- •Isbn 9965-14-590-3 м.Ж.Қырықбаева, ж.А.Нұртілеуова
- •Кәсіби бағдарлы деңгей
- •Мамандық тілі деңгейі
- •Лексикалық тақырыптар
- •Тауар, тауар өндіру түрлері. Отандық тауар өндірісі.
- •Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет:
- •Кәсіби бағдарлы деңгей.
- •Мамандық тілі деңгейі.
- •Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары
- •Сөздіктер
- •Оқу курсының пәндік мазмұны
- •Қазақ тілінің практикалық курсының деңгейлік құрылымы мен мазмұны
- •Пән силлабусы
- •Пәннің тақырыптық мазмұны бойынша сабақ жоспарлары
- •1. Л/т. Сәлемдесу. Танысу.
- •Сәлемдесу
- •Сәлемдесу мәдениеті
- •1.Танысу
- •2. Менің атым – Сәуле
- •4 . Танысайық
- •5. Таныс болайық
- •6. Танысып қойыңыздар
- •Фонетика. Қазақ тілінің төл дыбыстары
- •1. Соөж Мен және басқа адам. Қоғамның басты құндылығы – Адам.
- •2. Соөж Адам өміріне не қажет? Өзіңді өзің таны.
- •Л/т. Отбасы
- •Сұхбат: Адамның үш жұрты және жеті ата
- •3. Соөж Отбасы тәрбиесі. Отбасы дәстүрлері мен мерекелері.
- •Л/т. Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
- •Төменде белгілі кәсіп аты берілген. Өз отбасы мүшелеріңіздің кәсібін тауып жазыңыз.
- •4. Соөж Қазақ отбасының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары
- •5.Соөж Үйдегі менің бөлмем. Мен тұратын көше тарихы.
- •6. Л/т. Менің досым
- •6.Соөж Досымның келбеті және мінезі
- •7. Л/т. Досынды бағалай білесің бе?
- •7. Соөж Менің досым
- •Жаман жолдас
- •8. Л/т. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
- •8. Соөж Асханада
- •9. Л/т Менің сүйікті тағамым
- •Үстеудің мағынасына қарай түрі
- •9.Соөж Базарда
- •10. Л/т. «Заңғар» әмбебап дүкені
- •Әмбебап дүкенінде.
- •10. Соөж Ұлттық киім үлгілері
- •12. Л/т. Тазалық - саулық негізі, денсаулық - байлық негізі. Дене мүшелері
- •Соөж Емдеу және сауықтыру орындары. Бурабайда.
- •13. Л/т. Дәрігер - денсаулық қорғаны
- •Денсаулық зор – байлық
- •Соөж Халықтық медицина салалары. Тән сұлулығы - жан сұлулығы Сұлу болудың да сыры бар
- •14. Л/т. Қоғамдық көліктер. Вокзалда. Әуежайда
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •1.Үстеулердің тұлғасына қарай түрлері:
- •2. Үстеулердің құрамына қарай түрлері:
- •3. Үстеулердің мағынасына қарай түрлері:
- •14.Соөж. Қазіргі заман көліктері. Қоғамдық көліктер
- •15. Л/т. Қазақстан темір жолы.
- •Пойызбен саяхат жасау
- •15. Соөж Ең жылдам көліктер
- •16. Л/т.Менің жұмысым. Менің жұмыс күнім.
- •Қарапайым деңгей Менің жұмысым
- •Менің әріптестерім
- •Менің міндеттерім.
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Біздің мақсатымыз Күнделікті жұмыс
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Жақсы хатшы не істейді?
- •Етістіктің шақтары
- •16. Соөж Менің жұмыс орным
- •17. Л/т. Менің ұжымым.
- •Қазақ тілі орталығында
- •17. Соөж Жұмыссыздық деген не? Еңбекпен қамтамасыз ету мекемелері Жұмыс бар, жалақы аз
- •18. Л/т. Бос уақыт және қызығушылық. Студенттің бір күндік уақыты
- •18. Соөж Сұхбат–мәтін: Бос уақытты қалай өткіземін
- •19. Л/т. Көрме, театр, кинотеатр, мұражай.
- •Кино өнері туралы
- •19. Соөж Өнер ошақтарының тарихы
- •20. Л/т. Адам және табиғат егіз. Табиғи қоршаған орта.
