Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

22. Соөж Қазақстанның атақты көлдері.

Саяхатшылар орталығы. Медеу мұз айдынында.

Шымбұлақ тау шаңғы курорты. Көктөбеде. Қапшағай көлі

   Қазақстан аумағы бойынша көлдер бiркелкi таралмаған. Кейде бұлар бiр-бiрiнен жүздеген километр алшақ жатады, кейбiр өңiрде жиi орналасып, бiртұтас көлдер жүйесiн құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 15623 км2 болатын 21580 көл болса, бүкiл Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км2 болатын 17554 көл ғана бар. Солтүстік Қазақстанда 100 км2-лiк аймаққа 3 км2-лiк көл айдындары болса, бұл көрсеткiш Орталық және Оңтүстік Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейiн кемидi. Қазақстан көлдерi пайда болуы жөнiнен тектоникалық және экзогендiк түрлерге бөлiнедi. Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңiз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. iрi көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендiк көлдерге Сiлетiтеңiз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдерi көлге бай. 

    Республика көлдерi су көлемiнiң 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңiз көлдерi, т. б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келедi.

Медеу - әлемдегі ірі таудағы мұз алаңы. Ол солай аталатын шатқалда теңіз деңгейінен 1700 метрде Кіші Аламаты өзенінің аңғарында орналасқан. Оның жан-жағын тау сілемдері қоршаған. Экскурсия кезінде туристердің қалауы бойынша осы ерекше мұз алаңында 1 сағат көлемінде сырғанауға болады. Туристердің назарын сонымен қатар селдерден қорғау мақсатында Кіші Алматы өзенінде тұрғызылған плотина қызықтырады. Бұл жерден тау шыңдарының керемет көрінісі ашылады (830 баспалдақ).

   "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады. Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір мезгіліне дейін қар басып жатады. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Шуақты отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады.

Саяхатшылар назары – Астанада

Айшықты келбетімен әлем назарын аударған Астанаға туристерді тартудың тағы бір сәті түскелі тұр. Ақ Азиада қарсаңында елордада өтетін «Astana Leisure 2010» туристік көрмесі 60-қа жуық компанияны құшақ жая қарсы алады. Олар Бразилия, Италия, Қытай, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Тайланд, Түркия, Швейцария, Оңтүстік Африка және өзге де елдердің туристік салада еселеп пайда тапқан компания өкілдері. Бұлар қазақстандық көрмеге қатысып қана қоймай, кешегі көшпенді ұрпағының дархан даласымен, көрікті мекенімен, ерке Есілдің бойында отау тіккен жаңа Астанасымен танысады.

110-тапсырма. Берілген мәтіндердің мазмұнын баяндап беріңіз.

111-тапсырма. Медеу мұз айдынында, Көктөбе, Қапшағай көлі туралы шағын әңгіме жазыңыз.