Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

3.4.1 Өрт қауіпсіздігі есебі

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда қауіпті факторлардың бірі жарылыс және өрт қаупі жоғары болады. Өрт бола қалған жағдайдың өзінде оның адамға қауіпсіз таралу аймағын анықтайық.

Есептің тапсырмасы:

30×20 метр2 ағаш ғимарат жанғанда оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз таралу аймағын анықтау керек. Өрттің жану жылуы 260 кДж/м2·с. 4.8-кестеден өрттің үдеу температурасы адам үшін 1,26 кДж/м2·с, ағаш үшін 14 кДж/м2 ·с;

3.2-кесте-Материалдар мен заттардың жылуға төзімділік температуралары

Материалдар мен заттар

Жану жылдамдығы, кг/м·с

Жану жылуы, кДж/кг

Өрт жылуы, кДж/м2·с

Бензол

0,08

30,5·103

2500

Бензин

0,05

44·103

1780-2200

Керосин

0,05

43·103

1520

Метан,пропан, бутан қоспалары

0,65

40-50·103

2800

Мұнай

0,02

43,7·103

874

Мазут

0,013

40·103

1300

3.3 -кесте-адам және материалдар үшін шекті жылу мөлшері

Объект

Шекті жылу мөлшері, кДж/м2 ·с

Шыдау мерзімі, с

Адам (ауыру байқала бастайды)

30

1

10,5

6

4,2

15...20

2,5

40

1,5

60...120

1,26

қауіпсіз

Ағаш

15,5

300

14

600

35

180

Ацетон, бензол, спирт

35

180

Мазут, торф, май

41

180

Есептің шешуі:

Адам үшін қауіпсіз қашықтықты есептейміз:

(3.1)

Ағаш үшін қауіпсіз аймақты есептейміз:

(3.2)

мұндағы – өртену ошағының өлшемі,м - өртеніп жатқан ғимарат үшін, S=L/H;

– өрттің үдеу температурасы, кДж/м2·с, 5.7-кесте;

-өрттің жану жылуы, кДж/м2 ·с.

Сонымен, 30×20 метр2 ғимарат өртенгенде адам үшін қауіпсіз аймақ 100 метр, ал ағаш үшін 30 метрді құрайтынын анықтадық.

3.5 Бұрғылау жұмыс орындарын жарықтандыру

3.5.1 Жарықтандыру есебі

Дұрыс орындалған жарықтандыру жүйесі өндірістік зақымдануды азайтуға едәуір септігін тигізеді. Ол көптеген өндірістік факторлардың потенциалды қаупін азайтады, көру мүшелеріне қалыпты жұмыс жағдайын жасайды және адам ағзасының жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады.

Өндірістік жағдайларда жарықтың үш түрі қолданылады: табиғи, жасанды және біріктірілген (тәуліктің жарық кезінде жасанды мен табиғи жарықтың қоса қолданылуы).Табиғи жарық адам ағзасына кері әсерін тигізбейді сондықтан жоғары мөлшерде қолданылуы тиіс. Табиғи жарық терезеден түседі, яғни бөлмеге күндізгі жарық сыртқы қабырғадағы саңылаулар арқылы енеді.

Табиғи жарықтандыру № 227 6 наурыз 2008ж. бастап «Өндірістік орынның қауіпсіз жабдықталуы» туралы техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі. Табиғи жарықтар жетпейтін жерлерге, сол сияқты түнгі уақытта кеңселерді жарықтандыру үшін өндірістік және тұрмыстық кеңселерде жасанды жарықтандыру қолданылады. Шамшырақтарды қыздыру немесе газбөлгіш шамшырақтар жарық көзі ретінде қолданылады. Жалпы жарықтандыру шырақтарынан құралған жұмыстық беттің жарықтануы нормативті құжат бойынша 10% құрау керек. Максималды жарықтандырудың минималды жарықтандыруға қатынасы люминесцентті шамшырақтарда 1,4 –тен және басқаларда 2 – ден аспауы керек.

8 х 6 х 3м өлшемдегі офистік кеңсені жасанды жарықтандырумен жалпы қамтамасыз ету жүйесін есептеу жобасы.

Еқажет = 200Лк

Шамшырақ пен жарықтандырғыш беттің тік арақашықтығын анықтау:

Н = Нкеңсе – Норт. – Ншамш. = 3 – 0.7 – 0.1 = 2.2 м. (3.3)

Кеңсенің ауданын анықтау:

S = 8 х 6 = 48 м2 . (3.4)

Кеңсенің индексін анықтау:

I = S/ H(A +B) = 48/ 2.2(8+6) = 48/ 30.8 = 1.46, (3.5)

Артықшылық коэффициенті К = 1.4.

Төбе мен қабырғадан жарық өтуінің шағылысу коэфициентін анықтаймыз:

Рт =40%, Рқ = 40%.

Жарық өтудегі қолдану коэффициентінің кестелік мәнін анықтаймыз: η=33%.

Кн = 1,14 жарықтың теңсіздік коэффициенті.

Шамшырақтың санын есептейміз:

N = (Eкер ∙ S ∙ Kн ∙ k)/ (Фn ∙ η ∙ n) , (3.6)

мұндағы n – шамшырақтағы шырақ саны, n = 2,

N = (200∙48∙1.14∙1.4)/(4240∙0.33∙2) = 16460/2804 = 6.

Жауабы: барлығы 6 дана шамшырақ керек.

Күндізгі жарықтың қарқындылығын сипаттау үшін жасанды жарық қабылданған. Жасанды жарық бөлмелерді электр жарық көзі арқылы жарықтандырады. Цехтық бөлмелер жалпы электр жарығымен қамтамасыз етілген, себебі барлық бөлмелер төбесінен бірыңғай жарықталған. Жөндеу цехындағы жарықтану нормативті талаптарға сай болады.