- •Жыл мезгілдері
- •Жұлдызнама
- •20. Соөж Қазақстан экологиясы. Жануарлар әлемі
- •21. Л/т. Адамның табиғаттағы орны
- •21. Соөж Қоршаған ортаны қорғау. Экологияның адамға әсері
- •22. Л/т. Саяхат. Қазақстанның тарихи орындары
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Атырау – мұнайлы өлке
- •Сырға толы Сарайшық
- •22. Соөж Қазақстанның атақты көлдері.
- •Саяхатшылар назары – Астанада
- •23. Л/т Қазақ елі. Қазақ халқының тарихы
- •23. Соөж Қазақ атауының шығу тарихы.
- •Қазақтың алғашқы хандары, билері мен батырлары
- •Туған ұлдан не пайда?
- •24. Л/т. Қазақтың хандары,билері, батырлары. Шешендік өнер. Әдет-ғұрыптары.
- •Әйтеке би
- •Әдет-ғұрыптары
- •Шешендік өнер
- •Үргеніш шешен мен Сырым
- •24. Соөж. Қазақ халқының төл мерекелері. Бабалар сөзін тыңдайық Ораза айт
- •Мынадай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, орындап жүруіміз қажет.
- •25. Л/т. Қазақстанның көрікті жерлері
- •25. СоӨж. Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •26. Л/т. Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.
- •26. Соөж Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
- •Қазақстанның ата заңы
- •Ел межесі – елулікке ену
- •27. Л/т. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы,
- •Елтаңба
- •27 Соөж қазақстан республикасының мемлекеттік гимні
- •28. Л/т. Қазақтың өнері мен мәдениеті
- •1 . Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар.
- •2. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
- •28. Соөж Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері
- •29. Л/т. Қазақстанның бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің шеберлері
- •Әбілхан Қастеев – қазақ сурет өнерінің атасы
- •Кірме сөздер
- •29 Соөж Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
- •30. Л/т.Қазақ әдебиетінің алыптары.
- •30. Соөж Ұлы адамдар өмірінен.
- •Үш бақытым
- •31. Л/т. Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. Қоғам және тіл.
- •31. Соөж Тіл - жалпы адамзаттық құндылық. Өнер алды - қызыл тіл. Қазақ тілінің стильдік тармақтары. Тіл – әлем есігін ашатын кілт.
- •Ана тілім – ардағым
- •Тіл туралы
- •Тіл туралы
- •Тіл мәдениеті
- •Қазақ тілінің стильдік тармақтары
- •32. Л/т. Сөз мәдениеті. Тіл тазалығы.
- •32. Соөж Сөз өнерінің сұлулығы - жан сұлулығы.
- •33. Л/т. Менің мамандығым. Университет - білім ордасы.
- •Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
- •33 Соөж Менің замандастарым. Өз ісінің маманы. Мамандық пен мінез. Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы
- •34. Л/т. Мен таңдаған мамандық. Мамандық тарихы. К і м б о л а м ?
- •Мұғалім деген кім?
- •Білімді бала білімді ұстаздан, мінезді бала мінезді ұстаздан. Мамандықтар
- •2. Жұрнақ (суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз.
- •34. Соөж Мен таңдаған - мамандық.
- •Л/т. Қоғам және жастар. Жастардың қоғамдағы орны
- •35. Соөж Ел болашағы – жастардың қолында
- •Л/т. Жастар және «Болашақ» бағдарламасы
- •Сөз тіркесі
- •36. Соөж Қазіргі заман жастарының келбеті.
- •Л/т. Адамдармен қарым-қатынас. Әдептілік - мәдениет шыңы.
- •Байлық – қанағат пен еңбекте. Ыбырай Алтынсарин
- •37. Соөж Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әңгімелесе аласыз ба?
- •Г/т. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •Мұқағали Мақатаев
- •Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •38. Соөж Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •39 Л/т. Қазақстан - әлемдік кеңістікте. Тәуелсіз Қазақстан.
- •Орта деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Жоғары деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Қорытынды бақылау.
- •Қазақстан әлемдік кеңістікте
- •Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
- •39. Соөж Егеменді және тәуелсіз Қазақстан Үшінші мыңжылдықтың басында. Алтайдан Атырауға дейін. Қазақстан Азия барысы.
- •40. Л/т. Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім саласындағы жаңа бағыттар
- •40. Соөж Білім беру жүйесіндегі реформалар
- •Шетелдерде оқу
- •41. Л/т. Білім берудің кредиттік технологиясы
- •41. Соөж Білім де бәсекеге түседі. Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі.
