Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

35. Соөж Ел болашағы – жастардың қолында

Қоғам – саналы адамдардың бірі мүддені, бір мақсаты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі.

Қазіргі таңда «Қоғам жастарға қалай әсер етіп жатыр?» деген сұрақ барлығымызды да толғандырады.

Қоғамдық жұмыстарға араласу, әрбір істі тиянақтап етіп жасау, оның белгілі бір салаға пайдасын тигізіп жатқанын көргенде қалайша қуанбасқа! Қуанасың әлбетте. Әрбір ісіңе қызығушылықпен қарайсың. Кейінгі жұмысқа бұл үлкен күш болады. Қоғам қазір жастарға көп мүмкіндіктер беріп отыр. Қазір көптеген жастар шет елдерге барып, білімдерін әрі қарай жетілдіріп жатыр.

Қоғам уақытымен өзгере береді. Бірақ жастар өз мақсаттары, өз болашақтары үшін әрдайым алға ұмтылуы керек.

Күнделікті сөйлеп жүрген ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер араласып, тіліміз шұбарланып кетті. Жастар теледидар, тағы басқалардан көргендеріне електеулі шығарды. Дегенмен, барлығы бірдей ондай емес, өз ана тілі үшін, елі үшін, халқы үшін жаны ашитын, оған араша түсетін, ойланатын да жастарымыз баршылық. Міне, осындай жастардан үлкен үміт күтуге болады. Мемлекетіміздің болашағы әрине осындай жастар. Болашақ – жастардың қолында. (Интернет материалы).

193-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Неліктен болашақ – жастардың қолында?

  2. Қазіргі жастар қандай?

  3. Жастар неліктен шет елге еліктейді?

  4. Туған елін, жерін, халқын, ұлтын, тілін ойлайтын жастар – кімдер?

  5. Мемлекетіміздің болашағы кімдер?

194-тапсырма. 1.Мәтінен етістіктің шақтарын табыңыз.

2.Осы шақта үш сөйлем жазыңыз.

3.Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Қоғам, саналы адамдар, мүдде, мақсат, әсер ету, қоғамдық жұмыстар, мүмкіндіктер, болашақ, ел, жер, мемлекет, жастар.

4.Мәтіннен түсінгеніңізді айтып беріңіз.

5.Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз.

Қоғам – саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсаты орындау үшін саналы түрде өзара ...

Қазіргі таңда «Қоғам жастарға қалай әсер етіп жатыр?» деген сұрақ барлығымызды да ...

Қоғам қазір жастарға көп мүмкіндіктер беріп ...

Қазір көптеген жастар шет елдерге барып, білімдерін әрі қарай жетілдіріп ...

Мемлекетіміздің болашағы әрине осындай ...

Болашақ – жастар ...

  1. Л/т. Жастар және «Болашақ» бағдарламасы

Г/т. Сөз тіркесі

  1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған болатын.

Бағдарламаның пайда болуы уақыт талабына сай келді. Мемлекетіміз енді ғана тәуелсіздік алысымен көптеген реформалардың өмірге келуін талап еткен экономикадағы еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толыққанды кіру жолына түсті. Кез келген реформаны жүргізу өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап ететіндігі барлығымызға белгілі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты карьералық өсудің және оның түлектерінің кәсіби тұрғыда пайдасын тигізуінің өзіндік кепілі болды. Бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болу, әртүрлі мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеп, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу фактілері осының айғағы.

Сөздік

бағдарлама - прогамма

қоғамдастық - сообщество

түлектер - выпускники

нарықтық қатынастар – рыночные отношения

құрылымдар - структуры

жобалар – проекты

195-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар

196-тапсырма. Өлеңді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұнын айтыңыздар.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім...

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл мақрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.(Абай)