Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.6.2 Турбобұрғы саңылауларын реттеу

Ротор және статор дискілерінің арасындағы қажетті өстік саңылау подпятник және статор бөлшектерінің арасына орнатылатын реттеуіш сақина арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар подпятник және подпятник дискісінің саңылауы болатын өстік тіреу люфтасының өлшемдері ескеріледі. Жаңа турбобұрғының өстік тіреуінің люфтасы 2 мм – ден аспауы керек.

Бір секциялы турбобұрғылардың және көп секциялы турбобұрғылардың төменгі сецияларының өстік саңылауларын реттеу турбиналардың өстік люфтасының қажетті үлестірілуне баланысты жасалады. Өстік күшт жоғарыдан әсер ететін болса, ротор дискілерінің статор дискілеріне түсуі кезінде подпятниктің тозуын болдырмау үшін төменгі жағын жоғары қаратып қою керек.

Егер өстік жүктемелер өстік тіреуге төменнен жоғары қарай әсер ететін болса, онда роторлы дискілерді мейлінше орташа қалыпқа орнату керек.

Турбобұрғының реттегіш сақина биіктігі құрастырылатын өлшемдерінің есептелу әдісімен немесе құрастыру үрдісіндегі тікелей өлшемдері арқылы анықталады. Өстік жүктемесі болатын турбобұрғының реттегіш сақинасының биіктігін анықтау әдісі 1.11 – суретте келтірілген. Подпятниктің жоғарғы бүйіржағының жүктелуі кезінде мынадай мәндер белгілі болады:

(1.1)

мұндағы b – турбинаның төменгі өстік саңылауы;

D, П, Р *- подпятник дискілерінің өстік өлшемдері, подпятник корпусының өлшемдері және сәйкес резеңке қабықшаның өлшемдері;

сп – өстік тіреу люфтасы (подпятник).

Осыдан реттегіш сақина биіктігі 1.12а – суретте келтірілген жағдай үшін:

(1.2)

Подпятниктің төменгі бөлігінің жүктелуі кезінде (1.12б-сурет) мынаны аламыз:

(1.3)

1.12-сурет- Реттегіш сақинасының есептеліну схемасы

Бұл жағдайда өстік люфт есептеулерде ескерілмейді. Рететгіш сақинаның биіктігі турбобұрғыны құрастыру үрдісінде тікелей өлшемдер арқылы анықталуы мүмкін. Бұл үшін білікке өлшегіш баспалдағы кигізіледі де, статор мен подпятник корпусының арасындағы өлшем анықталады. Реттегіш сақина биіктігі өлшенген өлшемнен турбинаның жоғарғы өстік саңылауының қабылданатын өлшеміне байланысты кем алынады.

Секциялық турбобұрғылардың жоғарғы секция саңылауларының реттеу жартылай жалғастырғышқа конустардың және турбина өстік саңылауларының кіру өлшемдерін бақылау үшін жүргізіледі. Турбиналардың реттегіш сақиналары жоғарғы секцияларды біріктіруші өтізгіш пен турбина арсында орналасады. Сақина өлшемі өстік люфта өлшеміне байланысты біліктің орын ауысытруы кезінде өстік тіреудің статор және ротор дискілерінің арасында кепілді саңылаудың болуымен есептеледі. Өстік саңылауды анықтау түрлі әдістермен жүргізіледі. Әдістердің біреуін қарастырайық.

Төменгі секция (7) корпуста біріктіруші өткізгіш (6) таянышқа дейін бұрап кіргізіледі, ал төменгі секция білігі ең төменгі жағдайға (1.13-сурет) беріледі. Жоғарғы жартылай жалғастырғыш (3) кигізілген екінші секция білігі, турбинаның бірінші баспалдағымен (5) және төлкемен (2) жартылай жалғастырғыштар (3), (4) корпустары бойынша біліктерінің бірігуі үшін төменгі секция корпусына енгізіледі. Содан кейін біріктіруші өткізгіштің бүйіржағы мен ротор арсындағы К өлшемі анықталады. Реттегіш сақинаның (1) Н биіктігі төменгі өстік саңылаудың b қажетті өлшеміне байланысты алынады.

(1.4)

Реттегіш сақинаның өлшемін анықтауда кезектескен секция операциялары қайталанады.

1.13-сурет- Үстінгі секциялардағы реттегіш сақинаның биіктігін анықтау схемасы

Турбобұрғылардың жоғарғы секцияларының төменгі өстік саңылаулары ротор білігінің бүйіржақ жағының төменгі шеткі жағдайына байланысты құрастырылудан кейін және секцияны құрастырудан кейін де қайталанады.

Екінші әдіс бойынша өстік саңылауды құрастырусыз-ақ әр секцияның бүйіржақ таянышына қатысты, біліктің төменде орналасуы жағдайында екі секциядағы бүйіржақ таянышына қатысты біліктің кіру және шығу өлшемдерін анықтау арқылы тексеруге болады.

Бүйіржақтың таянышын қамтамасыз ету үшін статорлардың конустық бұранда корпусына бекітілу жағдайында статордың бөлшек тізбегіне бұранданың реттегіш сақинасы орнатылады. Реттегіш сақинаның биіктігі құрастырылу үрдісінде «метр» бойынша арнайы жабдықтар көмегімен анықталады.