Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.6 Турбобұрғының эксплуатациясы

Турбобұрғыларды экплуатациялық сенімділігінің жоғарылығы дұрыс жинақталған және өстік тіректері реттелген, энегертикалық параметрлері дұрыс таңдалған және турбобұрғы мен қашау өлшемдерінің сәйкестігіне негізделген [21].

1.6.1 Турбобұрғыны бөлшектеу және құрастыру

Турбобұрғыларды құрастыру алдында бөлшектер мұқият дайындалады. Бұл үшін біліктер сүртіліп, УС-2 (Л) машина майымен майланады. Қалған бөлшектер де іш жағынан майланады, ал бүйіржақтары құрастырылу үрдісінде сүртіледі. Құрастырылу алдында әсіресе турбобұрғы бұрандалары мұқият дайындалады. Бұрандалар сүртіледі, ерітіндімен майсыздандырылады және бекітілер алдында майланады. Майлау үшін құрамында қорғасынды-йодталған металл толтырғышы бар (55% йодты қорғасын, 35% Ц-201 майы және 10% графит); молибденді (55-60% күкіртті молибден, 30-35% авиациалық май және 10% графит) майлар қолданылады.

Құрастырылу алдында ротор мен статордың биіктіктерін бақылау өлшеу жүргізіледі. Бұл үшін 10 бумалы ротор және статорлар бақылау тақташасына орнатылады. Бума биіктіктерінің айырмашылығы 0,2 мм – ден аспауы керек. Егер айырмашылықтары 0,2 мм – ден артық болса, онда бумаларды қайта жинақтауға тура келеді. Өлшемдерінің артықтығына қиюластыруға бірнеше статорлар мен роторлардың кесілуіне болады, бірақ 1 мм – ден артық болмауы керек [3].

Зауыттан жаңа алынған турбобұрғыларды, бұрғы қондырғысында жіберудің алдында механикалық жөндеу базасында тексеруден өткізеді.

Турбобұрғылардың білігінде қалпақ кидірілген, аудармасы тығындалған болуы керек. Бұл тасымалдау және сақтау кезінде турбобұрғылардың турбиналарына бөтен заттар кіріп кетуінен бұранданың ластану мен зақымдалуынан сақтандырады. Әрбір турбобұрғыға зауыттан паспорт тағайындалған болуы керек. Турбобұрғылар арнайы көліктермен тасымалданады. Оларды тиеу, түсіру арнайы крандарды пайдаланып жүргізілуі керек. Түсіру кезінде көліктен тастауға қатаң тыйым салынады.

Механикалық жөндеу базасында жаңа турбобұрғының аудармасы ашылып жоғарғы тіректерінің дұрыс жиналғандығы, турбинаның люфті және бұранданың сенімді қатайтылғандығы тексеріледі.

Жоғарыда айтылғандай, турбобұрғының статорлары ниппель арқылы тұрқының жоғарғы жағындағы аудармаға қысып бекітіледі, ал роторлар оның білігінің төмен жағындағы тірекке ротор гайкасы қысып қатайтылады. Қысу кезінде ротормен статор дискілерінің қималарында пайда болатын үйкелу моменті турбобұрғыда пайда болатын тежегіш моментінен артық болуы керек.

Бірсекциялы турбобұрғының жинақталуы 1.11-суретте көрсетілген. Көпсатылы турбобұрғылардың әрбір секциясы да осы ретпен жинақталады және олардың біліктері конустық-шлицтік жарты муфта, ал тұрқылары аудармалар арқылы жалғанады.

Стеллаждағы екі тірек үстінде көлденең жатқан турбобұрғы білігіне жоғарғы жағынан бірінші, төменгі радиалды тірек төлкесі 15, жуу сұйығы шығатын тесіктері бар сақина-тірек 14 кигізіліп біліктің төмен жағындағы тірекке жеткізіп орнатылады. Одан кейін бірінен соң бірі болып 33 турбина 9,10 кидіріп екінші ортаңғы тіректі салады. Екінші ортаңғы тіректің үстіне 34 турбина салынады, одан кейін білікке реттеуші сақина 8, пята дискі 5, пята сақинасы 7 және төменгі подпятник 6 салынады. Одан кейін бұлардың үстіне дәл осындай екінші жинақты тіректер тетіктері салынады. Сөйтіп, тіректің 12 жинақты тетіктері кигізілгеннен кейін бекіту тетіктерін 3 бұрап кіргізеді. Гайканы пятаның жоғарғы дискісіне 5 тірелгенше бұрап кіргізіп, үстінен қалпақ пен контрагайка кіргізеді. Бекіту тетіктерін 3, білікке кіргізілген тетіктерді бір-біріне және сақина-тірекке 14 сенімді қысу үшін берілген момент шамасында бұрап қысады. Одан кейін турбобұрғы тұрқысына 2 аударма 1 жалғанып, тұрқының ішіне тірелу төлкесі 4 салынады.

Барлық жиналған тетіктерімен білік 11 төменгі жағынан тұрқының 2 ішіне салынып ішінде резиналы қаптамасы бар ниппель 16 берілген момент шамасында бұралып тұрқының астыңғы жағынан кіргізіледі. Ниппельді берілген момент шамасында бұрап кіргізгенде, ол статор дискілерін, ортаңғы тіректерді бір-біріне және реттеуші сақинаға 8, төменгі подпятникке 6, подпятниктерді бір-біріне және тірелу төлкесіне 4, осылардың барлығын тұрқының жоғары жағындағы тірекке қозғалмайтын етіп қысады. Сөйтіп, білікке кіргізілген барлық айналатын тетіктер, тұрқыға орнатылған барлық айналмайтын тетіктер қатты фракционды бекітіледі.

Енді турбобұрғы ішіне жуу сұйығын айдасақ ол аударма 1 арқылы тұрқының ішіне кіреді.

Одан кейін қозғалмайтын подпятниктердің 6 тесіктерінен өтіп бірінші турбинаға кіреді.

Турбиналардан турбиналарға және ортаңғы тіректер тесіктерінен өтіп жуу сұйығы, сақина тіректің 14 тесіктер арқылы турбобұрғы білігінің ішімен қашауға өтеді.

Қашау тесіктерінен шыққан сұйық ұңғыма түбінен бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін көтеріп бұрғы тізбегі мен ұңғыма қабырғалары арасындағы сақиналы кеңістік арқылы сағаға шығады.

1-аударма; 2-турбобұрғы тұрқысы; 3-бекіту тетіктері; 4-тіреуші төлке; 5-пята дискісі; 6-төменгі подпятник; 7-пята сақинасы; 8-реттеуші сақина; 9,10- турбина сатысы; 11- білік; 12-тіректің жинақты тетіктері; 14-сақина тірек; 15-радиалды тіректі төлке;

а-турбинаның бірінші секциясы; б- ортаңғы тірек; в- жоғарғы статор мен төменгі подпятник арасындағы реттеуші сақина; г- төменгі подпятник

1.11-сурет-Т12М3Б – 240 бірсекциялы турбобұрғысының құрастыру реті