Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.6.3 Бұрғылау турбобұрғыларына қойылатын талаптар

Турбобұрғы ұңғымаға түсер алдында мұқият тексеріледі. Жалғастырғыш пен білік тұрқының жағдайына негізгі көңіл аударылады. Тасымалдауда бүлінуді болдырмау үшін турбобұрғыларды тасымалдау, арнайы тиеу және түсіруге арналған жүкарбамен жабдықталған, өздігінен тиейтін арнайы тізбектер арқылы орындаулуы керек [15].

Турбобұрғы білігі жеңіл айналуға тексеріледі. Кілтте момент мәні 20 кгс∙м кем болса біліктің бұрылысы болуы керек. Турбобұрғы ұңғымаға түсер алдында роторда сыналады. Дұрыс жинақталған турбобұрғы 10-15 кг∙с/см2 қысымда түсірілу керек. Турбобұрғыдағы қысымның түсуін оның паспортында және бұрғылау журналында жазылуы керек.

Турбобұрғыны тығыздау кезінде бұрандалы жалғанған жерлерді герметикалығы сыналады. Біліктің жұлқынып айналуы кезінде турбобұрғы 10-15 мин арасында өңделінуі керек. Турбобұрғының бірқалыпты тоқтауы оның тасымалдануына куәлік ететді. Біліктің немесе өткізгіштің соғылуына жол берілмейді.

Турбобұрғыны тасымалдау кезінде өстік тіреудің люфтасын қадағалау керек. Турбобұрғыны 20-30 сағат тасымалдағанннан кейін люфт тез өсе бастайды. Сондықтан баспалдақтың тозуын тоқтату үшін өстік люфтті периодты тексеріп тұру керек. Егер люфт өлшемі 5 мм – ден артық болса турбобұрғылар ремонтқа жіберіледі. Пайдаланылған турбобұрғы мінбеге орнытылады да, тұрқысына «жөндеуге» деген белгі қойылады. Турбобұрғыға толтырылған паспорты салынады. Паспортта бұрғылау номері, турбобұрғы жұмысының басталу уақыты, 1 сағаттық жұмыс уақыты, бұрғылау аралығы, балшық тәрізді ерітіндінің параметрлері және турбобұрғының қатардан шығу себептері келтірілу керек.

Бөлім бойынша қорытынды:

Қорытындылай келе турбобұрғылардың конструкциялық сипаттамаларын салыстырдық және шолу жасадық. Алынған мәліметтерге сүйеніп, Т12М3Б – 240 турбобұрғысын түпнұсқа ретінде таңдадық.

Турбобұрғылардың турбиналарының айналу жилігінің жоғарлығы, бөлшектердің тез қажалуына және тозуына алып келеді. Сол себепті Т12М3Б – 240 турбобұрғысының жұмыс істеу уақытының ұзақтығын және конструкиясын жетілдіру маңызды зор екенін анықтадық.

2 Есептеу бөлімі

Т12М3Б – 240 турбобұрғысын құрылымдау момент пен қуаттың өстіктіреудегі энергия шығынын, біліктің айналу жылдамдығына тікелей графикалық байланысты, турбинаның геометриялық өлшемдерін жобалау, корпустық және тіреу түзілімдемелерінің құрылымдарын жасау және турбобұрғы бөлшектерінің беріктігін бақылау есебі, яғни ол сыртқы сипаттамалық есептеулер арқылы есептелінеді

2.1 Т12м3б – 240 турбобұрғысына әсер ететін негізгі жүктемелерді анықтау

Турбобұрғы ұңғыма түбіндегі жұмыс үрдісінде бірсыпыра жүктемелер әсеріне түседі [6]. Негізгі есептің жүктемелерге мыналарды жатқызуға болады:

- гидравликалық жүктеме (PГ);

- біліктегі айналу моменті (Мкр);

- түптік реакциясынан туындайтын жүктеме (R);

- турбобұрғының айналушы бөлшектерінің әсерінен туындайтын жүктеме (G).

2.1.1 Гидравликалық жүктеме

Гидравликалық жүктемені есептеу үшін берілген өлшемдер:

Dор –160 мм – турбобұрғының турбинасының орташа диаметрі, мм,

Dор –160 мм;

Рт –турбобурдың турбинасындағы «Z» сатыларындағы қысым төмендеуі, Па,

Рт –7,7 Па;

Pп – пятадағы қысым айырмасы, Па,

Pп –0,83 Па;

Pқ – қашаудағы қысым айырмасы , Па,

Pқ –23,2 Па.

Есептелінуі:

Гидравликалық жүктеме келесі жуық формуламен анықталынады:

Pг =π / 4D2ор( Рп + Ртқ ) , (2.1)

Pг = 0,785∙0,1602 (7,7 + 0,83 + 23,2)∙10 6 = 458кН.

Турбобұрғының «Z» турбина сатысындағы қысым айырмасы келесі формуламен анықталады:

(2.2)

мұндағы z= 200- турбобұрғы сатысының саны;

= 0,05 МПа – қарастырылып отырылған турбобұрғының бір сатысындағы қысымның жоғалуы;

mр= 0,7- сериялы турбобұрғының реактивті коэффициенті.

2.1-сурет- Турбобұрғының білігіне түсетін, гидравликалық өстік жүктеменің есептеу схемасы

Пятадағы қысым айырмасын келесі формула бойынша анықтауға болады:

МПа, (2.3)

мұндағы Fn- пятаның каналының өту қимасының ауданы, м2;

Q = 45 10-3м3/c – бұрғылау сорабының берілісі;

- 1250 кг/м3 - бұрғылау сұйықтығының тығыздығы.

Қашаудағы қысым айырмасы келесі формуламен табылады:

МПа, (2.4)

мұндағы µ= 0,95 – шығын коэффициенті;

Fс – қашаудың өтпелі тесігінің соплосының қимасы келесі формуламен есептелінеді:

м2, (2.5)

мұндағы d = 10 мм- қашаудағы пайдаланатын соплосының диаметрі,м2;

n= 3 – қашаудағы сопло саны.

Қазіргі көпсатылы турбобұрғыларда гидравликалық өстік жүктемесі Pг 120 - 150 кН арасында болады.