Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бір ғана сөзге қатысты болып, бірдей сұраққа жауап беретін екі не одан көп мүшесін сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп атайды.

Бірыңғай бастауыш. Мысалы: Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

Бірыңғай баяндау. Мысалы: Бізге ауыл артта, алыста.

Бірыңғай толықтауыш. Мысалы: Түн не қойыңды не өзіңді жұтып қоятын сияқты

Бірыңғай анықтауыш. Мысалы: Жүрісіміз - кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.

Бірыңғай пысықтауыш. Мысалы: Мәкіш Абайға кінәлай да сынай да қарады.

220-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.

1.Адамдары, малы, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды. 2.Өзгеге жеңіл болса да, осылайша биылыға көшу – қойшы, қозышы, жылқышыларға аса бір тынымсыз бейнет. 3.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер. 5.Жермен, малмен тынатын көңіл болса, жесін де, тынсын.

221-жаттығу. Бірыңғай мүшелерді ажыратып, тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіріңіз.

1.Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы шетін ала кірген ай бір көрініп бір сүңгіп дәл жасырынбақ ойнағандай құбылды. 2.Қасына Сүйіндік Асылбек – бәрі де ере кетіпті. 3.Абай жүрегі де сыр мен жырға толы еді. 4.Асылбек Жиренше Ерболдар да Базаралыға қадала қарап, хабар күтті. 5.Шеңгел итмұрын сияқты бұталары да көп. 6.Әрі сұлу әрі сенімді мықты үміт.

222-жаттығу. Бірыңғай мүшелерді тауып, сөйлемнің қандай мүшесі болғанын көрсетіңіз.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Күлімдесін, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

55. СОӨЖ Жәрмеңке

Жәрменке - жыл маусымында өтетін сауда орындары. Қазақ жерінде жәрменке ХІХ ғасырдың отызыншы жылдарында пайда бола бастады. 1832 жылы Бөкей Ордасында ашылып, кейін Шортанды,Семей, Әулиеата, Көкшетау, Ақмола жерлерінде жалғасын тапты. Бұл жәрменкелер басқа елдермен айырбас көлемін ұлғайтып, қазақ елінің экономикасына біраз үлесін қосты. Жәрменкелер Қазақстанның кей жерлерінде патша үкіметінің ресми рұқсатынсыз-ақ ашылып жатты. 1849 жылы Қарқаралының жәрменкесі осылай ашылған еді.

Қазақ жерінде ашылған жәрменкелер Ресейдің ірі қалаларымен тығыз байланыс жасап отырған. Бұл жәрменкелерге қазақтар мал, мал өнімдерін апарса, Ресей көпестері тоқыма бұйымдарын, шаруашылыққа қажетті металл заттарын, сәндік әшекей бұйымдарын әкеліп, айырбас сауда жүргізіп отырған. 1837 жылы ресейге қазақ елінен 4 млн.500мың сомның малы мен мал өнімдері шығарылды.

Жәрменкелерде халық арасынан шыққан таланттар халықтың көңіл күйін көтеру үшін түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып,ешқандай ақыл-пұлсыз өнер көрсеткен.Олардың репертуарларында негізінен тапқырлық пен төзімділік, мергендік пен батырлық, саятшылық, күйшілік, әншілік, айтыскерлік өнер түрлері орын алған.

Осы жәрменкелерде халқымыздың талантты ұлдары Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Қалибек, Әмірелер ел даңқы мен салтын мадақтап, паш еткен. Олардың көрсеткен ойын-сауықтары ел құрметіне ерекше ие болған.

Жәрмеңке думанын халқымыз асыға күтетін болды. Бұл жәрмеңкелердің жаңа түрлері мемлекетаралық деңгейде жеке елдерде жыл сайын күз айларында қазірде өткізіліп тұрады.

278-тапсырма. «Жәрмеңке» сөзін қалай түсінесіз?

279-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жәрменке - .......... маусымында өтетін сауда орындары.

А) ай

В) жыл

С) тоқсан

Д) екі

280-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

.............. жылы Қарқаралының жәрменкесі осылай ашылған еді.

А)1884

В)1848

С)1849

Д)1885

281-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Осы жәрменкелерде халқымыздың талантты ұлдары ..................................

ел даңқы мен салтын мадақтап, паш еткен.

А) Исатай мен Махамбет, Сырым батырлар

В)Құрманғазы мен Дина

С) Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Қалибек, Әмірелер

Д)Исатай, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Қалибек, Әмірелер

282-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Жәрменкелерде халық арасынан шыққан .......... халықтың көңіл күйін көтеру үшін түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып,ешқандай ақыл-пұлсыз өнер көрсеткен.

А) бишілер

В) таланттар

С) саудагерлер

Д) балгерлер

283-тапсырма. Саудасы бітті,базары өтті, базарлы болу, базар тарқады сөздерімен есімдік түрлерін байланыстыра сөйлем жазыңыз.

284-тапсырма. «Базар»,»жәрмеңке»,» сауда» сөздерімен байланысты мақал-мәтел жазып келіңіз. Мағынасын ашыңыз. Мысалы:

Базар-теңгеліге базар, теңгесізге назар

Есте сақтаңыздар.

Базар-әдетте, бір-біріңді алдау үшін немесе біріңнен – бірің бірдеме ұрлау үшін кездесетін жер. (Анахарсис)

Әдетте, тезірек сатып құтылғысы келген тауарды көбірек мақтайды.(Гораций)

285-тапсырма. Қадір Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін мәнерлеп оқыңыз. Жаттаңыз.

286-тапсырма. Есімдікті тауып мағыналық түрін анықтаңыз.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.