің қызы үріп ауызға салғандай екеніне таңғалдым.

Сөз тіркесі: қызыл ала көйлек, көршінің қызы.

Күрделі сөз: қызыл ала.

Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.

Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылау арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу керек.

148-жаттығу. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңыз.

Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас, ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, ала жаздай, Жайық өзені, таза үй, мақсатқа жету, торы ала, ертеден қара кешке дейін, ауыл жастары.

149-жаттығу. Жақшаның ішіндегі сөз тіркестерінің түрлерін анықтаңыздар.

Оның мына сөзі (төбемнен жай түскендей) етті. Шешесіне екеуі қайтып (тіл қатысқан) жоқ.

Ала көлеңке үй іші (құлаққа ұрған танадай). (Дөңгелек үстелді) қойып, сабағымды оқыдым.

Менің уақытымның көбі (әдеби кітап) оқуға кетеді.

Шоқан - қазақтың (аса дарынды ғалымы). Ол (Құсмұрын бекінісінде) дүниеге келген.

Жәукеде (зәре-құты) жоқ. Кешкілік Асан үнсіз ғана кітап (оқып отыр екен)

150-жаттығу. Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы не басыңқы болып тұрғанын анықта. Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.

Баласы зықысын шығарды

Сөзіне құлақ аспады

Жүз отыз оқушы

Күзге қарай оралады

Ақ боз ат

Сәби құлап қала жаздады

Қос күреңді көрді

Жыл бойы еңбектенді

151-жаттығу. Сөз тіркесін, күрделі сөз, тұрақты тіркесті қатыстырып «Мейірімділік» тақырыбында шағын ойтолғау жазыңыз.

152-жаттығу. Дұрыс аудармасын табыңыз.

Честный человек. До свидания. Хорошая привычка. Специальный словарь. Здравствуйте. Ночная луна. Моя Родина. Времени мало. Словосочетание. Это - яд. Воспитанный мальчик. Глаза и очки. Много посуды. Соловей, утка – птицы. Шиповник – растение. Казахский алфавит. Большой праздник. Как ваши дела?

153-жаттығу. Көркем әдебиеттен сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестері бар сөйлемдер теріп жазыңыз.

36. Соөж Қазіргі заман жастарының келбеті.

Қазақстанның «Жас Отан» партиясы

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасының арқасында Қазақстанда еліміздің жас азаматтарына, яғни, жастардың негізгі құқықтары мен қажеттіліктерін, білім мен денсаулық сақтауды, қоғамдық-саяси қызметтерін, сонымен қатар жастардың әртүрлі қызығушылықтарын қамтамасыз етуге тұрақты негіз салынған. Сондықтан да, жастар саясатын  жүзеге асыру жаңа басымдықтарға ие: бірінші жоспарға жастарды әлеуметтік қолдау кіретін болса, одан басқалары жастардың құрушы қызметке енгізілуінің нәтижелі механизмдерді құрастыру болып табылады.

Еліміздің басты партиясы «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» Жастар қанаты үшін қазіргі заман кезеңіндегі басты міндет — осы күнгі Жастар қанатының өзегін нығайту мен дамыту. Сондықтан да партия әлеуметтік-экономикалық прогресс әрбір азаматтан басталатынын ұмытпайды.

Бізге жетекші саяси жастар ұйымы ретінде даму мен жетілу қажет. Біз сенбіліктер мен көпшілік жиындар іс-шарасынан өткізуден өттік. Енді бұл біздің тек екінші дәрежелі ғана міндетіміз. Біз жүйелі жұмысқа көше бастадық. Атап айтсақ, партия мен еліміз үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру мен жас мамандарды қазақстандық ауылдарға тартып, ауылды көтеру, мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруді және «Еркін пікір» пікірталас алаңында жастардың маңызды деген мәселелерін талқылауды, сонымен қатар белсенділеріміздің кәсіби дайындығына және т.б. мәселелерге көптеп уақыт бөлудеміз. «Жас Отан» Жастар қанаты осы жәнеде басқа да жұмыстарды іске асырудың нәтижесінде өзінің саяси келбеті бар ұйымға айналды.

«Жас Отан» Жастар қанатының негізгі жұмысы  — ол тұрақты түрде халықпен байланыста болу. Бұл жұмыста алдыңғы ұстанымдар «Жас Отан» ЖҚ аймақтық және аудандық филиалдарына, бастауыш бөлімшелерге және барлық деңгейдегі өкілдік органдардың депутаттық корпустарына беріледі.

197-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыздар.

198-тапсырма. Тақырып бойынша реферат жұмысын дайындаңыздар.