- •Электрондық басылымдар залы
- •42. Л/т. Қазақстан мемлекетінің құқықтық негіздері.
- •Хабарлы сөйлем
- •42.Соөж Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы.
- •43. Л/т. Жеке тұлға, заңды тұлға құқығы
- •43. Соөж Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •44. Л/т. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгілері:
- •44. Соөж Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар
- •45. Л/т. Тарихқа саяхат
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •45. Соөж Қазақстанның: кешегісі, бүгіні, ертеңі
- •46 . Л/т. Ғылым мен техника
- •Жай сөйлем
- •46. Соөж Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
- •47. Л/т. Ғылымдағы жетістіктер
- •Тұрақты сөз тіркесі
- •47. Соөж Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Ғалым-маман.
- •48. Л/т. Мамандық әлемі
- •Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •48. Соөж Мамандық түрлері
- •Мамандық
- •49. Л/т. Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •49. Соөж Қазақ өнері мен мәдениеті
- •50.Соөж Мәдениетті жастар қандай болуы керек?
- •Мәдениет туралы
- •51. Л/т. Дизайн тарихы
- •51. Соөж Бейнелеу және қолданбалы сән өнері
- •52. Л/т. Туризмнің даму тарихы
- •52. Соөж Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •Қазақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма?
- •53. Л/т. Қазақстан экономикасы
- •Сөйлем мүшелері
- •53. Соөж Базаршы жігіт пен ақылды қыз
- •54. Л/т. Банк тарихы
- •Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
- •54. Соөж Жақсы өмір сүргіңіз келсе...
- •4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
- •55. Л/т. Экономика тарихы
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •56. Л/т. Әлем тілдері мамандығы
- •Ағылшынша және қазақша сөйлесейік
- •57. Л/т. Қазақстан бейнелеу өнері
- •57. Соөж Айша Ғалымбаева
- •58. Л/т. Спорт туралы. Азия ойындары
- •Азия ойындарының туындауы
- •Федерацияның түрленуі
- •Қысқы Азия ойындары
- •Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
- •58. Соөж Күш атасы – Қажымұқан
- •59. Л/т. Кино өнері туралы
- •59. Соөж Асанәлі Әшімов
- •60. Л/т. Қасиетті іс
- •Құрмалас сөйлем
- •60. Соөж Семей полигоны
- •61. Л/т. Рекреациялық ресурстар
- •61.Соөж Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
- •Ботаникалық бақша
- •62. Л/т. Қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған алғашқы тілші ғалым Сәрсен Аманжолов
- •62.Соөж Менің сүйікті жазушыларым
- •Toefl жүйесі бойынша тест тапсырмалары
- •050202 – Дипломатия
- •45 (Тестке берілетін уақыт)
- •Дипломатиялық қатынастар.
- •Лексика-грамматикалық тест
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Мәліметтер:
- •Қазақ тілінің практикалық курсы пәні бойынша
30. Соөж Ұлы адамдар өмірінен.
Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы.
М.Мақатаев. М. Шаханов.
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ
Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1937) - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). Батырлықты, билікті салт қылған ірі мінезді адамдары көп ортада туып, өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, күйбің тірлік кешкен өзге қазақы ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, қиянатқа төзбеу - атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. Әділеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі Байтұрсынның параға сатылып, аулына қиянат жасаған Торғай уезінің начальнигі, «кәрі ояз» атанған Яковлевті сабап, басын жаруы да сол қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына жасап отырған көрнеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды…, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті» (С. Сейфуллин). Ол замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады. Ол отаршылықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті - мұқалмады; түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет істеп, үлгі-өнеге көрсетті, Ол өзі атқарған үлкенді–кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен өлеңдерін шығарған баспа орындарын да – бәрін-бәрін халқына қалтқысыз қызмет етудегі өз идеясын, өз саясатын жүзеге асырудың құралы етті. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» (М.Әуезов). Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғысын жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті.
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.
160-тапсырма
1.А.Байтұрсынов қай жылдары өмір сүрген?
2.Ол қай жерде дүниеге келген?
3.Туған, өскен ортасы жайлы не айтасыз?
4.А.Байтұрсынов қандай қызметтер атқарған?
5.Мәтінді аударыңыз.
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.