Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

27 Соөж қазақстан республикасының мемлекеттік гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы: Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы

Гимн – мемлекеттік егемендіктің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Гимннің поэзиялық компоненті туралы ақын Ә.Тәжібаев: «Гимн дегеніміз – мемлекеттің сөзбен тоқылған туы», - дейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі мен Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарда орындалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.

 Әнұран ежелгі қазақ жерінде гуманизм, бейбітшілік пен келісім жолында бірігуге, татулық пен достыққа шақырады.

142-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін жаттап алыңыз. Жаңа мәтінді оқып, аударыңыз.

143-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.

Менің туған жерім ... ... .

Менің туған елім .. .. .

Менің досымның туған елі ... ... .

Менің досымның туған жері ... ... .

Сенің туған жерің ... .

Сенің туған елің ... ... .

Сіздің туған жеріңіз ... ... .

Сіздің туған еліңіз... ... .

144-тапсырма. Мәтінді толықтырыңыз.

Сізге досыңыздан жеделхат келді. Сіз жеделхат мәтінін қалпына келтіруіңіз керек.

Жеделхат.

Құрметті, .... Анар!

Мен ... №45 поезбен .... күні шығамын. Атырауға ... күні ... келемін. Сен ... күтіп ал.

Құрбың Аня.

145-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз басқа елге, басқа қалаға барасыз. Сіз немен барасыз? Берілген сөздердің біреуін таңдаңыз: машина, поезд, ұшақ, жаяу, велосипед, арба.

Мысалы: Мен туған жерім Астана қаласына барамын. Мен өзімнің жеке көлігіммен барамын. Маған машина ұнайды. Өйткені, тез және ыңғайлы.

28. Л/т. Қазақтың өнері мен мәдениеті

Г/т. Етістік

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясы Казақ филиалының казақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып құрылды. 1941 жылдан бастап бұл сектор Тарих, тіл және әдебиет институты құрамына еніп, 1945 жылы Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды. 1961 жылы мамыр айында осы институт негізінде Казақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шықты. Сол жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды. М. О .Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты кұрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер кайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Институтта әр жылдары З.Ахметов, М.0.Әуезов, Л.М.Әуезова, И.Х. Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы. Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, А.Қ.Жұбанов, К.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.К,Каратаев, Е.В.Лизунова, Ш.К.Сәтбаева, М.С.Силъченко, Н. С. Смирнова, Ә. Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет кайраткерлері жұмыс істеді. Институтта "Қазақ әдебиетінің тарихы" (казақ тілінде 6 том, орыс тілінде 3 том) іргелі зерттеуі дайындалып, "Көпұлтты кеңес әдебиетінің тарихы" (Мәскеу, 9 том), "Әлем әдебиетінің тарихы" (Мәскеу, 9 том) және т.б. іргелі еңбектер үшін қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы тараулар жазылды. С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин туындыларының көп томдық шығармалар жинағы, Абай мен Жамбыл шығармаларының екі томдық академиялық басылымы дайындалып жарияланды.

    

146-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ өнері туралы қосымша мағлұмат дайындаңыз.

Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт – азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал – демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып – тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов болғандықтан көреді.        Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім – Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.       Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдіің ерікті азаматтары – қазақтарға» деген өз үдеуін жариялады. Жалпы алғанда қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес

қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды.        Қазақ мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып беруге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі – кеңес халқы», сондай-ақ «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Жер шарының 1/6 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Баспасөз газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «от арба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышпаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді.        ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді.

147-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

148-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

1.Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп - Қаратау тау шатқалында салынған..... айтуға болады.

2.1970ж Есік қаласына таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда жерленген сақтың ...... табылған.

3.Есік қорғанынан алтыннан жасалған ..... өнер шығармалары табылған.

4.Қарғалы қоймасынан аң стилінде жасалған қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар кескіндерінен тұратын ........ табылған.

5.Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі......

Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады, не істеді ? не қылды? не істелінді? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Тұлғасына қарай:

1.Негізгі ---оқы, жаз, бар, кел, бер

2.Туынды----тұзда, гүлде, ойна,ойла

Мағынасына қарай

1.Негізгі----ал, қал, көр, әкел

2.Көмекші---бол, әкет, тұр, шық

Құрамына қарай:

1. Дара ---жаз, оқы, ойна, гүлде

2. Күрделі—барып кел, кіріп шық, келіп кет,алып бар,алып қайт

Етістіктің сөз тудырушы жұрнақтары

Етістіктің жұрнақтары есімнен етістік тудыратын жұрнақтар және етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар болып екі топқа бөлінеді.