Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

12. Л/т. Тазалық - саулық негізі, денсаулық - байлық негізі. Дене мүшелері

Г/т. Барыс септігі

Тазалық - саулық негізі, денсаулық - байлық негізі. Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық т.б.жатады. мұны адамның қаңқасы дейді.

Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, тіл, таңдай т.б.мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі - көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сусабынмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі – тазалық.

Сөздік минимум

Дене мүшелері – части тела басқа – другой

ағза – орган көзге көрінбейтін – невидимый

қаңқа – скелет сезу – чувствовать

дем алу – дышать асқазан – желудок

есту – видеть бауыр – печень

тамақтану – кушать бүйрек – почки

шайнау – жевать жүрек – сердце

бұлардың бәрі – все это жүйке – нерв

көруге болатын – можно увидеть өкпе – легкие

кепіл – залог іш – живот

51-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

Адамның ағзаларына нелер жатады? Адамның бас мүшесінде нелер орналасқан? Адамдар немен ойлайды (көреді, дем алады, жүреді, ұстайды, тамақ шайнайды, тамақтанады, сөйлейді, естиді)? Денсаулықтың кепілі не?

52-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңыз.

Әжесінің ... нашар көреді. ... сусабынмен жуып отыру керек. Денсаулықтың ... – тазалық. Атасының ... дұрыс естімейді. ... ойлау керек қой. Баланың ... бос емес. ... тіс щеткасымен тазала. ... және ... ішін сабынды сумен жу. Адамдар ... сөйлейді, ... тамақтанады. Бала ... тез-тез жүрмейді.

53-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Почисти зубы зубной щеткой. Вымой руки и садись за стол. У тебя болит голова, ложись на кровать и поспи. Вытри ноги и заходи в дом. Думай головой. У меня болит живот. Протри глаза. Дышите носом. Не ставь локти на стол. Мальчик сидит у папы на коленях. Покрась волосы. Открой рот.

Барыс септігі

Барыс септік (дательно-направительный падеж) образуется при помощи окончаний -ға, -ге, -қа, -ке,- на, -не, -а, -е , которые присоединяются к корню или основе сушествительных. Слова в Барыс септік отвечают на вопросы кімге? (кому? к кому?), неге? (чему? к чему? зачем?), қайда? (куда?) и имеют следующие значения:

  1. Направления действия: Жазда ауылға бардым. Летом ездил в аул.

  2. Цели действия: Алматыға оқуға келдім. Приехал в Алмату учится.

  3. Стоимость предмета: Газетті он бес теңгеге сатып алдым. Газету купил за пятнадцать тенге.

  4. Возраст человека: 1995 жылы Абай ақынның 150 жасқа толу тойын тойладық. В1995 году Абаю исполнилось 150 лет. Глаголы келу, толу в значении “достижения человеком какого либо возраста”.

  5. Выражения необходимости: Сабаққа кешікпеу керек. Нельзя опаздывать на занятие. Қыста бізге жылы киіну керек. Зимой нам нужно одеваться тепло.

  6. Выражения разрешения: Кіруге болады. Войти можно. Шығуға болмапты. Оказывается, нельзя было выйти.

Есте сақтаңыздар! Запомните!

Мен – маған (мне) Біз – бізге (нам)

Сен – саған (тебе) Сендер – сендерге (вам)

Сіз – сізге (Вам) Сіздер – сіздерге (Вам)

Ол – оған (ему, ей) Олар – оларға (им)

54-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Ты приходил к ней. Они позвонили мне. Я перевел им текст. Они пришли к нам. Ты помоги ему. Пусть он даст тебе книгу. Мама, купи им мороженное. Откройте, мне, пожалуйста, дверь. Давайте, я расскажу вам интересную историю. Принесите, пожалуйста, ей новые газеты. Подать Вам стул?